Тапсырма :Кез-келген шығарманың көркемдік ерекшеліктерін талдап,шығарма жазу. Тақырып: “Ақбілек” романының көркемдік ерекшеліктеріне талдау. Романның бас кейіпкері Ақбілек тұлғасын сомдаудағы жазушы шеберлігі, ондағы портреттік бейнелеудің ұлттық табиғи нақыштар, әйел образын жасаудағы дәстүрлі қалып пен жаңашыл ізденістер ғылыми тұрғыдан тұжырымдалады. «Ақбілек» романындағы әдебикөркемдік жетістіктер шығармадағы әйелдер бейнесінің бай га лареясы арқылы айқындалып, олардың әрқайсысының өзіндік болмыс ерекшеліктерінен көріс та батындығы жете зерделенеді. Сонымен бірге Ақбілек бейнесі қазақ әдебиетіндегі әйелдер образын сомдаудағы жаңа бағыт екендігі ғылыми талдау негізінде нақты дәлелденеді. Романдағы Ақбілектен бас қа да әйел бейнелерінің жасалуы, олардың бірбіріне ұқсамас өзіндік ерекшеліктері шығарманың тақырыптық болмысын байыта түсетіндігі ғылыми тұжырымдалған.
Романның құрылымдық жүйесіЖ.Аймауытов шеберлігінің бір ерекшелігі ретінде танылады. Автор бірде баяндай отырып кейіпкерін сөйлетіп, шешуі қиын жұмбақтың сырын тарқатса, енді бірде тыңнан қосылған жаңа сарынды сюжет дамуының жаңа бір белесіне айналдырып жібереді. Оның бəрі бас кейіпкер Ақбілектің тартысты тағдырының үш кезеңімен жымдасып кеткен бүтіндік табады. Сондықтан шығарманың жалпы даму желісінде бірде-бір оқшау оқиға, қисынын таппай тұрған тосын сюжеттер жоқ. Жалпы Ж. Аймауытовтың «Абілек» романында кер заманның ең бір құбылмалы тұсында сынға түскен қазақ қызының жігер-қайраты мен ақыл-парасаты арқасында өз ортасынан озып шығып, биік қоғамдық сатыға көтерілуі көркем бейнеленген. Романның бас кейіпкері Ақбілек – əке-шешесінің көзінің ағы мен қарасындай ерке өскен, ажарына ақылы сай елге сыйлы ару. Жазушының Ақбілек портретін сомдауы да сонша сырлы: «Мамырбайдың Ақбілегі, Ақбілегі – жас түлегі, айы-күні – сұлу қызы, алтын сырға, күміс шолпы сылдырлатып, былдырлатып, ақ көйлегін көлеңдетіп...». Ал енді жазушы кейіпкер портретін шығарманың өн бойындағы салмақсапасына, оқиғалар желісін дамытуға орай түрлендіріп отырады.
Шығармашылығының ерекшелігін айқындайтын көрсеткішкөзі - монологтар. Ж. Аймауытұлы өз ойын кейіпкер сырымен астастыруда осы бір əдістің небір түрін шебер қолданады. Ж. Аймауытұлы монологтары ойлау, армандау, еске түсіру, диалог іспетті құбылып келе береді. Олар көбіне кейіпкердің ішкі əлемін, мінез құлық сипатын терең ашуға қызмет етеді.
Жүсіпбек кейіпкерлері туралы аймауытовтанушы ғалым Р. Тұрысбек: «Романда жекеленген бейнелердің монологтары, өмірдегі мұраты мен міндеттері айқын бейленген» — деген түйін жасайды
Жүсіпбектің кейпкер жан-дүниесін ашудағы шеберлігіне: «Жазушының палитрасы өте бай. Бірде автор атынан төгілте əңгімелесе, бірде кейіпкерлердің өзіне сөз беріп (офицер, Бекболат, Мұқаш) олардың өздерін сөйлетеді. Енді бірде автор кейіпкерлердің жан дүниесіне еніп, солардың не сезініп, не қойғанын, не ойлағанын солар болып баяндайды. Кейіпкерлерінің жан дүниесі, психологиялық құбылыстары, қуаныштары, күйзелістері, мақсаттары мен армандары жазушы назарынан бір сəт қапас кетпейді. Мейлінше көркем, мейлінше айқын сөйлемдер əндетіп терме-жыр айтып отырғандай əсер береді. Қазақ ауыз əдебиетінің ең озық, Шығыс пен Батыс əдебиетінің көркем қара сөз жəне дастандық үлгілерінің бір-бірінен қабысқан, ұштасқан жерін Ақбілектен көрдім дер едім» – деп кезінде жазушы Сайын Мұратбеков орынды бағасын берген-ді.