Курс кіріспесінде теориялық материалдарды таныстыруға көп көңіл бөлінеді. Пәнді түсінуде оқулықтар мен оқу құралдарының материалдарына көңіл аударылады. Студент қазіргі қазақ тілінің сөзжасамдық даму жолдары мен даму бағыттарын саралауы, қазіргі жаңа қолданыстар мен жаңа құрылымдарды, функционалдық стиль түрлерінде кездесетін сөзжасамдық құрылымдарды анықтауы, олардың нормаға тәндігін, ауытқуды бағамдауы қажет, сөйлеу тіліндегі экологиялық мәселелерді теориялық тұрғыдан зерделей алуы керек.
Курс талабы
Әрбір аудиториялық дәріске ерекше көңіл аударылады.
Қазақ сөзінің мәні мен уәжі талдануы тиіс.
Студент қазақ сөзінің ішкі мағыналық құрылымын түйсініп, оның сырына үңілуі талап етіледі.
Қазақ сөздерінің жасалу ерекшеліктері халықтық дүниетаным негізінде зерделенуі тиіс;
Қазақ сөзі арқылы ұлттық рухты тани білуі және түсінуі, түсіндіре алуы тиіс.
Атаудың жасалу уәжі талданады, сөздің жасалуын атау теориясы негізінде жүйеленуі керек;
Сөзжасамның негізгі бағыттары көрсетіледі;
Сөзжасамдық тәсілдер сараланып, жасалу жүйесі семантикалық аспектіде зерделенеді.
Бағалау саясаты
Өзіндік жұмысты сипаттау
мөлшер
Оқыту нәтижесі
Үй тапсырмасы
Жобаның деректер қорын жасау
Жоба бойынша бағдарлама
Емтихан
Барлығы
35%
10%
15%
40% 100%
1,2,34,5,6
2,3,4
4,5,6
1,2,3,4,5,6
Қорытынды баға
Ниже приведены минимальные оценки в процентах:
95% - 100%: А 90% - 94%: А-
85% - 89%: В+ 80% - 84%: В 75% - 79%: В-
70% - 74%: С+ 65% - 69%: С 60% - 64%: С-
55% - 59%: D+ 50% - 54%: D- 0% -49%: F
Пән саясаты
Қазіргі қазақ тіліндегі белсенді үдерістерді еліміздің «Мәңгілік Ел» саясатымен байланыстыра қарастырып, қазіргі кезеңдегі тілдік ерекшеліктер мен қолданыстағы тілдің жағдайын саралау. Тілдің тазалығына, үштілділік жағдайындағы қазақ тілінің қолданыс аясына назар аударып, сауалнамалар жүргізу арқылы тілдік жағдаятты анықтаудың қажеттілігіне назар аудару.