Киіз їй туралы жалпы маєлўмат


Үзік бау – үзіктің екі жиегінен екі немесе үш жерден айқастыра тартып керегеге байлайтын жалпақ терме бау. Бел- бау –



бет3/4
Дата20.10.2022
өлшемі1,62 Mb.
#44458
1   2   3   4
Үзік бау – үзіктің екі жиегінен екі немесе үш жерден айқастыра тартып керегеге байлайтын жалпақ терме бау.
Бел- бау – туырлықтың керегеге тығыз жатуы және жел көтеріп кетпеуі үшін сыртынан бастырып буатын қыл арқан.
Киіз үй – қазақ халқының өзімен бірге жасасып, тарих белестерінен бірге келе жатқан заттық, тұрмыстық мәдениеттің көрінісі. Ол сонымен қатар қазақ халқының материалдық мұрасының бірі ғана емес бірегейі болып бағаланады. Киіз үй - бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпай жетіп, ауылды жерлерде қолайлы жазғы баспана ретінде әлі де пайдаланылып келеді. Қазіргі таңда киіз үй – тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік құрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан, шопандар да, туристер де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүр.

Киiз үй -ғаламның моделi. Бүкiл ғалам мен адам арасын байланыстырушы.


Рухани мәдениет ретiнде қарастырсақ, киiз үй баспана ғана емес арғы әлеммен байланыстырып, қаскөй рухтардан қорғайтын киелi орын.

Сөз соңында менің достарыма, сыныптастарыма айтарым алтау ала болмай, төртеу түгел болып ауыз бірлігіміз бен ынтымағымыз жарасып тұрса, біз алмайтын қамал жоқ, біз бағындырмайтын білім шыңы жоқ. Білім шыңын бағындыра білген әрбір бала бәсекеге қабілетті, құзіретті тұлға болып қалыптасады, және мен оған толық сенімдімін.


Достар, әрқашан тек білімімізбен бәсекеге түсейік!


ш
1
аңырық - кітап уық - оқушы


кереге - мұғалім

кереге қазық – ата-ана




сықырлауық - мектептің есігі

Мен өз ойымды жинақтай келе киіз үй ағаштарына мынадай теңеу жасадым. Шаңырақты кітапқа теңедім. Себебі шаңырақтың күлдіреуіштерінің арасынан түскен күн сәулесі біздің кітаптан алған біліміміз. Ал уықтарды сол кітаптан білім алатын оқушыларға теңедім. Керегеге келер болсақ, мен керегені мұғалім деп алдым. Себебі мұғалім кітаптан алған біліміміздің кем-кетігін одан әрі толықтырып, білім қорымызды кеңейтеді. Енді ағаш есік сықырлауыққа келер болсақ, ол мектептің есігі. Мектеп табалдырығын аттаған соң мұғалім, оқушы, кітап тығыз байланыста болады, яғни киіз үйіміз мектеп деп қорыттым. Сонымен қатар ата-анамызды да қалыс қалдырғым келмеді. Себебі бала тәрбиесіне тек ұстаздар ғана емес, ата-аналар да жауапты ғой. Сондықтан ата-аналарды кереге беріктігін сақтауда үлкен үлес қосатын кереге қазыққа теңестірдім.


Қазақта «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. Алтау ала болса ауыздағы кетеді» деген сөз бар. Егер осы айтылған мысалдағыдай ата-ана, мұғалім, оқушы және кітап бірін-бірімен тығыз байланыста болып, бірігіп тірлік жасаса, не іс болсын өз нәтижесін көрсетері анық. Сол сияқты киіз үйді де жақсы құрастырсақ, ол өте берік, дауыл-желге шыдас береді.
Сөз соңында менің достарыма, сыныптастарыма айтарым алтау ала болмай, төртеу түгел болып ауыз бірлігіміз бен ынтымағымыз жарасып тұрса, біз алмайтын қамал жоқ, біз бағындырмайтын білім шыңы жоқ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет