КІРІСПЕ.
Кәсіпшіліктен алынатын табиғи газда бөтен кірмелер – қатты бөлшектер
(құм, отқабыршақтар), ауыр көмірсутектердің конденсаттары, су булары, күкіртсутек және көмір қышқыл газы болады.
Газда қатты бөлшектердің болуы газбен жанасатын компрессорлардың бөлшектерінің жылдам істен шығуына әкеп соғады. Қатты бөлшектер газ құбырларының арқауын және бақылау-өлшеу аспаптарын бітейді және құрта-ды; олар газ құбырдың төмен тұрған учаскелеріне жинақталып, олардың көл-денең қимасын тарылтады.
Сұйық қоспалар, құбырлардың төмен жатқан жерлеріне шөгіп, олардың да көлденең қимасын тарылтады. Оған қоса, олар құбырға, арқауға, аспап-тарға коррозиялық әсер етеді. Ылғал белгілі бір мөлшерде гидраттардың тү-зілуіне әкеледі, олар газ құбырда қатты кристалдар түрінде шөгеді.
Гидратттық тығындар құбырды толық тығындап, бітеп тастауы мүмкін.
Күкіртсутек – зиянды кірме. Ауаның бір литрінде 0,01 мг-нан көп мөлшерде болса, ол улы болады. Ылғал қатысында күкіртсутек металдардың күшті коррозиясын тудырады.
Көмір қышқыл газдың зияндылығы сол, ол газдың жылу бергіш қабілеттілігін төмендетеді және балласты қоспа болып табылады.
Магистральдық газ құбырға түспес бұрын, газ құрғатылуы және зиянды қоспалардан тазартылуы қажет.Газды тасымалдауға дайындау газ құбырдың басты құрылымдарында орналасқан арнайы қондырғыларда, ал қатты қоспалардан тазарту газ құбырдың барлық компрессорлық станцияларында (КС) жүргізіледі.
Ілеспе газдарды мұнайдан бөлу. Мұнаймен бірге өндірілетін ілеспе газды мұнайдан айыру қажет және тұтынушыларға бағыттау керек. Бөлу траптар (сепараторлар, айырғыштар) деп аталынатын арнайы қондырғыларда жүргізі-леді. (3-сурет). Бөлу үдерісін екі кезеңмен жүргізеді: мұнай мен газды бөлу; газды мұнайдың шаңтозаңынан тазарту. Траптың төрт секциясы болады: сепарациялық І, босату ІІ, шөктіру ІІІ, тұндыру ІV Сепарациялық секция сұйықтық пен газды бөлуге арналған. Кіретін келте құбыр (1) тангенциалды орналасқан. Орталықтан тепкіш күш сұйықтықтың көп мөлшерінің газдан бөлінуіне мәжбүр етеді. Шөктіру секциясында көтеріліп келе жатқан газ ағынынан мұнай тозаңдары шөгеді. Босату секция-сында инерция күшінің әсерінен газ мұнай тозаңдарынан түпкілікті тазарады. Бұл секцияда газ ағынынан сұйықтықтың ұсақ тамшылары (10 мкм аз) газ траптан шықпас бұрын бөлініп алынады. Тұндыру секциясында газдан барлық үш секцияда бөлінген сұйықтықты жинайды. Тұндырғыш сұйықтықты өлшейтін және сұйықтық деңгейін тұрақты етіп ұстап тұратын қондырғымен жабдықталған. Барлық секциялар тұндырғышпен құрғатқыш, дренаждық құбырлар арқылы байланысады, ол арқылы мұнай жүргенде, көтеріліп келе жатқан газ ағынына жанаспай, тұндырғышқа ағады.
Сепараторлар тік, көлденең және шар тәріздес болады. Тік сепараторлар-ды ұңғымадан шыққан ағында құм және лас заттар болғанда (оларды тазарту оңай) қолданған тиімді. Әдетте, тік сепараторлар жиі қолданылады
ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМ
1.1 Табиғи газды тасымалдау
Магистралдық газ құбырынан газды өңдірген жерінен газ таратушы стансиялары, қалаларға және өнеркасіп орындарында тасымалдайтын құбырлар тартылады.
Қазіргі кезде магистралдық газ құбырлары 7,5МПа қысымда газ өткізу қабілеті 15-25 млн/жыл диаметрі 1200 және 1400мм. болып келетін етіп салады. Магистралдық газ құбырлары мұнай құбырларына көп жағынан ұқсас, құбырлары, айдайтын стасиялары және телефон байланысы сияқты негізгі элементтерінен тұрады.
Дегенмен газдың меншікті көлемі жағынан ұлкен, не айдау кезіндегі қысымның әсері бұл көлемнің өзгеріп тұруы сияқты газ құбырларының ерекшеліктері де болады. Бұл ерекшелікке айдайтын газдың салмағы мұнай өнімімен бірдей болғанда, газ құбырының диаметрі мұнай құбырына қарағанда үлкенірек болады. Екінші бір ерекшелігі – құбырдың бүкіл тартылу жолында диаметрі болып келгенмен, соңғы стансиялар арасындағы құбырдың қысымын әжептәуір жоғары дәрежеде ұстап отырудың қажеттілігі туады
Магистралдық газ құбырының тағы бір ерекшелігіне құбыр ішінде гидраттық тығындардың пайда болып қалмауына қарсы және газдың өрт қаупінің жоғарылығына қарсы шаралар қолдану жатады. Соныңда, ең басты ерекшелігі газдың құбырмен үздіксіз жүріп тұруына қойылатын талапты күшейту жатады, себебі әрбір ұзін үзіліс тұтынушыларды газбен қамтамасыз ету тәртібін бұзады және газ өңдіруді тоқтатады.
Газ құбырларға жіберілместен бұрын тасымалдауды қиындататын немесе қылығымен қауып тудыратын қоспалардан тазартылады.
Газ өнеркәсібі жұмысының өзіне тән ерекшелігі тұтынушылардың газды бірқалыпты пайдаланбауында. Қалаларда, ауылдардың, өндіріс орталықтарының, элетростансиялардың газды ең көп қажет ететін мезгілі – қыс, ең аз қажет ететін мезгілі – жаз. Сондай –ақ тәуліктік ауытқу байкалады, күндізгі сағаттарда газдың тұтынуы түнге қарағанда көбірек. Одан басқа, электростансиялардағы пештер ремонтқа қойылғанда, газ жүмсалуы азаяды. Ірі тұтынушыларға газбен үздіксіз қамтамасыз етіп отыру үшін, олардың жанына буферлік қоймалар орнатады. Газ аз жұмсалған кезде, бұл қоймаларда газ жиналып, керегінде алып отырады.
Газды сақтау үшін мынадай газголдердің түрі қолданылады:
цилиндрлік (тік және көлденен) немесе сфералық газголдерлер, олар тұрақты көлемді және ауыспалы қысымды келеді;
ауыспалы көлемді және тұрақты қысымды газголдерлер; табиғи жерасты қоймалары.
1.2 Газ құбырларының бөлінуі механизімі.
Газды тұтынушыларға құбырлармен тасымалдайды. Газдың қалаларға дейінгі тасымалдау шарттары көрсетілген. Газ скважиналардан (СК) іріктеу орындарына (I0) келеді. Сол жерде қатты, сұйық қоспалардан тазартылған газ құбырлармен өндірістік
газ тарату станцияларына жеткізіледі. Мұнда газды қайта тазартып, иістендіреді және қажетінше қысымын төмендетеді.
СК-скважиналар; іріктеу орындары; ӘҚ-өндірістік құбырлар; ӨГТС-өндірістік газ тарату станциялары; МҚ-магистральды құбырлар; ҚКС-қосалқы компрессорлы станциялар; АТ-ажыратқыш тетіктер; ГТС-газ тарату станциялары; ЖҚ – жер асты қоймалары; ҚТ-қосалқы тұтынушылар.
Достарыңызбен бөлісу: |