3.2. Өндірістегі тәжірибе жетекшісінің құқықтары мен міндеттері Тәжірибе базалары болып саналатын кәсіпорындар, оқу орындар, ұйымдар мен мектептер:
екі жақты келісім негізінде студенттер тәжірибесін ұйымдастырып, іске асырады (жоғары оқу орны-кәсіпорын);
бағдарламаға сай студенттерге тәжірибе орнын көрсетеді;
жоғары оқу орындарымен келісілген тәжірибе күнтізбесінің тәртібін сақтау;
студент- тәжірибеленушілерге қолда бар әдебиетті қолдануға мүмкіндік береді, техникалық және басқа құжаттамаларды, сонымен қатар келісімде әртүрлі техниканы қолдануға рұқсат етілсе, техниканы да пайдалануға болады;
курстық және диплом жұмыстарына қажетті материалдар жинауға көмектеседі;
міндетті түрде еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік бойынша түсіндірме жұмысы жүргізіледі: іс-қағаздарды толтыру, қажет болған жағдайда жұмыстың қауіпсіздік амалын үйретеді;
студент – тәжірибеленушілердің белгілі өндіріс орнында белгіленген (мекеме, ұйым, мектеп) ішкі еңбек ережелерін сақтауларына, сонымен қатар жұмыстың басталу және аяқталу уақытын сақтауға бақылау жасау;
өндіріс қажеттілігіне қарай едәуір дайындалған студент-тәжірибеленушіні уақытша жұмысқа цехқа, зертханаға, мектепке нақтылы айлық табыспен жұмысқа орналастырады;
кәсіптік тәжірибені өтуші студенттердің қайғылы жағдайларға ұшырап қалмауына толық жауапкершілік алады.
Өндіріс орындарындағы тәжірибе жетекшілері (цехта, бөлімде, зертханада, мектепте және т.б) тәжірибе өтуші студенттердің күнделік жүргізуін, студенттің есеп дайындығын қадағалап және оған тәжірибе бағдарламасының орындалуы мен жеке тапсырмалардың орындалуына байланысты мағлұмат беретін кәсіби мінездеме жазады.
3.3. Студент -тәжірибеленушінің құқықтары мен міндеттері Студент - тәжірибеленуші тәжірибенің жұмыс бағдарламасының көшірмесін жасауға, тәжірибе өту орнының ішкі тәртіптерін сақтауға, жұмыс бағдарламасы міндеттемелерін орындауға, күнделік жүргізуге, есеп беруге және оны қорғауға міндетті.