Кәсіпорынның сапа аймағындағы басшылығының саясаты


Жүйенің міндетті құжаттарының ішіне кіретіндер



бет20/21
Дата01.05.2023
өлшемі91,57 Kb.
#88706
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Жүйенің міндетті құжаттарының ішіне кіретіндер:

    1. Сапа аймағындағы мақсат пен саясат туралы құжатталған арыз;

    2. Сапа жағынан басқару,

    3. Халықаралық ИСО 9001:2000 стандарты талап ететін, құжатталған процедуралар;

    4. Жобалаудың эффектілі болып шығуын, прпоцестердің жұмысын және тексерілуін қамтамасыз ететін ұйымдастыру үшін қажетті құжаттар;

    5. Процестердің сәйкестігін көрсететін жазбалар.

Кәсіпорынның СМЖ 4- деңгейдегі құжаттамаларының құрылымы 6-шы суретте көрсетілген.

Процедуралар:

  • құжаттарды басқару

  • жазуларды (записи) басқару

  • ішкі аудитті өткізу

  • сәйкес келмейтін өнімдерді басқару

  • түзету шаралары

  • ескерту шаралары

Процесстер, операциялар

Сапа бойынша жазулар

3-ші деңгей

Құжаттандырылған


процедуралар
Өндіріс
стандарттары

Сапаны жақсарту
бағдарламалары

4-ші деңгей
Сыртқы құжаттар:
ГОСТтар, СНжEлер, мемлекеттік заңи құжаттар

Сурет 1. Кәсіпорынның 4 - деңгейдегі құжаттамалар құрылымы


3.3.Сапа менеджменті жүйесін сертификаттау

Сапа менеджменті жүйесіне қойылатын талаптар ИСО 9000 ХС 1-8 тарауларында келтірілген. Егер сертификаттау мемлекеттік стандартқа сай жүргізілсе ИСО 9001 : 2001 ҚР СТ қолданады. Сапа жүйесінің сертификаттау кәсіпорындардың сапалы өнім шығаруына өз септігін тигізеді.


ИСО 9000 стандарттарына сәйкес сапа жүйесін сертификаттау шет елдерде кеңінен дамыған, ал Қазақстанда 2000 жылдан бастап қолға алуда.
Сапа жүйесін сертификаттау ерікті сертификаттау болып табылады, ол Мемлекеттік сертификация жүйесіне кіреді және мемлекеттік стандартпен 3.15.1 -98 ҚР СТ мемлекеттік стандартымен регламенттенеді.
Сапа жүйесін сертификаттауда ИСО 9001-2001 ҚР СТ «Сапа менеджментінің жүйелері. Негізгі ережелер және сөздік» мемлекеттік стандарты қолданылады.
ИСО 9001:2000 ұйымға мынаны жайттарға рұқсат етеді:

  • СМЖ құжаттау кезінде үлкен икемді болу;

  • Кең көлемде құжаттауды өндіру, ол жоспарлауды қажет ету керек, СМЖ үнемі дамыту керек.

ИСО 9001:2000 6 міндетті «documented procedures» талап етеді:

  • СМЖ жазбалармен және құжаттарды басқару

  • Сапаны тұрақтандыру

  • Ішкі аудит

  • Сәйкессіздігі бар өнімді басқару.

  • Істі қалыпқа келтіру

  • Алдын алу іс – шаралары

ИСО 9001 – 2000 ұйымнан «documents» («құжаттар») жұмыстың тиімділігін және бақылау жүйесін қамтамасыз етеді. ИСО 9001: 2000 сәйкес, мынадай құжаттарды талап етеді:

  • Басшының міндеті. Сапа жөніндегі мақсаттар және саясат.

  • Сапа жөніндегі басшы

  • Құжаттанған жүйелер (міндеті)

  • Сапа жөніндегі тіркеу жазбалар

Жүйелік әдіс менеджмент жүйесіне саясат пен ұйымның мақсаттарын, мынадай индикаторлармен байланыстырады:

  • акционерлер мен инвесторларға маңызы бар қаржылық көрсеткіштер.

  • Тұтынушылардың қанағаттану көрсеткіштері.

  • Ішкі бизнес – жүйесінің көрсеткіштері

  • Қызметкерлердің және ұйымның өсу деңгейі мен қызметкерлердің қанағаттану көрсеткіштері

Сапа жүйесін сертификаттаудан өтетін кәсіпорын, сертификация жөніндегі аккредиттелген органға ұсыныс беруі керек. Бұл ұсыныспен бірге сапа жұйесін алдын ала бағалауға арналған сұрақтық анкета, сапа бойынша нұсқаулық және өнім сапасына байланысты ақпараттық мәліметтер беріледі.
Сертификация жүргізудің бірінші этапы бойынша шешім шығарылады. Бұл шешімде кәсіпорынның дайындығы және екінші этапты өткізу немесе өткізбеу жайында баяндалады.
Бірінші этаптың шешімі бойынша екінші этапты өткізу мерзімін таңдайды.
Екінші этап негізінен сапаны басқару жөніндегі кәсіпорынның жағдайын толық тексеру болып табылады. Тексеру негізінен құжаттарды қадағалау, тексеру, тексерілетін аймақтарды қадағалаудан тұрады. Талаптарға сәйкес келмейтін фактілер протоколдарда немесе тексеру парақтарында жазылуы тиіс.
СМЖ тексеру нәтижесінде төмендегідей қорытындылар шығарылуы мүмкін:

  • жүйе толықтай барлық қабылданған талаптарға сай;

  • жүйе негізінен талаптарға сай, бірақ, кейбір стандарттан ауытқушылықтар байқалады;

  • жүйе талаптарға сай келмейді.

Сапа жүйесін аудиттеу талаптары ИСО 19011 стандартында бекітілген.
Кесте 2
Сапа жүйесін сертификаттау бойынша жұмыстар мазмұны мен
этаптары



Жұмыс құрамы

Орындаушы

1.Сапа жүйесін алдын ала тексеру және бағалау этапы

    1. Сапа жүйесі мен оның құжаттарын сертификаттауға дайындау

    2. Сапа жүйесін сертификаттауға ұсыныс беру

    3. Сапа жүйесін алдын ала тексеру және бағалау

    4. Тексеруге арналған келісім шарт жасасу

Өндіріс орны
Өндіріс орны

Сертификаттау жөніндегі орган


Өндіріс орны, сертификаттау жөніндегі орган





2. Сапа жүйесін қорытынды тексеру және бағалау этапы

2.1 Сапа жүйесі мен оның құжаттарын қорытынды тексеріске дайындау
2.2 Сапа жүйесін қорытынды тексеруге арналған бағдарлама құру
2.3 Сапа жүйесін тексеру үшін алдын ала жиналыс жүргізу
2.4 Сапа жүйесіне тексеріс жүргізу
2.5 Тексеріс нәтижесі бойынша қорытынды жиналысқа арналған мәліметтерді дайындау
2.6 Қорытынды жиналыс өткізу
2.7 Сапа жүйесін тексерудің есебін құру және оны кәсіпорынға жіберу
2.8 Сәйкестік сертификатын дайындау, тіркеу және беру
2.9 Сапа жүйесін сертификаттаудың инспекциялық қадағалауы

Сертификаттау жөніндегі орган
Өндіріс орны, сертификаттау жөніндегі орган
Сертификаттау жөніндегі орган, өндіріс орны
Сертификаттау жөніндегі орган
Сертификаттау жөніндегі орган, өндіріс орны

Сертификаттау жөніндегі орган


Сертификаттау жөніндегі орган

Сертификаттау жөніндегі орган






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет