Кәсіптік тәжірибе бойынша орташа кәсіпкерлік оқу орнына арналған бағдарлама мамандығы: 04110100 «Есеп және аудит» Біліктілігі: 3W04110101 «Бухгалтер-кассир», 4S04110102 «Бухгалтер»



бет6/12
Дата17.06.2023
өлшемі88,31 Kb.
#102014
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
У-21,23 Өндірістік практика бағдарламасы

4. ТӘЖІРИБЕНІҢ МЕРЗІМІ

Практикадан өту мерзімі өндірістің мерзімдік жұмысына, негізгі оқу пәндерінің талаптарына сәйкес тағайындалады.


Өндірістік тәжірибенің ұзақтылығы мен көлемі
Өндірістік тәжірибе күндізгі оқу бөлімінің білім алушыларына 10 аптаға есептелген. Тәжірибенің басталу және аяқталу күні колледж бойынша бұйрықпен белгіленеді.


«1С: бағдарламасында бухгалтерлік есепті автоматтандыру» пәндері бойынша өндірістік тәжірибенің тақырыптық жоспары



№ р/с


Бөлім атаулары және тәжірибе тақырыбы









1С: бағдарламасында бухгалтерлік есепті автоматтандыру

1

Бухгалтерлік ақпараттық жүйелер, олардың құрылымы




2

«Қазақстан үшін 1С:Бухгалтерия 8.0» туралы жалпы мағлұмат




3

1С: кәсіпорын жүйесі




4

Құжаттық рәсімдеуде жүрілетін қателіктер және оларды түзету тәсілдері




5

Құжаттарды сақтау тәртібі мен әдістері




6

«1С: Кәсіпорын» базалық түсініктемесі және кіріс қалдықтарын енгізу




7

Анықтамалар мен құжаттардың тағайындалуы




8

Бухгалтерлік операцияларды журналға енгізуді автоматтандыру




9

Кассадағы операциялық есептер




10

Есеп айырысу шоты бойынша операциялар есебі




11

Материалдарды тіркеу




12

Тауарлар есебі




13

ТМҚ есебі бойынша жалпы құжаттар




14

Кадрлық есеп және конфигурацияняң объектілерін құру




15

Тәжірибе қорытындысы.






Өндірістік тәжірибе бағдарламасының мазмұны
5. ТӘЖІРИБЕ ЕСЕБІН ҚҰРУҒА ЖӘНЕ БЕЗЕНДІРУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
5.1. Тәжірибе есебінің құрылымы
Практика нәтижесіне сәйкес студент практика есебін жазып, қорғауға міндетті.
Есеп берудің құрылымдық элементтері:

  • Титул парағы (Қосымша 1)

  • Мазмұны (Қосымша 2)

  • Жұмыс жоспар кестесі

  • Кіріспе

  • Негізгі бөлім, мамандыққа сәйкес практика бағдарламасының сұрақтарынан тұрады

  • Қорытынды

  • Қолданылған әдебиеттер тізімі

  • Қосымша (міндетті)

Тәжірибелік жұмыстың әрбір құрылымдық бөлімінің өз міндеті бар. Жұмысты безендіру барысында автор әрбір құрылымдық бөлімнің (мазмұны, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі және т.б) жаңа беттен басталатынын есте сақтауы керек.
Мазмұны (немесе тақырыбы) жұмыстағы барлық тарауларды (бөлім, параграф және т.б) қамтиды. Міндетті талаптар – мазмұнында көрсетілген тараулар атауын белгіленген ретте сөзбе – сөз қайталап жазу.
Кіріспе бөлімінде студенттің тәжірибе барысындағы мақсаттары мен міндеттері айқындалады. Сонымен қоса, тәжірибе барысында қажет болған нақты матерриалды табуға себеп болған құралдарды зерттеу әдістері көрсетіледі. Әдіс – бұл әрекеттер жиынтығы. Басқа сөзбен айтқанда, әрекет – әдістің бөлігі.
Мысалы, зерттеу барысында келесі әдістерді қолдануға болады:

  • нормативті – құқықтық әдебиеттерді меңгеру және сараптау;

  • тәжірибеде қолданылуын зерттеу...;

  • пішімдеу, салыстыру, талдау, синтез және т.б..

5.3 пунктте көрсетілгендей тәжірибелік жұмыстың кіріспе бөлімінің көлемі Microsoft Word форматында жазылған 1-2 беттен тұруы қажет.
Тәжірибе есебінің негізгі бөлімі қойылған мақсатқа сәйкес болуы керек. Студенттің алға қойған мақсатына сәйкес негізгі бөлім 2-3 тарауға бөлінеді. Негізгі бөлімнің тараулары көлемі жағынан бірдей болуы керек. Тарауларды параграфтарға бөлу міндетті емес, бірақ қажеттілік туса бөлуге болады.
Тәжірибе есебінің негізгі бөлімінде студенттің тәжірибе барысында нақты атқарған жұмысы, сонымен қоса кәсіпорынның және ұйымның қызметі, еңбекті қорғау, экономика, мамандыққа сәйкес тәжірибе бағдарламасына қорытынды және ұсыныстар туралы жазылуы керек.
Тәжірибе бағдарламасы мамандыққа, өндіріс, мекеме, ұйымға байланысты және ҚБК жетекшілерінің көмегімен құрылады.
Тәжірибелік жұмыстың негізгі бөлімінің көлемі 5.3 пунктте көрсетілгендей Microsoft Word форматында жазылған 20-25 беттен тұруы қажет.
Қорытынды бөлімде тәжірибеден өту барысында алынған нәтижелер баяндалады. Тәжірибеленуші осы бөлімде алынған нәтижелерді есептеп, қорытынды жасап, ұсыныстарын білдіреді және өзінің тәжірибеден өту барысында алған шеберлігімен, дағдыларымен бөліседі.
Кіріспе және қорытынды бөлім тарауларға бөлінбейтінін есте сақтау керек.
Қорытынды бөлім мен кіріспенің көлемі шамалас болады.
Қолданылған әдебиеттер кез–келген ғылыми жұмыстың бөлінбес бөлшегі болып табылады. Бұл тізім қолданылған әдебиет, құжатта (нормативті–құқықтық құжаттар, оқу–ғылыми әдебиеттері, ішкі нұсқаулар, қаулылар және т.б. өндіріс құжаттары) көрсетілген, қолданылған, ескерілген барлық ақпарат көздерін қамтуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет