Кіріспе №1 ДӘріс. Дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері мен дене тәрбиесі жүйесі Жоспары


Спорттың тәрбиелік-еңбектік қызметі



бет50/55
Дата16.10.2023
өлшемі459,64 Kb.
#116473
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55
Спорттың тәрбиелік-еңбектік қызметі. Спорттық іс-әрекетке, әсіресе оның ұйымдастырылуына еңбекке деген тиісті қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында қарапайым, ақыл-ой және қоғамдық-пайдалы еңбек мүмкіншіліктерін жүйелі пайдалану қажет. Дәлірек айтқанда, еңбекке, әсіресе оның қоғамдық-пайдалы түрлеріне деген қарым- қатынас адамның тәрбиелену деңгейін анықтайды. Өзі үшін, ұжым үшін еңбектене білу кез келген адам мен мемлекеттің тіршілік қарекетінің және дамуының негізі болып табылады. Спортпен айналысуда ең алдымен өмірлік қажетті іскерліктер мен дағдыларға үйренесің, дене сапасы, ауыр дене жүктемелерін жеңе білу және көп жағдайда еңбек іс- әрекетімен ұқсас қажуларға қарсы тұра білу дамиды. Спортпен айналысатын тұлға да өз іс-әрекетінің осы және басқа ерекшеліктерінің арқасында еңбектің әр түрлерін меңгеруіне неғұрлым жақын әрі оларды меңгеру де едәуір жеңіл болады.
Спорттың арнайы-педагогиккалық қызметтері. Спорттың арнайы-педагогикалық қызметтері ретінде спорттың үш қызметін бөліп алуға болады: денсаулықты нығайтушы, дене білімділігін қамтамасыз етуші және дене тәрбиелілігін арттырушы. Спорттың денсаулықты нығайтушы қызметі. Денсаулықты нығайту тұрғысынан дене жаттығуларымен айналысу – бұл екі жағы да өткір мәселе. Дене жаттығуларын дұрыс қолдана білу нығайта алады, ал дұрыс қолданбау – адам денсаулығына зиян. Осы спорттық іс-әрекетке байланысты жаттығудың сауықтыру бағыттары қағидатының талаптары сақталуы және тиісті сауықтыру әсері болуы тиіс. Осы мақсатта, бір жағынан, спортшылардың денсаулығын қорғау мәселелерінде маман- дандырушы дене шынықтыру-сауықтыру диспансерлерінің желісі қызмет етеді және, екінші жағынан, спорттық жаттығулар құралдары мен әдістерін дұрыс таңдауды, спортшының ағзасын қайта қалпына келтіруді ұйымдастыруды қарастыратын спортшыларды даярлау үдерісін дұрыс жоспарлау мен басқару орын алуы тиіс. Спорттың дене білімділігін қамтамасыз ететін қызмет.
Спорттық іс-әрекеттің арнайы білімдер, іскерліктер мен дағдыларды меңгеруге және кеңейтуге бағыттылығы оған білім беру миссиясын енгізетін ерекшеліктер береді. Ол қозғалыс іскерліктерімен, дағдылар- мен және мамандандырылған білімнің айрықша жүйесімен байланысты болса, спортпен айналысушылардың дене бітімі мен осы негізде спорттың ерекше қызметтерінің пайда болуы туралы айту заңдылық.
Спорттың дене тәрбиелілігін арттыратын қызметі. Жалпы, негізгі дене сапаларын дамыту спорттың кез келген түрімен бірге 16 жүреді, ал олардың әрқайсысы ерекше спорттық сайыстардың пәні болып табылады. Спортпен айналысқан адам шапшаң, күшті, пысық және шыдамды, басқаша айтқанда, дене жағынан тәрбиелі болады. Спорттық іс-әрекеттің осы жағының арқасында спорттың тиісті қызметтерінің пайда болуын атап өтуге болады. Осылайша, спорт қызметтерінің жоғарыда айтылған номенкла- турасы оның қоғамның мемлекеттік маңызды міндеттерін шешуде ерекше әлеуметтік-педагогикалық маңызын неғұрлым толық көрсетеді.


13 ДӘРІС.Спорттық жаттығулардың сипаттамасы

Жоспар:
1. Спорттық жаттығулардың мақсаты мен міндеттері.
2. Спорттық жаттығулар құралы.
3. Спорттық жаттығулардың әдістерi.
4. Спорттық жаттығулар әдістерінің негізгі компоненттері
13.1.Спорттық жаттығулардың мақсаты өзін дене жағынан жетілумен, рухани байлықпен және моральдық тазалықпен байланыстыратын тұлғаның үйлесімді дамуы негізінде жоғары спорттық нәтижеге жету болып табылады.
Спорттық жаттығулардың міндеттері шешімі кәсіби мәнге ие бола- тын педагогикалық мәселелердің екі тобы болып табылады. Олар – өзіндік мазмұны бар ортақ және арнайы міндеттер. Спорттық жаттығулардың ортақ міндеттері дене тәрбиесімен, эсте- тикалық, адамгершілік және еңбек тәрбиесімен қатар қарас- тырылатын тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуының міндеттерін ұсы- нады. Олардан басқа ортақ міндеттер тобына спортпен айналысатындар- дың барлық құрамымен жұмыста шешілетін білім беру және сауықтыру міндеттері де жатады.
Спорттық жаттығулардың арнайы міндеттері спорттың әр түрінде, спортшылардың дене, техникалық, тактикалық, психологиялық және теориялық дайындықтары саласында пайда болатын кәсіби проблемалармен байланысты.
Олардың ішінде келесі міндеттер неғұрлым маңызды- лары болып табылады :
а) дене тәрбиесі саласында:
– спортшының барлық негізгі дене сапаларын дамыту;
– спортшының қозғалыс әлеуетін арттыру.
б) техникалық дайындық саласында:
– қозғалыс дағдыларының көлемін арттыру;
– жаңартылған спорттық техника талаптарына сәйкес қозғалыс дағдысын қайта жасау;
– жоғары тұрақтылық пен қозғалыс дағдыларының вариативтілігіне жету.
в) тактикалық дайындық саласында:
– спорттық тактиканың теориялық негіздерін меңгеру;
– қарсыластар мүмкіншіліктерін зерделеу;
– тактикалық тәсілдер мен амалдарды меңгеру;
– тактикалық ойлауды дамыту;
– тактикалық шеберлікке жету.
г) психологиялық дайындық саласында:
– мақсаткерлікті қалыптастыру;
– спортшы психикасының моральдық, зияткерлік, эстетикалық, эмоциональдық және жігерлі қасиеттерін дамытуға ықпал ету.
д) теориялық дайындық саласында:
– арнайы білімдер шеңберін меңгеру;
– ақпараттың арнайы көздерімен жұмыс жасау іскерліктерін қалыптастыру;
– ақыл-ой сапаларын дамыту. Спортшыларды даярлау үдерісіндегі ортақ міндеттерді шешу нәтижелері спортшының биік идеялылығы мен тәрбиелілігі, ал арнайы міндеттерді шешу нәтижесі – жоғары деңгейде жаттығушылық болып табылады. Ортақ және арнайы міндеттерді шешудің кешендіқорытындысы спортшының жан-жақты дайындығы болып табылады
Спорттық жаттығулар құралдарының көптүрлілігі үш топқа бөлінеді: – негізгі; – көмекші; – жалпы педагогикалық. Спорттық жаттығулардың негізгі құралы дене жаттығулары болып табылады.
Спорттық жаттығулар үдерісінде көптеген дене жаттығулары қолданылады. Жаттықтыру үдерісінде қолданылатын дене жаттығулары үш нұсқаға жіктеледі. Бірінші нұсқада спорт пәнімен ұқсастығы ескеріле отырып, дене жаттығулары «дайындық» және «сайыстық» жаттығулар болып бөлінеді. «Дайындық» жаттығуларының негізгі мәні сайыстарда нәтиже көрсетуге кепілдік беретіндей деңгейде сайыс жаттығуларын меңгеруді қамтамасыз ету. Екінші нұсқада қозғалыс құрылымдарының ерекшеліктері ескеріле отырып, «жалпы дайындық» және «арнайы дайындық» дене жаттығулары болып бөлінеді. Сонымен бірге «жалпы дайындық» өз құрылымы бойынша сайыстық жаттығулардан барынша ажыратылатын дене жаттығулары, керісінше «арнайы-дайындық» жаттығулары сайыс жаттығуларымен белгілі құрылымдық ұқсастығы бар дене жаттығулары болып табылады. Үшінші нұсқада дене жаттығулары орындалатын жұмыстың бағыттылығына байланысты «жинақтаушы» немесе «дамытушы» болуы мүмкін. Жинақтаушы жаттығу қозғалыс техникасын меңгеруге, ал дамытушы тиісті дене сапаларын дамытуға бағытталған.
Сайыс жаттығуларының негізгі міндеті спортшының сайыс әрекетінің тиісті деңгейде қамтамасыз етілуі. Осыған байланысты спортшының жұмыс режімі ескеріле отырып, жаттығулар «жеке- сайыстық» және «сайыстың жаттықтыру түрлері» болып бөлінеді.
Спорттық жаттығулардың көмекші құралдары – табиғаттың табиғи күштері (күннің, ауаның және судың шынықтыру мүмкіндіктерін 52 пайдалану), жеке бастың және қоғамдық гигиена іс-шаралары, спортшы режімі, қайта қалпына келтіру құралдары мен оқу-жаттықтыру үдерісін материалдық-техникалық қамтамасыз ету. Көмекші құралдарың негізгі міндеті – жалғас факторлардың әсеріне төзе алуды қамтамасыз ету. Спорттық жаттығулардың жалпы педагогикалық құралдары ауызша, көрнекі, сенсорлық-түзету ықпалдары, сондай-ақ психореттеуші жаттығулардың мүмкіндіктері болып табылады. Олардың негізгі міндеті дене жаттығуларын ұйымдастыру және сапалы өткізу үдерісіне ықпал етумен байланысты.


13.2. Спорттық жаттығулар әдістері. Спорттық жаттығуда бес нұсқаға жіктелетін сан алуан әдістер қолданылады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет