Кіріспе №1 ДӘріс. Дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері мен дене тәрбиесі жүйесі Жоспары



бет18/70
Дата12.01.2022
өлшемі178,76 Kb.
#23986
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   70
Байланысты:
Дене тәрбиесі

Қателердің шығу себептері: оқушылардың үйрену міндеттерін дұрыс ұқпауынан, үйрету жобасын дұрыс құрмауынан, жалпы дене дайындығының төмендігінен, өз күшіне сенбеуінен, батылдықтың жетіспеуінен, сабақты ұйымдастыру талаптарының бұзылуынан, ағзаның тез болдыруынан, алдыңғы үйренген қозғалыс-әрекеттерінің кері әсерінен, сабақ өткізетін жердің, құрал-жабдықтардың педагогикалық талаптарға сай еместігінен.

Қатені көру оңай болғанмен, оның шығу себептерін білу қиынға соғады. Сондықтан да дене тәрбиесі маманы қатенің шығу себептерін жақсы білуі, қатені түзету жолдарын дұрыс анықтай алуға тиісті. Қателерді түзету ережелері өте көп. Олардың дене тәрбиесі тәжірибесінде жиі кездесетіндеріне тоқтала кетейік:

- қайта түсіндіру, жаттығуды қайта көрсету арқылы оқушы қатесін ұғындыру;

- алдымен тұрпайы, тәсіл негізін бұзатын қателерді, сонан соң ұсақ қателерді түзету;

- мұғалімнің қателерді түзету нұсқаулары, оқушылардың дене мүмкіншіліктеріне байланысты болуы қажет. Ондайды қатені түзету кезінде пайдаланған жаттығуларды орындап жіберген жөн.

Қатенің шығуы, оны түзету көбінесе жаттығуды қайталау сипатына байланысты. Ол қарапайым қайталау және өзгермелі қайталау болып бөлінеді. Қарапайым қайталау стандартты жаттығулар техникасын үйренгенде пайдаланылады, оқушылардың қимыл-әрекеті мұғалімнің көрсеткеніндей орындауын талап етеді. Күрделі қайталау қозғалыс-әрекетін әр түрлі жағдайда орындай алатын икемділікті талап етеді. Сол мақсатпен қозғалыс әрекетін қайталау әр түрлі ауыспалы нұсқаларда, түрліше жағдайда орындалады. Оқушылар жаттығулардың стандартты орындау тәсілін тұрақты игергенде ғана күрделі қайталауды пайдалану қажет. Бұл кезеңде үйрету әдістерінің барлық топтары қолданылады: сөзді қолдану әдістері (талқылау, орындаған тапсырманы талдау т.б.); көрнекі қабылдау әдістері (кинограмма, бейнежазулар, тез хабарлау жабдықтары), тәжірибелік әдістер (жеке бөлшектеп үйрету, тұтас үйрету).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет