Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
Кәсіптік бейімдеп оқыту әдістемесі
(12 жылдық мектеп)
Әдістемелік құрал
Астана
2013
2
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен
баспаға ұсынылды (2013 жылғы 15 сәуірдегі № 2 хаттама).
Кәсіптік бейімдеп оқыту әдістемесі (12 жылдық мектеп). Әдістемелік құрал.
– Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2012. – 81 б.
Кәсіптік бейімдеп оқыту әдістемесі (12 жылдық мектеп)
ә
дістемелік
құралда 12 жылдық білім беру жүйесінде бейіндеп оқытудың мәні мен кәсіпке
бейіндеу жұмысының сабақтастығы, «мектеп - колледж - ЖОО» жүйесі бойынша
жоғары сынып оқушыларын кәсіби-бейіндеп оқытудағы білім мазмұнының
сабақтастық
моделі,
білім мазмұнының
сабақтастығын
қамтамасыз ету
технологиялары мен дидактикалық шарттары қамтылған
.
Әдістемелік құрал 12 жылдық
білім беру мектептерінің басшыларына,
әдіскерлерге, мұғалімдерге, жалпы білім беру саласының мамандарына
арналған.
© Ы.Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім академиясы, 2013
3
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі
білім беруді дамыту тұжырымдамасы жас ұрпаққа білім беру ісінде оның жеке-
даралық ерекшеліктеріне мейілінше мән беріле отырып, бейіндік оқыту жүйесін
іске асырудың стратегиялық бағыты болып табылады.
Стратегиялық бағыт ретінде анықталғандай 12 жылдық жалпы орта білім
беру стандарты мен оқу бағдарламалары «білім беру мазмұнын кәсібилендіру
және кіріктіру мен саралану негізінде әзірленетін болады». Оқушыларға
«дараланған білім беру бағдарламаларын таңдауға мүмкіндік беріледі.
Шығармашылық қызмет пен жеке қабілетінің дамуына ерекше орын беріледі.
Жинақталған білімді тауып алу өздігінен және шығармашылықпен қолдана білуге
ұмтылу, әлем, қоғам және адам туралы жүйеленген ұғымдарды кеңейтіп,
тереңдетіп игеруге көшу қамтамасыз етіледі».
Бейіндік оқыту
–
12 жылдық
білім беру жүйесінде оқушылардың
функционалдық қызметінің басым бағыты оқушылардың тереңдетілген кәсіптік
білім беруге даярлығын жүзеге асыру үшін бағдарланған оқытуды енгізу болып
табылады.
Бейіндік оқыту арнаулы бейімділігі мен қызығушылығын, танымдық қабілетін
ескеруге бағытталған білім беру процесінің құрылымы мен мазмұнын
ұйымдастыру түрі, жоғары сыныптағылардың оқуын даралау мен саралап
жіктеудің педагогикалық жүйесі.
Қазақстандағы бейіндік оқыту жүйесінің дамуы:
16-18 жастағы азаматтардың білімділік деңгейін, олардың қабілеті мен
қызығушылығын ескере отырып бәсекеге қабілеттілігін көтеру мақсатында
мүмкіндіктерді кеңейтуге;
жоғары сыныптағылардың мектептен кейінгі
өмірлік жолды таңдауға
бейімделудің негіздерін жасау, олардың кәсіптік мақсаттарын іске асыруға;
еңбек нарығын кәсіби техникалық кадрлармен қамтамасыз ету мәселесін
шешуге бағытталған.
Қазақстанда 12 жылдық білім беру жүйесіндегі бейіндік оқытуды жүзеге
асыру келесі факторларға байланысты:
– 2015 жылы білім беру жүйесінің 12 жылдық оқу моделіне жалпылай
көшуіне;
– 12 жылдық білім беру жүйесінің нормативтік, материалдық- техникалық
базасының даярлығына;
– бейіндік
оқытуда
«мектеп
–
колледж
–
ЖОО»
жүйесінің
сабақтағын
қамтамасыз ететін техникалық, кәсіптік және жоғарғы білім беру жүйесінің 12
жылдыққа сәйкес дамуымен байланысында.
Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерді талдау барысында зерделенген
маңызды мәселелер: оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзекті бағыттары
А.Е.Әбілқасымова, Р.А.Жанабаева, С.С.Смаилов, М.Н.Сарыбеков, О.С.Сәлімбаев,
Е.Омар, Қ.А.Аймағамбетов, Л.К.Керимов т.б., болашақ мамандарды дайындаудың
теориясы мен практикасы Б.К.Момынбаев, А.А.Саипов, М.Ә.Құдайқұлов,
Қ.Қ.Жанпейісова,
А.А.Бейсенбаева,
А.А.Жолдасбеков,
О.С.Сыздықов,
4
Б.А.Тойлыбаев, А.Ғ.Қазмағамбетов, Т.М.Әлсатов, Л.Байсерке, В.А.Ким т.б.,
мұғалімдердің
біліктілігін
көтерудің
жаңашылдығы
Ш.Таубаева,
Б.А.Тұрғынбаева, Б.А.Әлмұхамбетов, Е.Қозыбаев, Ә.К.Қағазбаева т.б., жеке
тұлғаның креативтілік қабілетін дамыту және көркем өнер шығармашылығын
жетілдірудің бағыттары Б.Оспанова, Қ.Ералин, І.С.Сманов т.б зерттеулерінің
маңыздылығы жоғары В.А.Сухомлинский, В.С.Татьяченко, С.Е.Хозе, Е.А.Ямбург,
Т.Линчевская,
Д.Р.Пірімбетова,
Ш.Қ.Әмір,
Б.Т.Кенжебеков
және
т.б.
қарастырылады.
Оның ішінде бастауыш кәсіби және технологиялық білім беру мазмұны мен
білім беру сабақтастығы К.Ө.Өстеміров, К.Р.Исаева, Л.Г.Дирксен, Ұ.Б.Төлешова,
Т.П.Досанова, М.А.Кененбаева, С.Смайлов. т.б. айналысты.
Жоғарыда аталған зерттеу жұмыстарының педагогика ғылымы үшін маңызы
ерекше.
Дейтұрғанмен,
зерттеу бағытында келесі
қарама-
қайшылықтарды
байқауға болады: 12 жылдық оқу жүйесіне көшудегі қоғам талаптары мен бұл
мәселенің шешілу жағдайы арасында; 12 жылдық оқу жүйесіндегі бейіндік
оқытуды ендіру мүмкіндіктері мен бұл салада арнайы ғылыми-әдістемелік
зерттеулердің аз жүргізілуі арасындағы қарама-қайшылықтар бізге зерттеу
проблемасын анықтап, әдістемелік құралымыздың тақырыбын «Кәсіптік бейімдеп
оқыту әдістемесі» (12 жылдық мектеп) деп атаумызға себеп болды.
Әдістемелік құралды жазу мақсаты: 12 жылдық мектептің жоғары
сыныбында оқушыларды кәсіби - бейіндеп оқыту
әдістемесін негіздеу және
зерттеу
.
Міндеттері:
– теориялық тұжырымдамалар мен педагогикалық тәжірибені талдай
отырып, 12 жылдық білім беру жүйесінде оқушыларды кәсіптік бейіндеп
оқытудың теориялық негіздерінің мәнін анықтау және сипаттау;
– 12 жылдық білім беру жүйесінде оқушыларды бейіндеп оқытудың кәсіпке
бейіндеу жұмысымен байланысын анықтау;
– «мектеп
–
колледж
–
ЖОО» жүйесі бойынша жоғары сынып оқушыларын
кәсіби-бейіндеп оқытудағы білім мазмұнының сабақтастық моделін жасау;
– бейіндік оқыту пәнін модельдеу негізіндегі кәсіби- бейіндеп оқыту білім
мазмұның сабақтастығын қамтамасыз ету технологияларын анықтау;
– «мектеп
–
колледж
–
ЖОО»
жүйесінде
бейіндік-бағыттық
оқытуды
сабақтастырудың
(гуманитарлық,
жаратылыстану
пәндері
бойынша)
дидактикалық шарттары, көркемдік модельдеу заңдылықтарын анықтау;
– бейіналды сынып оқушыларының кәсіпке бейін анықтау экспериментінің
қорытындысын ұсыну.
Әдістемелік құрал кіріспеден, 6 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
5
1 Мектепте кәсіптік-бағдарлы оқытудың теориялық ережелері
Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына
ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған елдердің
қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім, ол үшін бізге экономикалық
және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру
жүйесі қажет», – деп білім беру жүйесін жетілдіру мәселесін 2012 жылғы 14
желтоқсандағы «Қазақстан - 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа
саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсетті.
Мұның өзі білім беру жүйесінің алдында үлкен міндеттер тұрғандығын
білдіреді.
12 жылдық білім берудің әдіснамалық
негіздеріне орай, мектепте білім
берудің мазмұндық жағын жаңартудың аса маңызды келесі бағыттарын атап
өту керек. Мектептегі білім берудің мазмұны қазіргі қоғам қызметінің серпінді
құрылымымен сәйкес келтіру үшін оқушылардың өз бетінше білім алуына және
оны іс-әрекеттерінде қолдануға, әрі оқытудың әр түрлі саласында өз
мүмкіндіктерін тануға және жақсы қасиеттерін ашуға тәрбиелеуді мақсат
етіледі.
Оқу үрдісі әрбір жас кезеңіне байланысты негізгі психологиялық мінез-
құлықтарды қалыптастыруға бағыттау көздейді.
Сонымен қоса оқушылар дүниетанымы дамуының ғылыми тәсілдерін
мақсатты және жүйелі түрде жүргізуді жолға қоюды міндеттейді.
Қазіргі мектептің білім мазмұнын ізгілендіру мен даралауға айқын бет
бұру мынадай міндеттерді жүктейді:
1. Оқушының жеке тұлға ретінде және іс-әрекет субъектісі ретінде
мақсатты, тұрақты және дәйекті дамуына жағдай жасау.
2. Оқушылардың белгілі бір білімді таңдауы мен меңгеруін, олардың оқу
үрдісі кезінде таңдау мүмкіндіктері мен құқықтарын қамтамасыз ету.
3.
Оқу-тәрбие
үрдісінде
ынтымақтастық
педагогикасының
ізгі
қатынастарын орнықтыру.
4. Білім мазмұнын барынша ізгілендіруді қамтамасыз ету.
5. Психологиялық білім берудің бастапқы негіздерін қалыптастыру.
6. Білім мазмұнының инварианттық және вариативтік компоненттерінің
арасындағы
гуманитарлық
және
жаратылыстану-ғылыми
білімдердің
диалектикалық бірлігін қамтамасыз ету.
7. Апталық оқу жүктемесін тұрақтандыру.
Қазақстандағы білім беру жүйесіне түбегейлі реформа жасауға себеп болған
жаңа 12 жылдық білім беру жүйесі. Бұл жүйені жүзеге асырудың негізі
–
Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі
Тұжырымдамасы болғандықтан, 12 жылдық білім беру жүйесінің теориялық
негіздерін талдау барысында бейінді оқыту ұғымының мәнін ашу керек.
Бейінді оқыту дегеніміз – оқушылардың қызығушылық бағытының,
қабілетінің дамуына жағдай жасайтын және олардың келешекте игеруі тиісті
кәсібіне бейімделуді қамтамасыз ететін оқыту.
6
Бейінді немесе бағдарлы оқыту тек қана мектептің жоғарғы сатысында
жүзеге асады. Негізгі орта білім беру сатысында (5-10-сыныптарда) бейіналды
жұмыстары жүргізіледі.
Бұл жерде туындайтын бірінші мәселе «мектептің жоғарғы сатысында
оқушыны қандай кәсіпке икемдеп, бейімге бағдарлауға болады?» деген сұрақ
болып отыр. Бұдан бейімді-бағдарлы оқытудың жетістігі неде деген сұрақтар
туындайды.
Қазіргі кезде 11 жылдық жалпы орта білім беретін мектептің жоғарғы
сатысында 20-ға жуық пән оқытылады және олардың барлығының мәртебесі
бірдей. Демек, бұлардың бәрінен де бағдарлама деңгейінде білім беріліп, білім,
білік дағдылары игерілуі тиісті. Ол деген сөз оқушыға бірнеше салада білім
негізі беріледі, ал оқушылар игерілген білім негіздерінің бірде- бір саласынан
терең білім меңгеруге мүмкіндігі болмайды. Қазіргі кезде әлемде білім беру
мәселесін даму процесінің негізгі ерекшеліктерінің бірі - ол білімнің тез
өзгеруі, өмір сүру үшін қажетті мәліметтер ағыны жоғарғы қарқынымен көбеюі
(кейбір дерек көздері бойынша адамға қажетті білім мөлшері екі жылда, ал
кейбір деректерге сүйенсек он сегіз айда екі еселенуде) ақпараттың барлығын
игеру адам үшін мүмкін емес, сондықтан адамға тек қажетті білім мөлшері
беріліп, сол білімді іс – әрекетте қолдана білу керектігін әлемдік тәжірибе
дәлелдеп отыр. Ал 12 жылдық білім беру жүйесі жеткіншек ұрпаққа
энциклопедиялық
білімге
оқытудан
кетіп,
оқушы
қабілеті
мен
қызығушылығына қарай бір салада терең білім меңгертуді ұсынады .
Қазіргі кезеңдегі 12 жылдық оқытудың жаңа парадигмасы (нобайы) 11
жылдық білім берудің «білімдік парадигмасын» ысырып, жүйелі – іс-әрекеттік
(құзіреттілік) парадигмаға ауысуда (1-сурет).
1-сурет – Білімдік парадигманың жүйелі – іс-әрекеттік (құзіреттілікке)
парадигмаға ауысу моделі
І с - ј р е к е т т і к
к о м п о н е н т
1 1 - ж ы
л д ы
ќб і л ім б е р у
ж ї й е с і
1 2 - ж ы л д ы
ќб і л ім б е р у
ж ї й е с і
І с - ј р е к е т т і к
к о м п о н е н т
Б і л і м д і к п а р а д и г м а н ы
ѕ
ж ї й е л і- і с - ј р е к е тт і к
(ќ ў з і р е т ті л і кк е
) п а р а д и гм а єаа у ы
с уы
7
Ал 12 жылдық оқыту жүйесі оқытуды іс-әрекетте қолдана білуді көздейді.
Сонымен қоса мектеп оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптарға
үлкен өзгерістер енгізілді. Әр пән «білуі керек», «меңгеруі керек» пен қоса
«қолдануы
керек»
білім
негіздерінен,
қалыптасуы
тиіс
пәндік
құзіреттіліктерден тұрады.
Сондықтан, мемлекетіміздің білім беру жаңа саясатындағы 12 жылдық
мектептің бейіналды білім деңгейінде оқушылар өз қабілеттері мен бейіні
арқылы болашақ мамандық бағытын саналы түрде таңдап алуы басты шарт
болып табылады.
Сонымен, бейіндік оқыту - кәсіптік білім беру бағдарламаларын игеруге
даярлау, олардың кәсіптік бағдарлары үшін жағдай жасау, оқушылардың
арнаулы бейімділігі мен қызығушылығын, танымдық қабілетін ескеруге
бағытталған білім беру процесінің құрылымы мен мазмұнын ұйымдастыру түрі,
жоғары сынып оқушыларының оқуын даралау мен саралау, жіктеудің
педагогикалық жүйесі деген анықтама беріледі.
Осыған орай бейіндік оқытуды ұйымдастыру үшін келесі шарттардың
орындалуы керек:
1.
Оқушылардың
әлеуметтену
мүмкіндігін
кеңейтіп,
Қазақстан
азаматтарының сындарлы ролі ретінде базалық құзыреттер түріндегі білім беру
жүйесінің ұлттық мақсаттарына жетуге мүмкіндік туғызу.
2. Жалпы орта білім беру жеке оқу жоспарларын жобалау мен іске асыру
мүмкіндігін, 11-12 сынып оқушыларының білім беру мазмұнын саралап жіктеу
үшін нормативттік және ұйымдастырушылық педагогикалық жағдайлар жасау.
3. Оқушылардың сапалы білімге қол жеткізуін, олардың қабілеті мен
қызығушылығын, танымдық және өмірлік қажеттіліктеріне, бейімділіктеріне
сәйкес қамтамасыз ету.
4. Жоғары кәсіби және орта білім деңгейінің сабақтастығын қамтамасыз
ету.
Егер осы шарттар орындалса, онда бейіндік оқыту келесі мақсаттарға
жетеді:
1. Білім алушылардың тұлғалық және кәсіби қалыптасуын ерте анықтау
және болашағын жоспарлау.
2. Жоба жасаушылық пен зерттеушілік әрекетіндегі құзіреттілігін дамыту.
3. Таңдау бейіні бойынша ЖОО оқуды жалғастыру үшін жағдай жасау.
4. Инновациялық ой-өрісін кеңейту және өз бетінше креативтілікпен
іздену дағдыларын қалыптастыру.
5. Қазіргі заманғы өндіріс пен иновациялық технологиялар негізінде
кәсіби-бағдарлы оқытуды жүзеге асыру болып табылады (2-сурет).
8
2-сурет – Бейіндік оқытудың мақсаты
Білім берудің тұлғаға бағдарланған оқытудың парадигмасын іске асыру
бейіндік оқытуды ұйымдастыру ережесіне байланысты. Бейіндік оқытуды
ұйымдастырудың басқарушы ережелері төмендегідей:
1. Қазақстан Республикасының
жалпы орта білім беру деңгейінің
Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты жалпы орта білім берудің
жаратылыстану-математикалық,
қоғамдық-гуманитарлық
бейіндік
оқыту
бағыттарын анықтайды.
2. Білім беру мазмұны мен оқыту процесі түйінді және пәндік құзіреттер
жүйесіне жету қажеттігін ескере құрылады.
3. Ұйымдастырылатын бейіндік оқыту моделі оқу орнының білім беру
процесін ұйымдастырудағы мүмкіндіктеріне сәйкестендіріліп, оқытуды саралап
жіктеумен қамтамасыз етуде сыртқы серіктестіктерді қатыстыру мен аймақтың
күш-қуатын ескереді.
Бейіндік оқыту бағдарламасын жүзеге асыруда, оның ішінде үш бағыты
ескеріліп, оқу орындарының түрлері анықталады :
– республикада бейіндік оқыту тәжірибесі қалыптасқан жалпы білім
беретін мекемелердің тәжірибесіне сүйену қажет;
– Қазақстандағы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің дамуы мен
орта буынның білікті мамандарын даярлауға әлеуметтік тапсырысты орындау
керек;
– негізгі білім беру бағдарламалары бойынша үлгермеген оқушылар үшін
жоғары сатыдағы бағдарламаларды игеру
білім берудің
Халықаралық
стандартының (1997 ж.) ережесімен келістіруді көздейді.
12 жылдық оқыту жүйесіндегі бейінді оқыту- жалпы орта білім берудің 11-
12 сыныптарын қамтиды. Оқыту ұзақтығы - 2 жыл.
Жалпы орта білім берудің соңғы кезеңі болып табылатын үшінші сатының
негізгі міндеті - оқытудың саралануы мен даралануы бағдарланған жалпы орта
білім беру, оқушылардың болашақ кәсіби қызметіне саналы да жауапты таңдау
жасауына, жеке және өмірлік өзін-өзі танытуына жағдай жасалуы керек.
И
н
н
о
в
а
ц
и
я
л
ы
ќ
о
й
-ґр
іс
ін
ж
јн
е
Б
Е
Й
ІН
Д
І
К
О
Ќ
Ы
Т
У
Д
Ы
Ѕ
М
А
Ќ
С
А
Т
Ы
9
12 жылдық білім берудің басым бағыты – педагогикалық іс-әрекеттің жеке
тұлғаға бағытталуы. Тұлғаға бағытталған көзқарас – педагогикалық іс-әрекеттің
әдіснамалық жаңа бағыты болып есептеледі.
12 жылдық мектепке енгізілген бейіналды және бейіндік дайындық
оқушының өз
қабілеті мен
өмірлік
құқығына сәйкес,
өзін-өзі кәсіби
анықтауында, болашақ кәсіби қызметін саналы да жауапты таңдауына едәуір
тиімді дайындыққа қол жеткізуде олардың әлеуметтендірілу мүмкіндігін
кеңейтеді.
Бейіндік мектеп – дербес білім беру мекемесі болып табылады. Қазіргі
кезде оның екі түрі анықталған:
1.
Бейіндік сыныптары бар жалпы білім беретін мектептер;
2.
ЖОО жанынан ашылған бейіндік мектептер.
Бейіндік мектептің қай түрі болса да, бейіндік оқыту мен бейіндік мектеп
бағдарламасын жүзеге асырады.
Жалпы орта білім беру деңгейінде жақын орналасқан мектептер үшін
бейіндік оқытудың ресурстық орталығы ашылып, онда бейіндеу жұмыстары
жүзеге асады (3-сурет).
3-сурет – 12 жылдық білім берудегі бейіндік мектепте бағдарламаның
жүзеге асуы
Жалпы білім беретін базалық және бейіндік мазмұндағы пәндердің құрамы
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының деңгейін қамтамасыз
етеді.
Б Е Й ІН Д ІК М Е К Т Е П
(д е р б е с б іл ім б е р у м е к е м е с і)
Ж О О Ж А Н Ы Н А Н
А Ш Ы Л Ғ А Н Б Е Й ІН Д ІК
М Е К Т Е П Т Е Р
Б Е Й ІН Д ІК С Ы Н Ы П Т А Р Б А Р
Ж А Л П Ы Б ІЛ ІМ Б Е Р Е Т ІН
М Е К Т Е П Т Е Р
10
Бейіндік білім мазмұныны жеті білім саласы бойынша жүзеге асады: «Тіл
және әдебиет», «Адам және қоғам», «Математика және информатика»,
«Жаратылыстану», «Дене шынықтыру».
Базалық мазмұндағы жалпы білім беретін пәндер оқытылу тіліне
қарамастан
барлық
оқушылар
үшін
екі
бағытта
(жаратылыстану-
математикалық, қоғамдық-гуманитарлық) жүзеге асу міндетті болып табылады.
Базалық
мазмұндағы жалпы білім беретін пәндердің
инвариантты
компоненті базалық және бейіндік пәндерден құралады. Ал базалық пәндер екі
бейіндік бағыттада да міндетті оқытылады.
Базалық пәндер «Тіл және әдебиет» білім аймағы қазақ тілі, қазақ әдебиеті,
орыс тілі, әлем әдебиеті, «Адам және қоғам» білім аймағы Қазақстан тарихы,
«Математика және информатика» білім аймағы математика, «Жаратылыстану»
қазіргі жаратылыстану, «Дене шынықтыру» дене шынықтыру, алғашқы әскери
даярлық пәндерінен тұрады.
Бейіндік пәндер екі бейіндік бағытқа сәйкес химиялық – биологиялық және
физикалық – математикалық, филологиялық,
әлеуметтік – экономикалық,
тарихи – құқықтану бейіндерінің ерекшеліктері ескеріле оқытылады.
12 жылдық білім беру жүйесіндегі бейіндік оқыту жаратылыстану –
математикалық бағыттағы пәндер химиялық – биологиялық және физикалық –
математикалық бейіндік бағытта келесі пәндерді оқытады (4-сурет).
4-сурет – Жаратылыстану – математикалық бағыттағы бейіндік пәндер
Қоғамдық – гуманитарлық бағыттағы пәндер филологиялық,
әлеуметтік –
экономикалық, тарихи – құқықтану бейіндік бағытта келесі пәндерді оқытады
(5-сурет).
БЕЙІНДІК ПӘНДЕР:
1.
English
for
specific
purposes
(ағы лшы н
тілінде)
2. Матем атика (жетік деңгей)
Достарыңызбен бөлісу: |