Индуктивтілігі 0,2Гн катушка арқылы өтетін жиілігі 100Гц айнымалы ток күшінің әсерлік мәні 1,01А. Индуктивтік катушкадағы кернеудің ең үлкен мәні (Ж: ≈179В)
Трансформация коэффициенті 10 төмендеткіш трансформатордың бірінші орамы 220В желіге қосылған, ал екінші орамының кедергісі 2Ом болғанда ток күші 3А болса, екінші орам ұштардыға кернеу (Ж: 16В)
Тұрақты магнит өрісінде айналатын рамада өндірілетін индукциясы ЭҚК-нің максимум мәні 20В. ЭҚК-нің бастапқы мәні 0 деп алып, периодтың 1/12 бөлігіндегі ЭҚК-нің лездік мәнін анықта (Ж: 10В)
Айнымалы ток тізбегіне кедергісі 4Ом индуктивтік катушка кедергісі 1Ом конденсатор және актив кедергі тізбектей жалғанған. Егер тізбектің толық кедергісі 5Ом болса, тізбек ұштарындағы кернеу мен ток күшінің фаза айырмасы( Ж: arccos 0.8)
Жиілігі 50Гц айнымалы ток тізбегіне кедергісі 2Ом актив кедергі, сыйымдылығы 3мкФ конденсатор және индуктивтік катушка тізбектей жалғанған. Осы тізбекте резонанс болған кездегі индуктивтік кедергі ( Ж: 1000Ом)
Айнымалы ток тізбегіне жалғанған сыйымдылығы 1мкФ конденсатордың кедергісі 16Ом болса, айнымалы ток жиілігі (Ж: 10кГц)
Сыйымдылығы 1мкФ конденсаторды айнымалы ток тізбегіне жалғағанда кедергісі 16Ом болса, айнымалы ток периоды (Ж: 0,1мс)
Сәуленің шағылу бұрышы β=540-қа тең болса, онда жазық айнамен түскен сәуле арасындағы бұрыш (Ж: 360)
Абсолют қара дененің сәуле шығаруының қуаттылығы 17,3Вт-қа тең. Осы дененің бет ауданын 3,05см2-ге тең деп алсақ, онда σ=5,67∙10-8Вт/м2∙К4 кезіндегі температураның мәні (Ж: 1000К)
Ең жақсы көру қашықтығы 25см-ге тең қалыпты көз үшін фокус аралығы 4см-ге тең лупаның беретін үлкейтуі