Дене тәрбиесі сабағында жүктеме мөлшерін анықтау, тамыр соғысын өлшеу, тіркеу хаттамасын жүргізу Сабақта белсенді, тәртіпті, дене тәрбиесі сабағында орташа үлгеретін бір оқушының тамыр соғуын әрбір 3-5 минөт сайын 9-16 рет есептеп, хаттамаға тіркеп отырамыз. Тамыр соғысын сол қолдың немесе мойындағы күре тамырдың қан тамырын ортаңғы үш саусақтың ұшымен ақырын басып санау арқылы есептейміз. Тамыр соғысы 10 секөнд бойы есептеледі де 6-ға көбейтіліп, бір минөттағы жүрек соғу жиілігі анықталып отырады. Ол көрсеткіш хаттаманың № 2, № 3 бағанасына жазылады. № 4 «Қимыл-әрекет түрлері» бағанасына тамыр соғысын есептеу алдында оқушының орындаған әрекет түрі жазылады. Тамыр соғуын өлшеу мәліметтері хаттамада көрсетілген (1-кесте).
1-кесте. Дене тәрбиесі сабағында жүктеме мөлшерін анықтау хаттамасы
Күні ...
Сынып...
Сабақ міндеттері ...
Сабақ жүргізуші ...
Хаттама жүргізуші ...
Бақылаудағы оқушы ...
Тамыр
соғысын
есептеу уақыты
Ж С Ж
--- -----
Қимыл-әрекет түрлері
Ескертулер
10 сек ---1 мин
Сабаққа дейін
12
72
Тыныштық күйінде
3
14
84
Сапқа тұру, сабақ міндетін хабарлау
6
16
96
Жүру жаттығулары
9
20
120
Жүгіру жаттығулары
12
21
126
ЖДДЖ орнында тұрып орындау
15
22
132
ЖДДЖ қозғалыста орындау
18
19
114
Оқушыларға жаттығу
техникасын түсіндіру
21
24
144
Допты қос қолмен жоғарыдан қабылдау
24
26
156
Допты қос қолмен төменнен қабылдау
27
20
120
Допты торға түсіру әдісін түсіндіру
30
28
168
Жүгіріп келіп допты торға түсіру
33
31
186
«Баскетбол» ойынын ойнау
36
25
150
Орнында тұрып допты торға лақтыру
39
22
132
Орнында тұрып допты торға лақтыру
42
19
114
Босаңсыту жаттығулары
45
14
84
Қорытындылау, баға қою
Әрбір 3 мин сайын тамыр соғысын өлшеулер орындалып, хаттама толық толтырылып, сабақ біткеннен кейін біз алынған мәліметтер бойынша оқушы ағзасындағы физиологиялық жүктеме өзгерістерінің қисық сызықтары графигін сызамыз.
190-
180-
Осы қисық сызықтарды қарау арқылы біз дене тәрбиесі сабағының кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерінде сабақ жүктемесі қалай берілгенін білуімізге болады. Дұрыс өткізілген сабақтың кіріспе бөлімінде жүктеме біртіндеп көтеріледі, жүрек соғу жиілігі 130-140 соғу/минөт деңгейіндегі, кіші және орта жүктемеде орындалады. Сабақтың негізгі бөлімінде жүктеме жоғарылап екі-үш жүктеме шыңдарымен өткізіледі. «Жүктеме шыңдары» дегеніміз – жоғары жүктеме беру көрінісі. Біздің графигімізде ол 24-ші және 33-ші минөттарда көрініс беріп тұр. Дұрыс өткізілген қорытынды сабақ бөлімінде жүктеме төмендетіліп, жаттығушылар ағзасы бастапқы қалыптарына жақындаулары керек. Біздің үлгі ретінде көрсеткен суретімізде дене тәрбиесі сабағының дұрыс өткізілген көрінісін көріп отырсыздар (1-сурет).
Дене тәрбиесі мұғалімі осы қисық сызықтар суреті арқылы сабақ бөлімдеріндегі жүктеме нәтижелерін айқын көруіне, сол арқылы келешек жұмыстарына өзгерістер енгізулеріне болады.