Кинематика



бет26/59
Дата13.11.2022
өлшемі1,35 Mb.
#49754
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   59
Байланысты:
Кинематика

(Ж:400 Дж)

  1. Жебенің бастапқы жылдамдығы 40 м/с. Садақтан вертикаль жоғары жіберілген жебенің ең жоғарғы көтерілу биіктігін есепте. (Ауаның кедергісін ескермеңдер. g = 10 м/с2) (Ж:80 м)

  2. Бастапқы кинетикалық энергиясы 49 Дж массасы 0,25 кг допты вертикаль жоғары лақтырғанда, кинетикалық және потенциалдық энергияларының теңесетін биіктігі (g = 10 м/с2) (Ж:10 м).

  3. Бастапқы жылдамдықсыз 30 м биіктіктен құлаған массасы 4 кг дененің потенциалдық энергиясы 3 есе кеміген кезде кинетикалық энергиясы (g = 10 м/с2) (Ж:800 Дж.)

  4. Массасы 2 кг 4 м/с жылдамдықпен қозғалған шардың, массасы 2 кг тыныштықта тұрған шармен абсолют серпімсіз соқтығысқанда, толық кинетикалық энергиясы (Ж:8 Дж)

  5. 50 Н күштің әсерінен жер бетінен 10 м биіктіктегі 4 кг дененің кинетикалық энергиясы (g = 10 м/с2) (Ж:100 Дж.)

  6. Жылдамдығы 10 м/с автомобильдің кинетикалық энергиясы 2 есе кемігенде пайда болған жылдамдық (Ж:м/с).

  7. Массасы 500 г вертикаль жоғары лақтырылған дененің кинетикалық энергиясы 200 Дж болу үшін дененің жер бетінен көтерілу биіктігі (g = 10 м/с2) (Ж:40 м.)

  8. 4 м/с2 үдеумен 4 с қозғалған 2 кг дененің кинетикалық энергиясы (Ж:256 Дж).

  9. 36 км/сағ жылдамдықпен қозғалған массасы 1000 кг дененің кинетикалық энергиясы (Ж:5∙104 Дж).

  10. Вертикаль жоғары лақтырылған дененің 1 м биіктікте кинетикалық энергиясы 25 Дж-ға артса, ауырлық күшінің жұмысы (Ж:-25 Дж.)

  11. 400 м/с жылдамдықпен тосқауылға тиген массасы 24г оқ 0,5 м жол жүріп тоқтау үшін қажетті кедергі күші (Ж:3,8 кН.)

  12. Кинетикалық энергиясы 16 Дж, импульсі 8 кг·м/с дененің массасы мен жылдамдығы (Ж:2 кг; 4 м/с).

  13. Шегені 3м/с жылдамдықпен қабырғаға қаққан массасы 0,4 кг балғаның кинетикалық энергиясы (Ж:1,8 Дж).

  14. Жылдамдығын 36 км/сағ-тан 54 км/сағ-қа арттырған массасы 60 кг дененің кинетикалық энергиясының өзгерісі (Ж:3,75 кДж).

  15. 8 м/с жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтырылған массасы 500 г доптың ең жоғарғы нүктесіндегі толық энергиясы (Ж:16 Дж)

  16. Потенциалдық энергиясы 4 кДж, 8 см-ге сығылған серіппенің қатаңдығы (Ж:800 кН/м).

  17. Бастапқы ұзындығы ℓ0 серіппені біріншісінде А1 жұмыс жасап 2 ℓ 0 дейін созса, екіншісінде 2 ℓ 0 – дан 3 ℓ 0 – ге дейін созу үшін А2 жұмыс жасалса, А12 (Ж:3/5).

  18. 10 см-ден 15 см-ге дейін созылған қатаңдығы 300 Н/м серіппенің потенциалдық энергиясының өзгерісі (Ж:1,875 Дж.)

  19. 15 м/с жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтырылған массасы 500 г доптың ең жоғарғы нүктесіндегі потенциалдық энергиясы (Ж:56,25 Дж)

  20. Ойыншық серіппелі пистолеттен атылған массасы 0,01 кг шар вертикаль жоғары 1 м биіктікке көтеріледі. Қатаңдығы 400 Н/м серіппенің деформациясы (g = 10 м/с2) (Ж:≈2,2 см).

  21. Серіппесі 4 см-ге созылған, қатаңдығы 50 Н/м динамометрдің потенциалдық энергиясы (Ж:4·10-2 Дж).

  22. Мылтықтан атылған оқ 1000м/с бастапқы жылдамдықпен, содан соң 500 м/с жылдамдықпен жерге құлады. Егер оқтың массасы 10г болса, онда кедергі күшінің жұмысы (Ж:3750 Дж )

  23. Тыныштық күйден жылдамдыққа дейін қозғалатын автомобиль двигателі 1000Дж жұмыс атқарады. жылдамдықтан 2 жылдамдыққа жету үшін двигательдің атқаратың жұмысы (Ж:3000 Дж)

  24. Автомобиль 72 км/сағ жылдамдықпен қозғалады. Кинетикалық энергиясын екі есе арттыру үшін оның қозғалу жылдамдығы (Ж:20 м/с )

  25. 36 км/сағ жылдамдықпен қозғалған массасы 1т автомобильдің кинетикалық энергиясы (Ж:50 кДж)

  26. Массасы 2 кг тас вертикаль жоғары лақтырылған, оның бастапқы кинетикалық энергиясы 400 Дж, 15 м биіктікте оның жылдамдығы (Ж:10 м/с )

  27. Массасы 3 т жүк 2 м/с2 үдеумен жоғары көтеріледі. Алғашқы 1,5 с ішінде көтерілгендегі жұмысы ( g = 10 м/с2) (Ж:8100Дж )

  28. Көлемі 0,25 м3 бетон плитаны 6м биіктікке көтереді, осы кездегі атқаратын жұмыс (ρ = 2г/см3) (Ж:30000 Дж )

  29. Көлемі 0,25 м3 бетон плитаны 6 м биіктікке көтерді, оның 3 метрін судан көтерді. Осы кездегі атқарылатын жұмыс () (Ж:22,5 кДж)

  30. Ұзындығы 30 см серіппе 22 см-ге дейін сызылған, серіппенің ұзындығын 1см кішірейту үшін 0,2 кH күш қажет.Серіппенің потенциалдық энергиясы (Ж:64 Дж)

  31. Стақандағы судың массасы 300г, столдың биіктігі 80 см. Cтақандағы судың еден деңгейіне қатысты потенциалдық энергиясы (g = 10) (Ж:2,4 Дж)

  32. Столдың биіктігі 80 см, стақандағы судың массасы 200 г. Суы бар стаканның еденге қатысты потенциалдық энергиясы (g = 10) (Ж:1,6 Дж)

  33. Дене 10 м биіктіктен еркін құлайды. Жер бетінен 6 м биіктіктегі дененің жылдамдығын (g = 10) (Ж:8,9 м/с)

  34. Ойыншық автомобильдің моторының қуаты 1,5Вт. Бірқалыпты қозғалғандағы алған жылдамдығы 0,5м/с. Қозғалысқа әсер ететін күш 2Н. Автомобильдің ПӘК-і (Ж:67%)

  35. Қозғалтқышының қуаты 10 кВт және ПӘК-і 80% көтергіш кран массасы 5т жүкті 15 м биіктіке көтеруге жұмсайтын уақыты (g = 10м/с2) (Ж:94 с)

  36. Қозғалтқышының қуаты 25 кВт сорғы 100 м3 мұнайды 8 мин. ішінде 6 м биіктікке жеткізетін қондырғының ПӘК-і (g = 10м/с2 ; ρм = 800 кг/м3) (Ж:40 %)

  37. Масссасы 2 т жүкті 50 м биіктікке қуаты 10 кВт көтергіш кранның көмегімен көтеруге жұмсалған уақыт (қозғалтқыштың ПӘК-і 75 %, g = 10 м/с2) (Ж:≈130 с)

  38. Қозғалтқышының қуаты 3 кВт су сорғыш құдықтан 20 м тереңдіктен 2 сағатта көтеретін судың массасы (қозғалтқыштың ПӘК-і 70%, g=10 м/с2) (Ж:77 т)

  39. Биіктігі 30 м су станциясында әрбір секундтта құлаған, 17т судың беретін электр қуаты 10 МВт болса, механикалық энергияның электр энергиясына айналу ПӘК-і (g = 10м/с2) (Ж:51 % )

  40. Рычагтың ұзын иініне 2,5 кН күш түсіріп, рычагтың қысқа иініне ілулі тұрған массасы 1 т жүкті көтереді. Жүкті 0,8 м биіктікке көтергенде,күш түсірілген нүкте 4 м биіктікке түсті.Рычагтың ПӘК-і. (g = 10 ) (Ж:80 %)

  41. Егер судың шығыны секундына 6 м3, плотина биіктігі 20 м, ал станцияның қуаты 900 кВт болса, ГЭС-тің ПӘК-і. () (Ж:0,75)

  42. Көлбеу жазықтық көмегімен жүкті көтерген кездегі пайдалы жұмыс 800 Дж, ал толық жұмыс 1000 Дж. Көлбеу жазықтықтың ПӘК-і. (Ж:80 %)

  43. Көлбеу жазықтық көмегімен жүкті белгілі бір биіктікке көтереді. Егер үйкеліс болмаса,онда көлбеу жазықтықтың ПӘК-і. (Ж:100 %)

  44. ПӘК-і 40% көлбеу жазықтықпен 400 Дж жұмыс жасап көтерілген дененің пайдалы жұмысы (Ж:160 Дж).

  45. ПӘК-і 60 % көлбеу жазықтықпен 300 Дж пайдалы жұмыс жасап жүкті көтергенде жұмсалған толық жұмыс (Ж:500 Дж.)

  46. Пайдалы жұмысы 4000Дж, атқарған толық жұмысы 6 кДж қондырғының ПӘК-(Ж:≈67%).

  47. 5 кДж толық жұмыс жасаған ПӘК-і 75% қондырғының пайдалы жұмысы (Ж:3,75 кДж).

  48. ПӘК-і 60 % көлбеу жазықтықмен салмағы 3,5 кН жүкті 1,4 м биіктікке көтеру үшін атқарылған жұмыс (Ж:8,2 кДж).

  49. ПӘК-і 70% және двигателінің қуаты 9 кВт кранның, массасы 5 т жүкті 20 м биіктікке көтеру уақыты (g = 10 м/с2) (Ж: ≈159 с).

  50. Қуаты 30 МВт, 900 км/сағ жылдамдықпен 1 сағат ұшқан, масасы 5 т ұшақтың ПӘК-і (g = 10 м/с2) (Ж:42 %).

  51. Массасы 500 кг денені 3 минуттың ішінде 15 м биікттікке көтеретін двигателінің қуаты 2 кВт, кранның ПӘК-і (g = 10 м/с2) (Ж:21 %).

  52. 100 м3 суды 4 м биіктікке 10 мин ішінде көтерген, двигателінің қуаты 20 кВт насостың ПӘК-і (ρ = 1000кг/м3 ; g = 10 м/с2) (Ж:33 %)

  53. Жылжымалы блоктың көмегімен массасы 3 т жүкті 6 м биіктікке көтергенде, тростың керілу күші 16 кН. Блоктың ПӘК-і (Ж:94%.)

  54. Ұзындығы 0,6 м көлбеу жазықтықпен 20 см биіктікке 400 г жүкті бірқалыпты көтеру үшін 2,5 Н күш әсер етілсе, көлбеу жазықтықтың ПӘК-і (Ж:53 %).

  55. Гидравликалық престің кіші поршеніне түсірілген күш 400 Н, ал үлкеніне түсірілген күш – 36 кН. Осы престің күштен беретін ұтысы ... (Ж:90 есе)

  56. Гидравликалық престің кіші поршенінің ауданы 5 м2, үлкенінің ауданы – 500м2. Осы престің күштен беретін ұтысы ... (Ж:100 есе)

  57. Егер кіші поршеннің ауданы 1,2 м2, үлкен поршеннің ауданы – 1440 м2, кіші поршеньге әсер ететін күш 1000 Н болса, гидравликалық көтергіштің көмегімен көтеруге болатын дене массасы (Үйкеліс ескерілмейді) (Ж:120 т)

  58. Көлденең қималары әртүрлі екі қатынас ыдыстар сумен толтырылған. Олар поршеньмен жабылған. Жіңішке ыдыстың көлденең қимасының ауданы кең ыдыстікінен 100 есе кіші. Кіші поршеньге салмағы 10 Н жүк қойылды. Екі жүк те тепе-теңдікте болу үшін үлкен поршеньге қойылатын жүктің салмағы (Поршеньдердің салмағы ескерілмейді). (Ж:1 кН)

  59. Гидравликалық престің кіші поршенінің ауданы 10 м2. Оған әсер етуші күш 200 Н. Үлкен поршеннің ауданы 200 м2. Осы жағдайда үлкен поршеньге әсер ететін күш ...



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет