Кгу экономический лицей Секция: Самопознание Тема: Мухтар Ауэзов-духовный мыслитель. Творчество Мухтара Ауэзова на мировоззрение подростков


Модернизм Модернизм әдеби бағыт ретінде



бет2/3
Дата21.12.2022
өлшемі2,62 Mb.
#58655
түріПрезентация
1   2   3
Байланысты:
Әдебиеттегі модернистік бағыттар, ағымдар №1

Модернизм
Модернизм әдеби бағыт ретінде
Модернизм әдеби бағывт ретінде реалистік суреттеуге наразылық танытты. Н.Г.Чернышевский өзінің «Өнердің болмысқа эстетикалық қарым-қатынасы» атты дисертациялық еңбегінде көркем әдебиеттің өмірдегі орны мен маңызын көрсетіп берді.
Өмір қандай жан-жақты болса, өнер де сондай жан-жақты болуға тиіс деген ұстанымды ұсынды. Н.Г.Чернышевский айтқандай, «Өнер-өмірдің оқулығы» болуға тиіс. Бірақ әдебиет өмірдегі ұсақ-түйекті жіпке түзгендей жаза бермеуі тиіс.Бұл арада ұлы сыншы-ғалым бейненің типтігі туралы мәселені көтерген.
Əдеби бағыттар мен ағымдар – əдебиеттану ғылымындағы күрделі əрі өзекті мəселелердің бірі. Əдебиеттің даму ерекшеліктері, көркемдік таным арналары бағыттар мен ағымдар, əдіс мəселелерімен тығыз ұштасатыны мəлім. Өткен күн мұраларын бүгінгі күн биігінен қайта таразылаған тұста бағыт пен ағымдар мəселелері жан-жақты талқылауды, терең зерттеуді қажет етеді. Тіпті кеңес қоғамы дəріптеген реализмнің мазмұны мен даму мəселесін жаңаша зерттеу де қазіргі əдебиеттану ғылымының күн тəртібінде тұр.
Кеңес дəуірі тұсында социалистік реализмнен басқа əдеби əдістер еленбей, көлеңкеде қалды, олардың əдебиетке əкелген жетістіктері мен мүмкіншіліктері жете бағаланбады. Əдебиеттануда «реализм жəне реализмге қарсы əдістер» теориясы қалыптасып, үстемдік етті. Кеңес оқулықтарында оларды бір-біріне қарсы қою жүйесі тым қарапайым еді: реализм – шынайылық, адалдық, тарихилық, мазмұндылық; буржуазиялық əлемдегі басқа əдістер: «регрессивті» романтизм, модернизм, постмодернизм, керісінше, өмір шындығынан алыс əкететін, идеализмді, дарашылдықты дəріптейтін мазмұнсыз, зиянды əдістер деп біржақты бағаланды.
Әдеби бағыттар мен ағымдар
Әдебиеттегі модернистік бағыттар, ағымдар
    • 19 ғасырдың аяғында батыс өнерінде жаңа әдеби бағыттар мен ағымдар пайда болды. Олар сентементализм, экзистениялизм, классицизм, символизм, абстракциолизм, модернизм, постмодернизм пайда болды.
    • Осы тұста пайда болған әдеби бағыттар мен ағымдар оқырмандарды қызықтыру мақсатында түрлі тәсілдерді пайдаланды.
    • Орыс әдебиеті сыны жайлы Л.И.Гимофиевтің «Әдебиет теориясының негіздері» кітабында әдебиетті, оның процесін талдап, тексерудің принциптері мен әдістемесін қарастырады. Ал вавторлар ұжымы жазып шығарған «Әдебиет теориясы» атты үш томдық еңбек жалпы әдеби дамудың тарихи заңдылықтарын іздеуге арналған.

Синтиментализм модернизмнен әлдеқайда ерте пайда болған әдеби бағыт.
    • Модернизм өзінен алдындағы әдеби бағыттардың бәрін дерлік қамтып, жаңаша жазу тәсілін ойластырмақ болды.

Бұндай тәсіл әдебиетте алғашқыда мойындалмады. Белинский Виссамон Григоревичтің (1811-1848) «Әдеби арман» кітабынан бастап, «Александр Пушкин шығармалары» жайлы еңбегіне дейін және «Гогольге хат» сыни еңбегінде эстетиканың үнемі қозғалыста болуы қажеттігін атап өткен.
Модернизм адам табиғатын, құпия сезімдерін ирония, ойын элементтері, сана астарындағы құбылысты зерттеу арқылы көрсетеді. Жеке тұлға мағынасыз болмыс алдында өз əлсіздігін сезінеді. Бұл бағыттағы жазушылар композицияға, тілге, т.б көптеген стильдік, көркемдік сынақтар жасады. Классикалық романтизмнен өзгешелігі ол өзін поэзиядан гөрі, прозада айқынырақ, күштірек танытты.
Модернизм біртекті емес. Əлемдік əдебиет тарихында ол ХХ ғасыр басындағы бірқатар бағыттарда, əсіресе символизмде (оның ішінде орыс жəне француз символизмінде) көрінді. Модернизм ХХ ғасыр басында қаламгерлердің əлемдік соғысқа, адамзат дамуындағы дағдарыстарға көзқарасын білдірді. Модернизм жеке тұлғаның санасын рухани ауытқулармен байланыста алып қарады. Модернистер əлемдік деңгейдегі қоғамдық қайшылықтар, санадағы қақтығыстар кезінде адам дүниенің мағынасыз екенін, өзінің фəнидегі жалғыздығын түсінеді деген пікірлерді алға тартты. Жалғыздық қасіреті қоршаған ортаны адамның жатсынуы модернизм өкілдерінің шығармаларында айрықша көрініс тапты.
Тəуелсіздік тұсындағы əдеби үдерісті тұтастай алсақ, əдебиеттің бірнеше даму бағыттарын айқындауға болады. Олар – дəстүрлі реалистік əдіс жəне модернистік, постмодернистік ағымдар. Сонымен қатар осы кезең прозасында романтикалық тенденциялардың да омырау соза алға шыққанын бағамдаймыз. Шығармалардың көркемдік құрылымында романтикалық сарындар реалистік немесе модернистік бастаулармен жымдаса кірігіп, кейде жеке элемент түрінде, кейде қанаттас қатар дамып, кейде басымдық танытып жатты.
Постмодернизм тарихи жəне көркем дəстүрлердің бірігуіне негізделген. Əр түрлі халық, мəдениет, субмəдениет, уақыт ішіндегі əдіс-тəсілдерді, стильдерді, тақырып, проблема, мотивтерді бір шығарма аясына біріктіру осы постомодернизмнің сипатты белгісі саналады. Модернизмдегі: жалғыздық, дəрменсіздік сарыны, пенденің ортамен қарама-қайшылығы, дамыған қоғамның технократиялық болмысынан қорқу, тұлғаның абсурдты, хаосты өмірден безінуі сынды элементтер постмодернизм поэтикасына табиғи көшті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет