Кәсіптік этиканың Әдеп кодексі жоспар: Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің этикеті және имиджі


Кәсіби құқықтық этиканың нормативтік ережелері кәсіби этика кодекстері деп аталатын құжаттарда бекітіледі



бет5/9
Дата04.04.2023
өлшемі37,88 Kb.
#78931
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Кәсіби құқықтық этиканың нормативтік ережелері кәсіби этика кодекстері деп аталатын құжаттарда бекітіледі. Мұндай кодекстер өзінің мазмұнымен заңнамалық актілердің ережелерін толықтырады, жеке кәсіптің әлеуметтік маңыздылығын атап көрсетеді, жеке (корпоративтік) этикаға қатысты жалпы құқықтық этика қағидаттарын нақтылайды. Қазіргі уақытта әртүрлі елдерде кәсіби құқықтық этиканың келесі кодекстері қолданылады:
- судьялық әдеп кодексі;
- прокурор қызметкерінің әдеп кодексі;
- адвокаттың кәсіби этика кодексі;
- нотариустардың кәсіби этика кодексі және т. б.
Этика кодекстерінің көпшілігі мемлекеттік және құқық қорғау органдарының құрылымдарында әзірленеді, бұл олардың қызметкерлері қызметінің қоғамдық маңыздылығының артуына байланысты. Сонымен, мемлекеттік қызметші және құқық қорғау органының өкілі Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне сәйкес:
Мемлекеттік қызметшілерге мынадай талаптар қойылады:
1) қарапайым болу, жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептік нормаларды сақтау, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпау;
2) мемлекет мүдделеріне және азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге қарсы тұру;
3) заңда белгіленген шектеулерді сақтау, мүдделер қақтығысын болдырмау;
4) азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік таныту, дөрекілік, қадір-қасиетін кемсіту, әдепсіздік және бейәдеп мінез-құлық фактілеріне жол бермеу, өздерінің әрекеттерімен және мінез-құлқымен олардың тарапынан сынға себепкер болмау;
5) іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, азаматтардың көз алдында өздері өкілі болып табылатын мемлекеттік органдардың абыройы мен беделіне айқын нұқсан келтіретін әрекеттер жасауға жол бермеу;
6) лауазымдық міндеттерді атқаруға байланысты кез келген сипатта құқыққа сыйымсыз уәделерді бермеу және құқыққа сыйымсыз міндеттемелерді алмау;
7) жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін қызметтік жағдайын, сондай-ақ онымен байланысты мүмкіндіктерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың мүдделерінде, оның ішінде оларға өзінің көзқарасын насихаттау үшін пайдаланбау;
8) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік мүлікті тек нысаналы мақсаты бойынша, лауазымдық міндеттерін және рұқсат етілген қызмет түрлерін орындау үшін пайдалану;
9) қызметтік міндеттерді адал орындауға кедергі келтіретін құқыққа сыйымсыз қаржылық және мүліктік мүдделерді қудаламау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет