Кестелік процессор



Дата11.10.2023
өлшемі16,8 Kb.
#113528
Байланысты:
АКТ 15-16


КЕСТЕЛІК ПРОЦЕССОР

  1. Кестелік процессорлардың негізгі мүмкіндіктері.

  2. Кестелік процессорлардағы негізгі объектілер.

  3. Ұяшықтар мен блоктарды абсолюттік, салыстырмалы және аралас адрестеу.

  4. Формула және функция.

  5. Диаграмма құру.




    1. Кестелік процессорлардың негізі мүмкіндіктері.

Есептеулерді (бухгалтерлік, шаруашылық т.б) жүрізуге арналған программаларды кестелік процессорлар деп атайды. Көп қолданылатын электрондық кестелер: Microsoft Excel, SuperCalc, Lotus 1-2-3, Quatro Pro. Кестелерді өңдеуге жататын негізгі іс-әрекеттер:

  • Электрондық кестелерді құру және редакциялау;

  • Көпкестелік құжаттарды құру;

  • Электрондық кестелерді көркемдеу және баспаға шығару;

  • Кестелерді сұрыптау, сұраулар бойынша берілгендерді іріктеу;

  • Функциялар мен формулаларды пайдалана отырып есептеулер жүргізу;

  • Түрлі факторлардың құжаттарға тигізетін әсерін зерттеу;

  • Тиімді ету мәселелерін зерттеу;

  • Белгілі бір критерийлерді қанағаттандыратын мәліметтер жиынынын таңдап алу;

  • Графиктер мен диаграммаларды тұрғызу;

  • Мәліметтерді статистикалық талдау.

Электрондық кестелердің құндылығы олардағы мәліметтерді өңдеу тәсілдерін пайдаланудың қарапайымдылығы болып табылады. Бірақ Excel жай программа ғана емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде түрлі диаграммалар тұрғызып, мәліметтер қорын даярлап, олармен жұмыс істеуді, сандық эксперимент жүргізуді және т.б. қамтамасыз ете алады.


Excel мүмкіндіктерінің көпжақтылығы оны тек экономика саласында ғана емес, сондай-ақ, оқып-үйренуде, ғылыми-зерттеу істерінде, әкімшілік және жәй шаруашылық жұмыстарында да кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді.



    1. Кестелік процессорлардағы негізгі объектілер.

Кез келген кестенің жұмыс аймағы жолдар мен бағаналардан (тік және жатық жолдар) тұрады. Әрбір бағана мен жолдың қиылысуы ұяшықты құрайды, ол ұяшыққа мәліметтерді (текст, сан, формула) енгізеді. Кестеде жол нөмірленеді, бағаналар латынның бас әріптерімен белгіленеді.
Жол нөмірі электрондық кестеде қатарды анықтайды. Жол нөмірлері жұмыс тақтасының сол жағында жазылады.
Бағана әріптері электрондық кестеде блоктарды анықтайды, олар жұмыс тақтасының бастапқы жолында (6-шы жол) жазылады. Блоктар келесі ретпен нөмірленеді: A-Z, одан соң AA-AZ, одан соң BA-BZ, одан соң CA-CZ т.с.с.
Ұяшық – кестенің негізгі ұғымы, ұяшықта текст, сан, формула, деректер жазылады. Әр ұяшықтың өз адресі болады, адрес бағана әріптері мен жол нөмірінен тұрады.
Ұяшық көрсеткіші – ағымдық ұяшықты көрсетеді, ұяшық көрсеткіші жылтырауық төртбұрыш түрінде кескінделеді.
Ағымдық ұяшық көрсеткішпен белгіленеді.
Блок – сыбайлас ұяшықтардан тұратын тіктөртбұрышты аудан. Блок бір немесе бірнеше ұяшықтардан тұрады.
Блок адресі қарама-қарсы (сол жақ жоғары, оң жақ төмен) жатқан бұрыштарының координаталары арқылы белгіленеді.



    1. Ұяшықтар мен блоктарды абсолюттік, салыстырмалы және аралас адрестеу.



Әрбір ұяшықтың өзіндік адресі бар. Егер ұяшыққа формула енгізілсе, онда оны содан кейін жылжытуға, көшіруге немесе ұяшықтар блогына таратуға болады. Формуланы кестедегі жаңа орынға ауыстырғанда формуладағы сілтемелер өзгермейді, ал бұрын формула тұрған ұяшық бос қалады. Көшіру кезінде формула кестедегі жаңа орынға ауысады, сілтемелер өзгереді, бірақ бұрын формула тұрған ұяшық өзгеріссіз қалады. Формулаларды көшіру кезінде ұяшықтар немесе сілтемелер адрестерінің өзгерістерін басқару қажеттілігі туындайды. Ол үшін ұяшықтар немесе сілтемелер адрестері символдарының алдына «$» символдары қойылады. Алдына «$» символы қойылмаған ұяшық адрестерінің атрибуттары ғана өзгереді. Егер ұяшық адрестерінің барлық атрибуттары алдына «$» символы қойылса, онда формуланы көшіру кезінде сілтеме өзгермейді. Егер сілтемеде «$» символы қолданылатын болса, онда ол абсолюттік, ал қолданылмаса салыстырмалы деп аталады. Абсолюттік адрестер формуланы көшіру кезінде өзгермейді, ал салыстырмалы адрестерде белгілі бір шамаға жылжу орын алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет