Кәмелетке толмаған Мухаммедали Ринатұлы ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын, оған осы бап бойынша 6 (алты) жыл 6 (алты) ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын.
ҚК-нің 46-бабы 2-бөлігінің негізінде бас бостандығынан айыруды өтеу кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелеріндетағайындалсын.
М.Ринатұлына қатысты қолданылған күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы үкім заңды күшіне енгенге дейін өзгеріссіз қалдырылсын.
Жазаны өтеу мерзімі үкім заңды күшіне енген күннен бастап есептелсін.
ҚК-нің 62-бабының 3-бөлігі 2) тармағының негізінде М.Ринатұлының 2024 жылғы 19-сәуірден бастап үкiм заңды күшiне енгенге дейiн күзетпен ұстау уақыты кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемеде бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеудің бір жарым күні үшін бір күн есебімен жаза мерзіміне есепке жатқызылсын.
М.Ринатұлының заңды өкілі Маржан Рустембековна Байганышевадан сот сараптамаларын өткізу үшін жұмсалған процестік шығындардың өтеміне жалпы 7 785 (жеті мың жеті жүз сексен бес) теңге мемлекет пайдасына өндірілсін және Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қорына 20 (жиырма) айлық есептік көсеткіш мөлшерінде, яғни 73 840 (жетпіс үш мың сегіз жүз қырық) теңге өндірілсін.
Үкімге ол жария етілген күннен бастап он бес тәулік ішінде, ал күзетпен ұсталатын сотталған адам өзіне үкімнің көшiрмесi табыс етілген күннен бастап дәл сондай мерзiмде Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасына Алматы қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты арқылы апелляциялық шағым беруге, прокурор өтінішхат келтіруге, болады.
Судья С.Ж.Кенесова