Кәсіптік және техникалық білім беру саласындағы әлеуметтік



Дата15.11.2023
өлшемі36,5 Kb.
#123216
Байланысты:
Кәсіптік және т-WPS Office


Кәсіптік және техникалық білім беру саласындағы әлеуметтік
әріптестік жөніндегі комиссиялардың үлгі ережесі мен қызметінің тәртібі
1. Жалпы ережелер
1. Осы кәсіптік және техникалық білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік жөніндегі комиссиялардың үлгі ережесі мен қызметінің тәртібі (бұдан әрі - Үлгі ереже) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
2. Осы Үлгі ережеде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өкілдері - техникалық және кәсіптік білім беру мәселелері жөніндегі комиссияларда оқу орындарының мүддесін білдіретін уәкілетті тұлғалар;
2) жұмыс берушілердің өкілдері - Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері тұлғасында техникалық және кәсіптік білім беру мәселелері жөніндегі комиссияларда жұмыс берушілердің мүддесін білдіретін уәкілетті тұлғалар;
3) әлеуметтік әріптестік – жұмыс берушілер, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, жұмыс берушілер бірлестіктері, кәсіподақтар, мемлекеттік органдар және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасындағы өзара қарым-қатынастар жүйесі, кадрлар даярлау, техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мәселелері бойынша олардың мүдделерін және өзге де олармен тікелей байланысты қарым-қатынастарды келісуді қамтамасыз етуге бағытталған;
4) әлеуметтік әріптестік тараптары – тиісті атқарушы органдардың өкілдері, жұмыс берушілердің өкілдері, жұмыскерлер және білім беру ұйымдары.
3. Кәсіптік және техникалық білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік жөніндегі комиссиялардың қызметі (бұдан әрі – Комиссия) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 45-1-бабына, Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Үлгі ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
4. Комиссиялар үнемі қолданыстағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады, оның құрамына мемлекеттік уәкілеттік органдар, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары, жұмыс берушілер бірлестіктері, кәсіподақтар, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді.

2. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары


5. Комиссияның негізгі міндеттері:
1) экономиканы кадрлық қамтамасыз ету мәселелері жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
2) салалық (өңірлік) компоненттерді қосқанда және саланың дамуын ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімнің мазмұнын жаңарту;
3) біліктілік талаптарын жетілдіруді есепке ала отырып, кадрлар даярлау сапасын жақсарту;
4) жұмыс берушілердің өтінімдері негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру;
5) кадрлар даярлау және қайта даярлау мәселелері бойынша конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру;
6) салада қызмет істейтін кадрлардың біліктіліктерін арттыру және қайта даярлау, жұмыссыз халықты жаппай жұмысшы мамандықтарына оқыту бойынша жұмысты үйлестіру;
7) ұлттық біліктілік жүйесін қалыптастыру;
8) салада кәсіптік стандарттар және салалық біліктілік шеңберін әзірлеу;
9) салаға мамандардың біліктілігін сертификаттау жүйесін енгізу;
10) техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және кадрлар даярлау жөніндегі салалық, өңірлік кеңестермен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар даярлау болып табылады.
6. Комиссиялардың негізгі бағыттары:
1) техникалық және кәсіптік білім жүйесінің даму стратегиясын әзірлеуге қатысу;
2) техникалық және кәсіптік білімді жаңғырту бойынша жұмысқа басқару органдарының, жұмыс берушілердің, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өкілдерін, техникалық және кәсіптік білім беру мәселелерімен айналысатын ғылыми орталықтарды тарту;
3) еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер қажеттілігінің мониторингі негізінде кадрларды даярлауды жоспарлау мен ұйымдастыруда әлеуметтік әріптестердің әрекеттерін үйлестіру;
4) жұмыс берушілердің жаңа технологиялары мен талаптарына сәйкес кәсіптік стандарттардың мазмұнын өзгерту, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын түзету жөнінде ұсыныстарды әзірлеу;
5) республикалық, өңірлік деңгейлерде және салалық болжамдармен еңбек ресурстарының кәсіптік-біліктілік құрылымын өзгерту перспективаларын бағалау;
6) еңбек нарығын талдау және кадрларды даярлау, біліктілігін арттыру жүйесін дамыту саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру;
7) арнайы пәндер оқытушылар мен тәжірибелі өндіріс мамандарын техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеуге тарту және авторларға оларды басып шығаруына көмек көрсету;
8) оқу орындарының әртүрлі мамандықтар мен кәсіптер бойынша білім алушылардың өндірістік практикасын сапалы ұйымдастыру және өткізу мәселелерін шешуіне жәрдемдесу;
9) әлеуметтік әріптестік бойынша озық отандық тәжірибені зерделеу, жалпылау және тарату, бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарда жариялау;
10) әлеуметтік әріптестік жөнінде басқа елдердің тәжірибесімен танысу және зерделеу бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу, халықаралық жобаларға қатысуға, арнайы пәндер оқытушыларының тағылымдамадан өтуін ұйымдастыруға қатысуға тарту;
11) Қазақстан Республикасының азаматтарына көрсетілетін кәсіптік-бағдарлау қызметтерін дамытуда білімді басқару органдарына және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарға, білім беру ұйымдарына жәрдемдесу;
12) кәсіптік және техникалық білім саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
13) техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының материалдық техникалық базасын нығайту және дамыту үшін демеушілер мен меценаттарды тарту;
14) кәсіби бағдар беру, жұмысқа орналастыру жұмыстарын жүргізу үшін ақпараттық-консультативтік қызметтерді құруға жәрдемдесу;
15) кәсіптік және техникалық білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру процесіне қатысу;
16) жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасының аумағында қызығушылық білдірген мамандықтар бойынша оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдары туралы мәліметтер беру;
17) техникалық және кәсіптік білім беру мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыруда әлеуметтік әріптестерге қолдау көрсету;
18) Қазақстан Республикасының Үкіметіне кадрлар даярлау және қайта даярлау саласындағы мемлекеттік саясаты іске асыру жөнінде ұсыныстар енгізу;
19) экономиканы білікті кадрлармен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде ұсынымдар дайындау;
20) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.
7. Жұмыс беруші Комиссияның сауалы бойынша еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар қажеттілігі, персоналды кәсіптік даярлау және ішкі өндірістік оқыту жүйесін дамыту шаралары, білім беру ұйымдарында дайындалған мамандардың саны туралы ақпарат ұсынады.
8. Комиссия қойылған міндеттерді атқару мақсатында:
1) кәсіптік және техникалық білім жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
2) мемлекеттік органдардан, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан, жұмыс берушілер бірлестіктерінен сала үшін жұмысшы кадрларын даярлау саласындағы жұмыспен байланысты қажетті ақпараттар мен материалдарды сұратады және алады;
3) кадрлар даярлау саласындағы әлеуметтік әріптестіктің инновациялық әдістер мен нысандарды зерделеуде халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыруға және әлемдегі үздік жетістіктерге сүйеніп, озық халықаралық тәжірибені практикаға енгізеді;
4) статистика органдарынан өңірдегі кәсіпорындардың білікті кадрлармен қамтылғандығы және сұранысы, оқу орындарындағы кадрлар даярлау жағдайы туралы талдамалық материалдарды сұратады;
5) жас мамандарды даярлау және бекіту, өндірісте жұмыс істейтін жұмыскерлердің біліктілігін арттыру мәселелері бойынша ұсыныстарды қарастыруға және жұмыс берушілерге қолдау көрсетеді;
6) кеңес беру құқығымен, техникалық және кәсіптік білім мәселелері бойынша әлеуметтік әріптестер болып табылатын мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың алқасына (отырыстарына, кеңестеріне) қатысады;
7) сала үшін кадрлар даярлау және қайта даярлау мәселелеріне қатысты нормативтік құқықтық құжаттардың жобаларына ұсыныстар дайындайды;
8) сала үшін кадрлар даярлау және қайта даярлау жүйесін жетілдіру жөніндегі салалық, өңірлік мемлекеттік органға ұсыныстар енгізеді.

3. Комиссия қызметін ұйымдастыру


9. Республикалық деңгейдегі комиссия құрамы орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, жұмыс берушілер қауымдастықтары өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары, кәсіподақтар, техникалық және кәсіптік білімді дамыту мен кадрлар даярлау жөніндегі салалық және өңірлік кеңестердің басшыларынан құрылады және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бекітеді.
10. Комиссияны оның қызметіне басшылық ететін төраға басқарады, отырыстарына төрағалық етеді және жұмыс жоспарын бекітеді, шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылау жасайды.
Комиссия төрағасы болмаған жағдайда, оның міндетін комиссия төрағасының орынбасары атқарады.
11. Комиссия отырысы жартыжылдықта кем дегенде бір рет өткізіледі және мүшелерінің жалпы санының екіден үш бөлігі қатысатын, құқылы болып саналады. Комиссияның шешімдері отырысқа қатысқан Кеңес мүшелерінің көп дауысымен қабылданады.
12. Комиссия мүшелері отырыста қарастырылатын мәселелерді талқылау кезінде бірдей құқықтарға ие. Комиссияның шешімдері қарапайым көп жиналған дауыс арқылы шешіледі, әр мүше бір дауысқа ие болады. Дауыс бірдей болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
13. Өңірлік деңгейдегі Комиссияның құрамы жергілікті атқарушы және өкілетті органдар, білім беруді басқару, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, экономика және шағын бизнес, статистика, көші-қон және демография органдары, жұмыс берушілер өкілдері, мемлекеттік оқу орындарының директорлары, мемлекеттік емес білім секторлары, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері және басқа да қоғамдық бірлестіктер өкілдерінен құрылады.
Өңірлік деңгейде комиссиялардың құрамы Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының шешімімен бекітіледі.
14. Комиссиялар жанында Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының штаттық қызметкерлері қатарынан хатшылық құрылады, оның саны комиссия ұсынысы бойынша анықталады және мынадай функцияларды атқарады:
1) келіп түскен ұсыныстарды және басқа да ақпараттарды талдау және жүйелеу, ол бойынша тиісті қорытындылар шығару;
2) комиссия отырыстарын дайындау және өткізу;
3) қабылданған шешімдердің орындалуын және жұмыс жоспарына сәйкес іс-шаралардың іске асырылуын бақылау;
4) комиссия жұмысы туралы есеп және әлеуметтік әріптестіктің барлық қатысушыларына ұсынымдар дайындау;
5) кәсіптік және техникалық білім беру бойынша жергілікті атқарушы және өкілетті органдарда, үкіметте қарастырылған және қабылданған шешімдер туралы әлеуметтік әріптестерді үнемі ақпараттандырып отыру.
15. Комиссияларға техникалық және кәсіптік білім беру саласында әлеуметтік маңызы зор жобаларды және басқада жауапты іс-шараларды дайындау және жүзеге асыру үшін техникалық және кәсіптік білім саласындағы сарапшы мамандарды тарту құқығы беріледі.
16. Комиссия құрамына кіретін тұлғаларды шақыру жазбаша өтініш немесе өкілдер қойған талаптар негізінде жүзеге асырылады. Бұл жағдайда әлеуметтік әріптестік тараптарының қатысушылары кеткендердің орнына жаңа үміткерлерді ұсынуға құқылы.

4. Комиссия қызметінің тоқтатылуы


17. Республикалық, өңірлік деңгейдегі комиссия қызметі Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының шешімімен тоқтатылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет