Байланысты: Кез келген тақырыпты комикс тілінде сөйлетуге болады
Бұдан соң бірден комикс салуға кірісе берсе бола ма?
– Жоқ, келесі кезеңде оқиғаны кадрларға ойша бөліп орналастыру қажет. Бұл процесс кезінде қандай да бір эпизодтың комиксте қанша бетті алатыны белгілі болады. Бұл олардың тым созылып немесе, керісінше, қысқарып қалмауының алдын алады. Бұдан кейін ғана барып, сурет салуды бастай беруге болады. Кейіпкерлердің репликалары мен мәтінді де осы тұста жазып алу керек. Кейбіреулер мәтін жазуды кейінге қалдырады, бірақ жұмыс аяқталған соң кей сөздер кадр ішіне сыймай қалуы мүмкін. Ондайда салған суретіңнің кей жерін өшіріп, өзгертуге тура келеді. Яғни, еңбегің мен уақытың шығындалады.
Оқиғаны кадрларға бөліп салып шыққаннан кейін детализация сатысына кірісесің. Бұл кезде салған суреттеріңдегі кішкентай детальдарды анықтап, жетілдіре түсесің. Детализация барысында суреттердің ажары ашылып, бұрынғыдан тартымдырақ көрінетін болады.