Мазмұны Кіріспе...............................................................................................................4
1. Кәсіпорын туралы жалпы мәлімет...............................................................6
1.1 Кәсіпорынның сапа аймағындағы басшылығының саясаты...................6
1.2 Шикізатты қабылдау және сақтау..............................................................8
1.3 Өнімдер және оның түрлері.....................................................................9
2.Өндіріс жағдайын талдау.............................................................................10
2.1 Кәсіпорын өнімдерінің сәйкессіздігінің себеп-салдарын талдау.............. 10
2.2 Макарон өндірудің негізгі процесстері мен технологиясы......................10
2.3 Дайын өнімдерді сорттау, қораптау және сақтау......................................20
2.4 Өнімдердің сапа деңгейін бағалау ..........................................................22
2.5 Өнімдерге қойылатын талаптар....................................................................24
2.6 Өнімдерің сапасына баға беру...................................................................29
3. Сапа менеджменті жүйесін енгізу және сертификаттау
3.1 Сапа менеджменті жүйесін енгізу кезеңдері..................................................33
3.2 СМЖ құжаттарының құрылымы.....................................................................34
3.3.Сапа менеджменті жүйесін сертификаттау...................................................36
Қорытынды........................................................................................................39
Қолданылған әдебиеттер тізімі..........................................................................40
Кіріспе
Тамақ өнеркәсібі – 22 жеке салалары бар халық шаруашылығының бір бөлігі. Ұйымдастыру әкімшілік сипатына байланысты тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындары үш топқа бөлінеді: ет және сүт өндірісі; балық өнеркәсібі; өсімдік шикізаттарын өңдейтін өнеркәсіп.
Тамақ өнеркәсібін дамыту келесі бағыттарда жүргізілуде: өндірістерді топтастыру, өндірісті механикаландыру және автоматтандыру, еңбек өнімділігін арттыру және тамақ өнімдерінің сапасын арттыру.
Ал макарон өндірісінің даму деңгейі келесі шарттарға байланысты:
макарон өнімдерінің сапасын арттыру және ассортиментін көбейту;
- қол еңбегін жою және өндірісті механикаландыру мен автоматтандыру арқылы еңбек өнімділігін арттыру.
Осы мәселелерді шешу үшін өндіріс қуатын арттырып, ескірген қондырғыларды жаңа автоматтандырылған желілермен алмастыру қажет. Жаңа макарон фабрикаларын өндіріс мүлде жоқ немесе дамымаған аймақтарда салу керек.
Макарон өнімдері ұн мен судан иленген қамырды пресстеу арқылы алынған, 13%-ке дейін кептірілген дүмбіл болып табылады. Кейбір жағдайда макарон қамырына қосымша шикізат ретінде жұмыртқа, сүт және томат өнімдері қосылады. Макарон өнімдерінің негізгі артықшылығы:
- ұзақ уақыт (1 жылдан көп ) сақтауға бейімділігі:
- жылдам және жеңіл пісуі (өнім түріне байланысты 3-20 минут );
- тағамдық құндылығы жоғары (100г құрғақ өнімнен дайындалған тамақ адамға тәулігіне қажетті ақуыздар мен көмірсулар мөлшерінің 10% -ін қамтамасыз етеді);
- макарон өнімдерінің тағамдық заттары, яғни ақуыз бен көмірсулар жақсы қорытылады.
Қазіргі кезде өнеркәсіп жоғарғы және бірінші сортмакарон өнімдері жоғарғы сорт макарон ұнынан, ал 1 сорт өнімдер 1 сортты макарон ұнынан және 1 сорт наубайханалық ұннан өндіріледі.
Формасына байланысты макарон өнімдері төрт түрге бөлінеді:
түтікше тәріздес ( макарон), жіп тәріздес (вермишель), лента тәріздес (кеспе), әшекейлі өнімдер.
Түтікше тәріздес өнімдергу макарондар, рожки, құс қауырсындары (перья) жатады; диаметрі бойынша түтікше, айрықша кәдімгі және сүйкімді болып бөлінеді.
Вермишель паутинка, жіңішке, кәдімгі және сүйкімді болып бөлінеді және ұзын, қысқа,
орама өнімдер болып келеді.
Кеспе жіңішке және жалпақ болады. Кеспе де, вермишель сияқты қысқа, ұзын, орама өнімдерге бөлінеді.
Әшекейлі макарон өнімдеріне ракушки, улиткалар, кольцолар, жұлдызшалар, алфавит,
дәндер, т.б. жатады.
Өндіру процесі мен қолданылатын жабдықтарға байланысты макарон өнімдері ұзын, қысқа және орама өнімдерге бөлінеді. Бұл өнімдер арнайы автоматты ағымды желілерде шығарылады.
Италияда өндірілетін макарон өнімдерінің 50%- ін ұзын, 46% -ін қысқа және штампталған, ал 4% -ін орама өнімдер құрайды. Мысалы, дүние жүзіндегі ең үлкен «Барилло» макарон фабрикасы (Парма қаласында, өнімділігі-тәулігіне 420 тонна) 43% ұзын 40% қысқа және штампталған, 17% орама өнімдер шығарады. Осы қалада орналасқан «Брайбанти» фабрикасы (тәулігіне 50т) 35 % ұзын, 30% қысқа, 28 % штампталған , 7% орама өнімдер шығарады.
Орама макарон өнімдерін шығару үшін арнайы жабдықтар қажет және оларды қолмен қораптау керек. Сол себептен орама өнімдерді ассортименттен алып тастап, жаңадан соғылатын фабрикаларда екі түрлі автоматты желілер қоюға болады.
Ұзын және қысқа өнімдер қатынасы 1:2 немесе 1:3 болған жөн. Қазіргі кезде рожки, құс қауырсындар және әшекейлі өнімдер жалпы макарон өнімдерінің 25% -ін құрайды.
Макарон өнімдерінің кеспе түрі Азия елдерінде ертеден белгілі болған. Орта ғасырда неопалитан саудагерлері макарон өнімдерін Азиядан Италияға әкеліп, одан батыс Куропа елдеріне тарады.
ХVIII ғасырда Италияда, Францияда макарон өнімдері өндірісте шығарыла бастады. Ең бірінші макарон фабрикасы механикалық пресстермен XIX ғасырдың 60 жылдары Италияда салынды. Қазіргі кезде ең көп макарон өнімдері Италияда шығарылады.
Көптеген құрал саймандар мен жабдықтар Италияда («Брайбанти» және «Паван» фирмалары,) Францияда («Бассано» фирмасы), Швейцарияда («Бюлер» фирмасы) шығарылады.
Қазақстан үшін макарон өнімдерін шығару жаңа сала. Ол, тарихи жағдайларға байланысты, тәуелсіз мемлекеттер достығында (ТМД) бұл саланың өркендеуімен бірге қалыптасқан. Қазіргі кезде Қазақстанда негізгі екі макарон фабрикасы жұмыс істейді: Петропавл қаласында «Сұлтан», Шымкент қаласында – «Корона». Олардың әрқайсысының өндірістік қуаты тәулігіне 24 тонна.
Макарон өнімдерінің сапасы жоғары болу үшін өндірісті технологиялық бақылау жүйесінің жоғары деңгейде ұйымдастырылуының маңызы зор. Сондықтан, «Кукси» макарон өнімінің өндірісті технохимиялық бақылау жүйесін жетілдіру мәселесі қарастырылған.