Кәсіптік этиканың Әдеп кодексі жоспар: Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің этикеті және имиджі


Өзін - өзі таныстыру. Заңгердің қоғамдық орындарындағы өзін -өзі ұстауы



бет7/9
Дата04.04.2023
өлшемі37,88 Kb.
#78931
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Өзін - өзі таныстыру. Заңгердің қоғамдық орындарындағы өзін -өзі ұстауы.
Заңгердің қызметінде, мемлекеттік және қоғамдық қызметінде дау, әңгіме, диалогтың ғылым мен күнделікті өмірде алатын орны жоғары.
Дау - өз пікірлерін сақтай отырып екі немесе бірнеше тараптардың арасындағы ауызша жарысы. Дау көбінесе сұхбат ретінде басталады, ал сұхбат әртүрлі болады.
Заңгерлердің кәсіби қызмет саласында қызметтік сұхбаттар, жауап алу( мысалы: қылмыс болған туралы куәлардан), тергеу, сот жарыссөзі, дау және с.с.. Олар өз кезегінде іскерлік қарым – қатынастың ерекше түрі.
Диалогты, дауды, сұхбат пен пікір таласты қатаң түрде жүргізу үшін кейбір ережелерді сақтаған жөн. Осылайша пікірлесуші тараптар бірінші кезекте даудың пәнін, яғни дау не жөнінде болмақ, соны білу қажет.
Егер адам дауласатын болса, онда ол қарсы жақтыңдәлелдерін шыдаммен тыңдап, түсініп және оларды бағалап, өзі сенімді дәлелді қабылдауы керек. Адамдардың өз өмірінің мәнін табу – бұл бақытқа жол болып табылады. Дұрыс түсінілген өмірдің мәні адамға әлеуметтік бағдар жасауына, өзінің жетілуі мен шығармашылығына ықпал жасайды.
Көбінесе, сұхбаттасу кезінде жоспар құрып алған жөн. Сұхбат, пікір талас кезінде мүмкіндігінше келесі ережелерді сақтауы қажет:
- дәлелді айғағы болатын болса, өз ұстанымдарынан бас тартпау;
- өз ұстанымдарын ұстануда табандылық танытпау, егер олар жоққа шығарылған болса;
- әртүрлі, қиын сұрақтарды шешу кезінде тарихи даму қисынын сақтап, қазіргі заман мен әдет – ғұрыптың арасындағы үзілмес байланысты есте сақтау.
Іскерлік қабылдаудың этикеті. Шетел азаматтарымен іскерлік қарым – қатынас жасау ерекшеліктері. Комплимент айту шеберлігі. Сыйлық ұсыну ережесі.
Іскерлік қатынас этикасы – мінез – құлықтық талаптардың принциптері, нормалар мен ережелердің әлемдік тәжірибе мен ғылым негізіндегі өндірістің жиынтығы.
Іскерлік қарым – қатынас белгілі бір мінез – құлықтық қағидаларға сүйенуі керек, олардың ең басты қағидалары болып келесілер табылады:
1. іскерлік байланыстың негізінде жеке мүдделер мен өзіндік қызығушылықтардан басқа іскерлік қана қызығушылықтар болуы керек;
2. адамгершілік;
3. мейірімділік, яғни адамға мейірімділік жасау қажеттігі;
4. құрмет көрсетушілік, яғни қарсы тарапқа деген құрмет.
Этикет ережелерін қатаң түрде сақтау - өзін - өзі ұстау мәдениетінің маңызды талабы.
Кәсіби такт – бұл қарым – қатынас кезінде басқаларға деген шыдамдылық, мұқияттылық және әдептілік танытудың үлгісі.
Шетел азаматтарымен іскерлік қарым – қатынас жасаудың негізгі қағидалары мен ережелері дипломатиялық хаттамамен белгіленеді.
Шетел делегацияларын қабылдау мен қарым – қатынас жасау кезінде, келіссөз бен келісім шартқа қол қойған кезде, мереке күндері құттықтап, қаралы күндері көңіл айту – бұл дипломатиялық хаттама нормаларының сақталуын білдіреді. Қабылданған нормалардан қандац да болмасын бас тарту мемлекеттердің абыройына нұқсан келтіру сияқты бағаланады. Тіпті белгісіз бір кеткен қателік қасақана жасалған қорлауға тең.
Қазіргі кезде мемлекеттер қарым – қатынастарының арасында 1991 жылы қабылданған «дипломптиялық қарым – қатынас туралы Вена Конвенциясы» бар.
Дипломатиялық хаттаманың ережелері «халықаралық әдептілік» қағидасына негізделген, яғни мемлекетті таныстырып, көрсеттетін құрметтеулер мен қадірлеулердің барлығын сақтауды білдіреді.
Хаттамамен шет мемлекетке келген ресми тұлғалардың өзін - өзі ұстауы, ресми жағдайларда киінуі және т.б. белгіленеді. Халықаралық этикет нормаларынан ауытқу шетелдік әріптестермен тек қана бейресми мәні бар, қызметтен тыс жағдайларда ғана жол беріледі. Бірақта осындай қарым – қатынас кезінде әдепсіздік таныту сияқты бағаланатын жағдайлардан аулақ болған жөн. Қызметтік немесе қоғамдық кездесу мен өзара сөйлесу барысында сыйлық сыйлау туралы ой келеді. әр бір мекемеде өздерінің сыйлық силау ережелері қалыптасқан дәстүрлері болады, бірақ осындай дәстүрлерге қарамастан барлығына ортақ негізгі ережелер де бар.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет