КӘсіптік білім беру жүйесінде педагогикалық ТӘжірибені ұйымдастыру



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі112,96 Kb.
#6991

С.Сейфуллин  атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Ғылым жаршысы  /

Вестник  науки Казахского агротехнического университета  им. С. Сейфуллина. – 2013.

- №2 (77). – Б. 36-43



КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

ТӘЖІРИБЕНІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Тастанбекова Н.Д.

Аннотация

Мақалада  болашақ кәсіптік  білім  беру  педагогтарының бойында

кәсіби  біліктіліктері қалыптастыруда  педагогикалық тәжірибенің алатын

орны анықталған. Кәсіби біліктілік ұғымының жіктелуі көрсетілген. Кәсіби

біліктілік  түрлеріне  анықтама  берілді.  Жаңа  формациядағы  оқытушы

бейнесіне қойылатын  талаптар.      Мұғалім  бойында  кездесуі  тиіс

қасиеттерге түсінік берілген.

Кілт  сөздер: болашақ маман, іс-тәжірибе, білім, дағды,  біліктілік,

жаңа формациядағы оқытушы.

Жоғары оқу орнының алдында

тұрған  ең басты  міндет - болашақ

педагог психолог мамандарын кәсіби

тұрғыда 


бағыттылығын, 

кәсіби


біліктігін

қалыптастыру 

болып

табылады. Бүгінгі таңда жоғары оқу



орнын  бітіруші  түлектер  дербес

еңбек жолында  бірқатар қиындыққа

жолығатындары 

тәжірибеде

анықталып отырғандықтан,  кәсіби

бағыттылығын

қалыптастыруда

іс-тәжірибе  түрлерін барынша  жаңа

мазмұнды,  жүйелі  жүргізу  міндеті

қойылып отыр.

Ғылыми

салада 


білімді

технологияландыру 

жөніндегі

зерттеулер  пайда  болып  кәсіби

дайындықтың мазмұндық және жеке

аспектілері 

мен

қатар 


оның

технологиялық

аспектілеріне 

де

қызығушылық



көрсетілуде. 

ХХІ


ғасырдағы  білім  беру  жүйесі  білім

беру  проблемаларын  шешудің жаңа

бағыттарын қажет етеді. Біліктілікті

арттыруда ұстаздар қауымына үлкен

жауапкершілік  жүктеледі,  ол

өз

бетінше шығармашылық пен жұмыс



жасау  кезінде  педагогтар қауымы

өзінің көп  жылғы  іс-тәжірибесін

құрастырып 

шығарып, 

мен

шығармашыл мұғаліммін дейтін, ал,



қазіргі 

педагогтар 

шығармашыл

негіз – шығармашылық іс-әрекет,

уақыт, 

күш, 


сапа 

мен 


сан

көрсеткішінен  тұратын біртұтастық

құрылым үрдісін көрсетуде. Күннен

күнге  педагогтар қауымы өздеріне

қойылатын талап пен міндетті нақты

түсініп, қоғам қажеттілігінде  жеке

тұлғалық  қасиет  танытуда.  Егер

парадигма  білім,  білік,  тәрбиені

қалыптастыру  болса,  ал  оқыту

арқылы  жеке  тұлғаның мәдениетін,

ғылыми 

шығармашылдығын



дамытуға, 

яғни 


мектеп

оқушыларының 

өзін-өзі

тәрбиеленуіне әкеледі.



Педагогтардың кәсіби өсуін

жетілдіру  барысында  жеке  тұлғаға

сенімділікпен қарау факторы ерекше

орын алады. Ағылшын оқымыстысы

Дуглас Марк Тредер «Адамдар оған

сенім  білдіргенде

үлкен

өмірлік


энергия 

алды»,-деген.

Менеджменттің

басты


шарты-жетістік. 

Жетістікке

ұмтылу-адамды 

дамытуға


бағытталған үлкен күш.

Оқымысты 

В.В.Краевский

ұсынысы


бойынша 

біліктілікті

көтеру  тұжырымдамасы  төмендегі

құрамдарды қамтиды:

1.

Біліктілікті көтеру – бұл



базалық

мамандық


бойынша

қосымша білім алу және алған білімі

негізінде

өз

қызметін  дамытуға



кәсіптік біліктілігін жетілдіру.

2.

Біліктілікті 



көтеру

проблемалары әлеуметтік  жағдайда

болады.

3.

Педагогтарды



әдістемелік, әдіснамалық рефлексия

негізінде оқытудың өзектілігі.



Зерттеу 

мақсаты:

Педагогикалық

іс-тәжірибеде

студенттердің

кәсіби 

білігін


қалыптастырудың теориялық және

ғылыми-әдістемелік 

негіздерін

айқындау.



Зерттеу нысаны: Жоғары оқу

орнындағы  біртұтас  педагогикалық

үрдіс.

Зерттеу  пәні: Жоғары  оқу

орнындағы  біртұтас  педагогикалық

іс-тәжірибе 

барысында

студенттердің

кәсіби 


білігін

қалыптастыру жолдары.



Зерттеудің 

ғылыми

болжамы:

«Кәсіптік 

оқыту»

мамандығында 



оқитын

студенттердің

жоғары 

деңгейде


және  бүгінгі  уақыт  талабына  сай

кәсіби 


білігін

қалыптастыруға

педагогикалық

іс-тәжірибе

барысында қол  жеткізуге  болар  еді,

егер  педагогикалық іс-тәжірибеде

студенттердің

кәсіби 


білігін

қалыптастыру

ғылыми-теориялық

тұрғыда  негізделсе,  педагогикалық

іс-тәжірибе 

түрлерінің

мазмұны

анықталып,  оны ұйымдастырудың



тиімді

әдіс-тәсілдері 

іріктеліп,

оқыту-тәрбиелеу 

процесіне

еңгізілсе,  онда  студенттердің кәсіби

білігін

қалыптастыру 



нәтижелі

болып, қоғам  талабына  лайықты,

бәсекеге барынша қабілетті болашақ

маман дайындалады.



Зерттеудің міндеттері

- ғылыми-теориялық

әдістемелік еңбектерді оқып, талдап,

сараптау;

- педагогикалық

іс-тәжірибе

барысында

қалыптасатын

«студенттердің

кәсіби 


білігі»

ұғымына анықтама беру;

- студенттердің кәсіби  білігін

қалыптастырудың

көрсеткіштері

мен


өлшемдерін, 

деңгейлерін

анықтау және моделін құру;

- жоғары оқу орнында педагог

мамандардың

кәсіби 


білігін

қалыптастырудың

жолдарын

көрсету.


Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

- педагогикалық іс-тәжірибені

ұйымдастырудың

тиімді


әдіс-тәсілдері 

іріктеліп,

оқыту-тәрбиелеу  процесіне  енгізуге

ұсынылған;

- педагогикалық

іс-тәжірибе

барысында  болашақ

мамандарды

кәсіби 

даярлауды 



тиімді

ұйымдастырудың

жолдары

көрсетілген;



- кредиттік  оқыту  жүйесіндегі

педагогикалық

іс-тәжірбие

түрлеріне талдау жасалған;

- студенттердің кәсіби  білігін

қалыптастырудың

көрсеткіштері

мен


өлшемдерін, 

деңгейлерін,

анықтау 

және 


моделі

құрастырылған.

Мұғалім

өз  пәні  бойынша



оқушыларға  білім  беріп қоймайды,

соған  сәйкес  оқушыны  тәрбиелейді

және  жеке  басын қалыптастырады.

Бұл  мұғалімнің баланың жас,  дара

ерекшеліктерін  білуді,

оған  сай

әрекетін ұйымдастыруды,  олардың

қарым-қатынасын, 

сенімін,

көзқарасын,  танымын,  белсенділігін

дамыту әдістемесін  білуді қажет

етеді.  Олай  болса,  мұғалім  жас

ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісінде

кәсіптік  деңгейі  және

ұстаздық

шеберлігі 

жоғары 

болу


үшін

педагогикалық және психологиялық

арнайы 

зерттеулер 



негізінде

айқындалған  педагог  мамандығына

тән 

іскерлік 



пен 

дағдыларды

меңгеруі  тиіс. Өйткені  педагогтік

іс-әрекет өте  динамикалық жүйе,

оның өзіндік арнайы құрылымы бар.

Олар бірнеше бөліктерден тұрады:



1.

Танымдық.

2.

Құра

білу

(Конструктивтік).

3.

Қарым-қатынас

(Коммуникативтік).

4.

Ұйымдастырушылық.

5.

Хабарлау

(Информациялық).

6.

Зерттеушілік.



Танымдық

біліктілік,

ең

алдымен, 



жеке 

бастың


интеллектуалдық

мүмкіндігі,

мамандық еңбегінің негізі  болып

саналады.  Танымдық

біліктілікті

қалыптасыру

үшін 

адамның


қабылдау,  зейін,  ойлау,  елес,  ес  т.б.

психикалық  қасиеттерінің бірлікте

дамуы қажет.

Құра білу  (конструктивтік)

біліктігі–оқу–тәрбие 

жұмысын


моделдеу, 

жоспарлау,

композициялық

материалдарды

іріктеп 

алумен 


сипатталады.

Оқушылардың

жас 

және 


дара

ерекшеліктерне 

сай, 

оқу–тәрбие



процесінің материалдық базасына

сәйкес  жұмысты  ретті ұйыдастыра

білу,  бұл  біліктілікті  меңгеру үшін

интеллектуалдық 

қабілет

қажет.


Алдағы 

жұмысты 


жоспарлау,

жобалау, 

алдымен 

ойлау,


салыстыру, 

болжам 


жасау,

технологиялық

логикалық

ойлау


қабілеттерімен тікелей  байланысты.

Сондықтан

құра  білу  біліктілігі

танымдық біліктілігімен ұштасып

жатыр.

Қарым-қатынас

(коммуникативтік)  біліктілігі–бұл

мұғалімнің

педагогикалық

процестің барысында  адамдармен

қарым-қатынас  жасауға

үйренуі.


Қарым-қатынас 

тәсілдері 

ол

алдымен,  сөз  сөйлеу  техникасы,



қимыл, 

бет


құбылысын 

игере


білуден 

басталады.

Коммуникативтік 

іскерлікті

тәрбиелеу үшін  адам  ең алдымен,


басқа  адамды  түсіне  білуді,  тани

білу  және өзін  де  таныта,  түсіндіре

білуге үйренуі қажет.  Екіншіден,

өзінің


ой-пікірін, 

көңіл-күйін,

көзқарасын,  мақсатын,  сөйлескен,

пікірлескен 

адамға,

ұжымға


түсіндіре  білуге  және  түсіне  білуге

үйренуі


қажет.

Үшіншіден,

адамдармен

қарым-қатынас

барысында қажет  болған  жағдайда,

бет-бұрыс 

жасау 

сияқты


мүмкіндіктерді  басқара  білу,  оң

шешімін  таба  білу.  Осылардың

нәтижесінде 

мұғалімге

қарым-қатынас 

бейімділігі 

және

ептілігі  бар  адамдармен  оңай  тіл



табыса  алатын,  тез  араласа  алатын

жеке бастың қасиеті қалыптасады.



Ұйымдастырушылық

біліктілік–бұл

мұғалім  еңбегінің

бөлінбейтін, үнемі  жүріп  отыратын

маңызды  саласы.  Педагогикалық

процесті  басқарудың негізгі  шарты.

Бұл 


барлық

педагогикалық

біліктілікті 

бір-бірімен

байланыстырып, 

басқаратын

біліктілік 

болып 


табылады.

Ұйымдастырушылық

біліктіліктің

өзіндік белгілері бар, олар: жұмысты

анықтау, 

мақсатын 

белгілеу,

жұмысты  талап  ету,  тапсырма беру,

тапсырылған  жұмысты  бақылау,

орындалуын

ұйымдастыру,

орындалған 

жұмысты

қорытындылау,  бағалау,  есеп  беру,



нақтылап  объектіге  зейін қоя  білу,

кездесетін 

кедергіні

тез 


арада

болдырмауға  психологиялық ахуал

туғыза  білу,  іске қызығушылықпен

кірісу,  басқаларға  ықпал  жасау  іс -

әрекеттерінен құралады.

Хабарлау 

біліктілігі–жеке

педагогикалық

біліктілік 

болып


саналады.  Көбіне

қатынас құралы

ретінде

қарастырылады. 



Себебі

қарым-қатынас 

хабарлама

материалынсыз  болуы  мүмкін  емес.

Информациялық

біліктілік

оқу-тәрбие 

процесінің

оңтайлылығын  арттыруда  шешуші

орын  алады.  Оқу-білім  материалын

терең, жан-жақты білу, оқу әдістерін

меңгеру, 

барлық

хабарлама



құралдарын пайдалану  дағдысының

болуын  талап  етеді.  Бұл  біліктілік

мұғалімнің

дауысты


үйлестіре

білуді, көңіл-күй сезімімен сөйлеуді,

сөздің  құдіретті  күшін  және  дауыс

үнін,  бет қимылды  меңгере  білуді

талап  етеді.  Сөйлеу,

әңгімелесу,

көрсете отырып түсіндіру, пікірлесу

тыңдау, 


сұрақ-жауап 

 

айту



тәсілдерін

қолдану 


арқылы

тыңдаушының

зейінін

аудару–мұғалімнің



педагогикалық

іс-әрекетіне қажет біліктілік.



Зерттеушілік біліктілік-әрбір

педагогикалық  құбылысқа ғылыми

тұрғыдан қарауды, ғылыми  болжам

жасауды, жобалау және эксперимент

жүргізуді  жоспарлауды,  сонымен

қатар  мұғалім  озат  тәжірибені  де

өзінің

тәжірибесіне  жинақтауды,



оларға 

теориялық-практикалық

негізде талдау жасауды және мектеп

өміріне


ендіруді

қамтиды.


Мұғалімдік  мамандық- педагогтік

біліктілік, 

білім 

шеңбері


жинақталып, 

мұғалімнің

жеке

басының  қасиет–сапаларын  ашып



беруге 

мүмкіндік 

жасайды.

Мұғалімнің

жеке 

басын


сипаттайтын

қасиеттер: 

кәсіби

бағыттылығы, ғылыми  көзқарасы,



идеялық

сенімі, 


белсенділігі,

адамгершілік-ізгілік қатынасы.



Педагогикалық

зерттеу


білігі–бұл 

педагогикалық

құбылыстарды бақылау және талдау

біліктілігі  және  соның

негізінде

педагогикалық

тапсырмаларды

шешу; гипотеза ұсыну; эксперимент

өткізу

және 


оны 

талдау;


эксперимент 

нәтижелерін

өңдеу

және  жалпылау;  есеп,  реферат,



баяндама, 

оқу-тәрбиелік

шаралардың

жоспарын


жасау;

әдебиеттерді 

пайдалану;

ғылым


жетістіктерін қолдану.

Педагогикалық

іс-тәжірибенің, студенттердің кәсіби

білігін қалыптастыруда қоғамдық

пәндер,

психологиялық-педагогикалық



пәндер,  арнаулы  пәндер  бойынша

білім,  біліктілігі  және  дағдылар

жиынтығын

қарастырамыз.

Сондықтан біз осы пәндер бойынша

типтік 


оқу 

бағдарламаларында

студенттердің

кәсіби 


бағдарын,

кәсіби 


білігін

қалыптастыруда

қандай мүмкіндіктер  бар  екендігіне

талдау жасаймыз.

Мамандарды

қайта


даярлықтан

өткізу 


мазмұнына

педагогикалық

зерттеудің

әдістемесін  енгізу,  мұғалімдердің

педагогикалық

ой-өрісін  дамыту

мақсатында 

ойластырылады.

Мұғалімдердің

алған 


білімдерін

тәжірибеде

қолдануына 

ерекше


назар аударылады.

Кетсе 1. Мұғалімнің кәсіби біліктілік әуелеті көрсеткіштері.



Мұғалімнің кәсіби біліктілік әуелеті

Кәсіби


дайындығы

Шығармашылық

Кәсіби

біліктілігі



Педагогикалық

мәдениеті

Ізгілік

Бағыт-


тылығы

Педагогикалық

интеллект

Инновациялық

іс–әрекет

Мұғалім этикасы

Мамандыққа

бағдарлану-

шылық

Ғылыми-таным



әдістері

Кәсіби


белсенділігі

Қарым


қатынас

шеберлігі

Мектеп

жұмысына


дайындығы

Әдістемелік

шеберлік

Адамгершілік

бағдарлану-

шылығы


Жеке

әрекет


стилі

Арнайы

пәндік


білімі мен

біліктігі

Еңбекке

шығарма-


шылық

көзқарас


Кәсіби өсуі

Педагогтік

әдеп

Кәсіби


құзыреттілігі

Шығар-


машылық

инициативтік

дамыту

Жаңа


технология-

ларды


дамыту

Педагогикалық

парыз

Мектептегі



әдістемелік

қызметті тиімді ұйымдастырудың

негізгі міндеттері:

-

Мектептің

педагогикалық

ұжымы  іс-әрекетінің жаңашылдық

бағыттылығын қалыптастыру.  Ол

педагогикалық  ұжым

қызметінде

озық педагогтік  тәжірибені өндіру,

жалпылау,  тарату  және  жүйелі

зерттеу  мен

үйрену  барысында

айқындалады;

-

Мұғалімдердің



теориялық

және


педагогикалық-психлологиялық

даярлық деңгейін көтеру;

- Тәрбие,  білім  берудің жаңа

бағадарламаларын, 

оқу

жоспарларын,  мемлекеттік  білім



стандартын,  нормативті құжаттар,

әдістемелік  нұсқауларды  талдап –

игеру жұмыстарын ұйымдастыру;

-

Оқыту 



мен 

тәрбиені


ұйымдастырудың

жаңа


формаларын,

әдістерін

педагогикалық

технологиялармен

байыту;

-

Жас 



мамандарға, 

пән


мұғалімдеріне,  сынып  жетекшілері

мен  тәрбиешілерге  педагогикалық

қызметте  жекеленген  бір  мәселеде

қиналатын  мұғалімдерге  және  т.б.

жеке 

бас 


ерекшелігін 

ескере


диагности-каланған, 

сараланған

негізде ғылыми-әдістемелік  көмек

көрсету;


- Мұғалімдерге педагогикалық

білімін өз бетінше көтеру жолдарын

үйрету;

-

Оқу 



жоспарлары 

мен


бағдарламала-рын

үйлестіру,

жетілдіру;

-Оқу  пәндерінің

мазмұнын

жаңартуға және өңдеуге әдістемелік

ұсыныстар беру;

- Оқу  сабақтарының

барлық

түрінің 


өткізілуінің 

әдістемесін,

тиімділігін  жетілдіру, әдістемелік

апталықтардың ролін арттыру;

- Басқа

ғылыми  және  білім



беру 

мекемелерімен 

байланыс

орнату,  педагогикалық  ұжымның,

мұғалімдердің,

жас  мамандардың

ғылыми - әдістемелік сауатын, өзара

тәжірибе  алмасу әрекетін, өзін-өзі

бағалау, өз  білімін  көтеру,  кәсіби

шеберлігін 

арттыру 

жолдарын


анықтау;

-

Педагог



қызметін

ғылыми-әдістемелік тұрғыда талдау,

бағалау,  көмек  көрсету, әдістемелік

бірлестіктердегі

ғылыми-әдістемелік  жұмыстардың


жандануына  педагогикалық ықпал

ету,  оқу-тәрбие үрдісінің деңгейін

көтеруді

әдістемелік 

тұрғыда

қамтамасыз  ету, әдістемелік  кеңес



жұмысының мазмұнын,    бағыт –

бағдарын айқындау;

-

Мұғалімдер 



мен

оқушыларды ғылыми–зерттеушілік,

шығармашылық жұмыстарға  баулу,

ынталандыру.

Мұғалім 

бойында 


болуға

тиісті қасиеттер:

1. Балаларды  сүйе  білу

мұғалімнің маңызды сапасы;



2. Баланы, 

оқушыны


құрметтеу, әр  адамның бойынан

тұлғаны  көре  білу

мұғалімге



қажетті қасиет;

3. Балаға 

сену



оқу



процесіндегі 

жетістік 

кепілі,

гуманизімнің оптимистік  бағытын



көрсетеді.

4. Баланы  білу – тұлғаның

жан-дүниесін  білмейінше  тәрбие

соқыр  болады;  гуманды  болу –

адамды тани білу деген сөз.

5. Баланы  түсіну

оның


орнына өзіңді қоя  біліп, қоршаған

дүниені  оның көзімен  көре  білу

қажет.

6. Жеке  тұлғаға  түсіністікпен



қарау

-

әрбір 



тұлғаның

қайталанбайтын

өзіндік 

рухани


әлемі, өмір тәжірибесі, әдеттері мен

көзқарастары болады.

7. Жеке абырой сезімін сақтау

және  дамыту – онсыз  тәрбие  де,

өзін-өзі тәрбиелеу мүмкін емес.

8. Оқу 


тәрбиесіне

қатысу


ретінде  баланың досына  айналу,

оған қолдау көрсету және көмектесу.

9. Тұтастай  ойлай білу.  Жаңа

ғасыр  мұғалімі  кері  проблемалар

мен  көңіл-күйді оңды  дүниелерге

айналдыра 

білу 

керек. 


Ондай

мұғалім іс жүзінде психолог болады.

10. Педагогикалық

еңбек


мәдениетіне бағытталу – мұғалімнің

тұтастай 

дүниетанымын

қалыптастыруға бағытталу.

11.Тұлғаның

денсаулығына,

психикасына, 

шығармашылдыққа

деген ұмтылысына зиян келтірмеу.

12.Тұлғаның дүниені тұтастай

қабылдауына көмектесу.

13.Оқушының дұрыс  таңдау

жасауына көмектесу.

14.Оқыту


әдістемелері  мен

технологияларымен жұмыс істеу.



Жаңа 

формация

оқытушысы 

дегеніміз

педагогикалық



дарынды 

және


жаңаға ұмтылатын,  кәсіптік  білім,

білік,  дағдыны  меңгерген, өзіндік

қорытындыға

қабілетті, 

рухани

дамыған,    шығармашыл 



тұлға.

12-жылдық

білімге  көшу қазіргі

мұғалімнен 

объективті 

жаңа


нәтижемен 

сипатталатын 

ойлау

қабілетін



қажет 

етеді.


Педагогикалық

іс-әрекеттің

шығармашылық

бағыттылығы

мұғалім

қызметіне 



төмендегідей

талаптар қояды:

1. өзінің  әлсіз  және  мықты

жақтарын  жаңа  формация  мұғалімі

ретінде  объективті  бағалай  білуі

керек;


2.  интеллектуалды әрекеттің

жалпы 


мәдениетін, 

тіл 


табысу

мәдениетін игеруге тиіс;

3.

болып 


жатқан

интеграциялық

үрдіс-терден,

әлемдік  білім  кеңістігінің

даму

тенденцияларынан  хабардар  болуы



тиіс.

Білім  беру  парадигмасының

өзгеруі


жағдайында 

педагог


оқытудың

белсенді


технологияларын

өмірге  енгізуге

дайын, 

оқу


-

тәрбие 


ісіне

жанашырлық танытатын, қоғамның

ең озық  өкіліне  айналуы  тиіс  және

эксперименттік 

кәсіби

сауаттылықты  игерудің де  маңызы



зор.

Кез 


келген 

инновациялық

үрдіс экспериментті жүргізу арқылы

болжанады, 

яғни 

білім


мониторингісі  инновациялық білім

беру 


технологияларын

қолдану,


білім 

беру


құрылымын 

және


мазмұнын 

жетілдіру, 

мақсатты

белгілеу, 

басқару,

ұйымдастыру

тәрізді 

білім 


беру

үрдісіндегі

жетекші үрдістерді өзгерту  арқылы

дамытудың оңтайлы  жолдары  мен

білім  берудің жаңа  сапасына  жету

жолдары  (педагогтың

ақпаратты

таба  білуі,  таңдай  білу  және  талдай

білуі,

өз  бетімен  жұмыс  жасау



қабілеті,  белсенділік  таныту  т.б.)

анықталады. 

Сонымен

қатар,


оқушыларды 

бағалау 


жұмысын

жетілдіру 

бойынша

әдістемелік



ұсыныстар даярлау,  озат  тәжірибені

жинақтау  және  тарату,  бейімдік

оқытуға  даярлық, оқу  жоспарының

жылжымалы  бөлігін  бағдарламалық

және  оқу - әдістемелік қамтамасыз

ету,  оқу  процесіне  оқытудың жаңа

технологияларын енгізуді жетілдіру,

мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігі

мен 

шығармашылығын 



дамыту

шаралары  т.б.  міндеттер  терең де

жан – жақты талқылауды қажет етеді

[1].


Болашақ маманға  университет

қабырғасында

білімділік 

және


бәсекелестікке төтеп бере алатын, өз

мамандығына  ыңғайлы, қабілетті,

ерекше  педагогикалық  қасиеттерді

қалыптастыру қажет.  Мұғалімге  аса

қажеттілігі: 

педагогикалық

мамандыққа  бейімділік,  балалармен

жұмыс істеуге  айқын  берілгендік,

бейімділіктің

көрінетін 

басты

нәрсесі  және  мұғалім  мамандығын



таңдай  алудағы  айқындаушы  нәрсе

балаларға  деген  сүйіспеншілік  т.б.

қасиеттер.  Шынында  да  балаларға

деген  сүйіспеншілік  және  ол өзінің

педагогикалық

шеберлігін 

де

шыңдай 


алады. 

Оның


негізгі

бастамасы  болашақ

мұғалімдерді

дайындау, қалыптастыру  кезеңінде

басталады. 

Бұл 


орайда

педагогикалық

іс-тәжірибенің

алатын орны ерекше, өйткені қазіргі

студент–болашақ 

өзінің


бейімділігін, 

шеберлігін,

ыңғайлылығын,  алған  теориялық

білімдерін 

мектеп

өмірімен


байланыстырып 

отырғанда

ғана

жүзеге  асырады.  Тек  сонда ғана



мұғалімге 

тән 


педагогикалық

шеберлікке,  іскерлікке  жетуге  жол

ашылады.  Мұғалімнің шеберлігінің

бастамасы  негізінде  оның  өз  пәнін

және  оқыту әдістемесін  терең білуі

жатады. Өз  пәнін  еркін  білуі ғана

оқушылардың

білімге 


деген

ынтасын  туғызып,  мұғалімге  және

оның талаптарына құрметпен қарата

алады. Оқушылар мұғалімнің нашар

білетінін, 

оның


сабақ

бере


алмайтынын  ешқашан  кешірмейді.

Әлбетте, мұның орнын еш нәрсемен

толтыруға болмас.  Міне,  сондықтан

да 


мұндай 

кешірілмейтін

кемшіліктерді  болдырмаудың негізі

болашақ


мұғалімдерді 

сапалы


дайындау, 

алғашқы 


күннен

бастап-ақ

мектептегі 

оқу-тәрбие

үрдісімен 

таныстырып 

отыру

қажеттігі туындайды,  сондықтанда



педагогикалық

іс-тәжірибенің

көкейтестілігі айқындала түседі.

Болашақ


мұғалім 

кәсіби


мамандығының  қыры  мен  сырын

педагогикалық

іс-тәжірибеге

араласа  бастағанда  сезінеді.  Жас

маманның,

яғни 


мұғалімдердің

кәсіби 


біліктерінің

дамуына


педагогикалық іс-тәжірибенің  қосар

үлесі  зор  екеніні педагогтар  жақсы

біледі.  Болашақ мұғалімнің жеке

басының


педагогикалық

дағды


іскерлігі 

мен 


икемділігін

қалыптастыратын

басты

шара–педагогикалық



іс-тәжірибе

болып табылады.

Болашақ мамандарды  кәсіптік

білікке 


баулу 

педагогикалық

іс-тәжірибеге алдын  ала  жүргізілген

жүйелі  дайындықты  талап  етеді.

Педагогикалық

іс-тәжірибеге

дайындық

болашақ


мамандардың

теориялық, 

әдістемелік,

психологиялық,

этикалық,

ұйымдастырушылық,

коммуникативтік, 

зерттеушілік,

біліктілік 

іскерліктерін

қалыптастыруға бағытталмақ. Осы

мәселелерге 

байланысты

қарама-қайшылықтың

шешімін

табуға 


болашақ

мамандарды

дайындауда 

педагогикалық

іс-тәжірибе үрдісінің ықпалы өте зор

[2].


Педагогикалық

іс-тәжірибе

үрдісінде 

болашақ


мұғалімдерді

кәсіби 


білікке 

баулу 


нәтижелі

болады: 


егер 

педагогикалық

іс-тәжірибенің кәсіби  бағдар  беруге

арналған 

міндеті 

мен 


мақсаты

айқындалып,  оны ұйымдастыруға

байланысты 

осы 


кезге 

дейін


жинақталған 

алдыңғы


қатарлы

іс-тәжірибелер ескерілген жағдайда,

студенттерді 

педагогикалық

іс-тәжірибеге

дайындау 

кезінде

арнайы курстарды оқыту барысында



олардың 

әдістемелік,

ұйымдастырушылық,

болжағыштық,

диагностикалық,

зерттеушілік, 

дидактикалық

біліктерін

қалыптастыратындай

жұмыс  түрлері

ұйымдастырылса,

cонда 


болашақ

мұғалімдерді

оқу-тәрбие 

жұмысында 

даярлау

тиімділігі артады.



Сонымен

қатар,


практиканттар 

оқу-тәрбие

іс-тәжірибесі

үрдісінде

ғылыми-зерттеу 

және 


кәсіптік

бағдар 


беру 

жұмыстарымен

шұғылдандырсақ,

олардың


шығармашылық

белсенділігі

шыңдала түседі.

Болашақ мұғалімдердің кәсіби

іскерліктерін

қалыптастыру

педагогикалық

іс-тәжірибеге

білімгерлермен 

алдын 


ала

жүргізілетін  жүйелі  дайындық және

қазіргі

таңдағы 


білім 

беру


стандарттары  мен  тұжырымдама

талаптарына 

сәйкес

ұйымдастырылған



педагогикалық

іс-тәжірибенің

нәтижесі  негізінде

жүзеге 


асады. 

Болашақ


мұғалімдердің

кәсіби 


деңгейінің

қалыптасуы  оқушыларға  берілетін

білім 

мен 


тәрбиенің

тиянақтылығына, 

нәтижелігіне,

олардың


шығармашылығының

дамуына жағдай жасайды.



Мұғалімнің

кәсіби 


білік

дағдылары өз  кезегінде  оның жеке

кәсіби  педагогикалық

мәдениетін

көрсететін өлшем.  Оған  мұғалімнің

жеке мәдени деңгейі, адамгершілігі,

тәлім-тәрбиесі, 

ізденімпаздығы,

зерттеушілігі 

жатады. 


Мұғалім

кәсіби  білімін үдіксіз  жетілдірген

жағдайда

ғана 


оқушының

танымдық,

шығармашылық

қабілетін дамытып, ғылымға  деген

қызығуын

қалыптастыра 

алады.

Сондай-ақ,



мұғалім 

жаңалық


жаршысы  ретінде  оқытудың тиімді

тәсілдерін, 

озық

тәжірибелерді



сараптап,  шығармашылық ізденіс

үстінде болуы керек.

Әр жеке  адамның  өміріндегі

кәсіптік-әлеуметтік  психологиялық

тұрғыдан  дамуы,  оның оқып  білім

алуы  мен  тәрбиеленуіне ұстаздың

білігі

қажет 


болып 

табылады.

Осыған  байланысты  мұғалім  еңбегі

үздіксіз ізденісті, өз  білімі  мен

тәжибесін жетілдіріп отыруды талап

етеді.  Мектеп  жұмысын өмірдің

талабына  сай  жүргізу,  оқу-тәрбие

саласындағы зерттеушілік, тәжірибе

алмасу 

жақтарына 



мән 

беру


мұғалімдерінің

ізденісіне 

шек

қоймау, қайта  оған  жағдай  жасап



отыру ұстаздың іскерлік  негіздерін

меңгеруіне ықпал етеді. Ұстаздың өз

бетінше 

білім 


жетілдіру, 

осы


саладағы

үздіксіз  ізденісі,  озат

тәжірибені қолдану,  оны өзгелерге

насихаттауы, 

жаңашылдық

танытуы,


іскерлік 

негіздері

педагогикалық білікке  жеткізудің

бір жолы болып саналады [3].

Сонымен,  болашақ маманның

кәсіби


қызметке 

даярлығын

қалыптасыруда 

мұғалім 


және

болашақ


маман 

келешекте

атқаратын

қызметінің

мақсатын

анық


білуі  керек.  Ал  мақсаты

нәтижелі 

болу

үшін 


болашақ

маманның кәсіптік білім алу кезінен

бастап  маманның атқаратын  нақты

іс-әрекет  жағдайы,  оның

еңбек

қызметтері  талап  етілетін  білім  мен



дағдысы анықталады.

Қорыта


келе,  жоғары  оқу

орнын  бітіретін  болашақ педагог

маманның 

қызметке 

даярлығын

қалыптастыру 

төмендегідей

мәселелерді 

шешуге 

мүмкіндік



береді:

- болашақ маманның алдына

нақты мақсат қойып, оны орындауға

жетелейді;

- оқу

үрдісін  тиімді  және



белсенді

ұйымдастыруға

көмектеседі;

- болашақ маманның кәсіби

қызметке

даярлықтың

маңыздылығын 

түсіну


үшін,

мамандыққа  және  жеке  тұлғаға

қойылатын талаптарды нақтылайды.

Сонымен,  кәсіби

қызметке

даяр болашақ мұғалім кәсіптік білім

беретін  оқу  орны үшін  де,  жұмыс

берушілер

үшін  де,  Тәуелсіздік

Қазақстанымыздың болашағы үшін

де өте маңызды.


Әдебиеттер тізімі

1.

Абдыкаримов  Б.А.,  Мамерханова  Ж.М.,  Соколова  М.Г.



Педагогика профессионального обучения. – Қарағанды, 2007. – 245 б.

2.

Абдулина  О.А.  Общепедагогическая  подготовка  учителя  в



системе высшего педагогического образования. – М., 1991

3.

Сластенин В.А О Современных подходах к подготовке учителя



// 

Технология 

психолог-педагогической 

подготовки 

учителя 

к

воспитательной деятельности. – Барнаул, 1996.



Резюме

В    данной  статье  определенно  место  педагогической  практики  в

формировании 

профессиональных 

умений 

у 

будущих 



педагогов

профессионального 

обучения. 

Дана 


классификация 

понятию


«профессиональные 

умения». 

Даны 

определения 



видам 

умений.


Требования,  предъявляемые  к  образу  педагогов  новой  формации.

Определены      качества,  которые  необходимо  сформировать  у  будущих

педагогов профессионального обучения.

Дана  конкретизация  целей  и  задач  профессиональной  подготовки

будущих  педагогов  для  выполнения  профессиональной  деятельности.

Определены  измерительные  инструменты  уровня  профессиональной

культуры  и  мировоззрения.  К  педагогической  культуре  относятся  такие

понятия,  как  «гуманизм»,  «общая  культура»,  «самосовершенствование»,

«исследовательская культура».

В  статье  раскрыты  условия  непрерывного  самосовершенствования

педагога, 

обеспечивающие 

развитие 

познавательных, 

творческих

способностей,  проявление    интереса    к  научно-исследовательской

деятельности.

Summary

The  place  of  teaching  practice  in  the  formation  of  professional  skills  of

future teachers of vocational training is defined in this article. The classification

of the concept of "professional skills" and the definitions of types of  skills are

given. Qualities which are necessary to form of the future teachers of vocational

training are defined.

The  author  concretizes  the  aims  and  objectives  of  the  training  of  future

teachers to  perform  professional  activities.  Measuring  tools  of  the  level  of

professional  culture  and  worldview  are  determined.  The  pedagogical  culture

includes  such  concepts  as  "humanism",  "common  culture",  "cultivation",

"research culture".


The conditions of continuous self-improvement of the teacher to ensuring

that provide the development of cognitive,  creative abilities and showing interest



to the scientific and research activities are shown in the article.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет