Кіріспе №1 ДӘріс. Дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері мен дене тәрбиесі жүйесі Жоспары


Дене тәрбиесі сабағын педагогикалық тұрғыдан талдау, бағалау



бет70/70
Дата12.01.2022
өлшемі178,76 Kb.
#23986
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70
Байланысты:
Дене тәрбиесі

Дене тәрбиесі сабағын педагогикалық тұрғыдан талдау, бағалау

Дене тәрбиесі мұғаліміне педагогикалық талдау және бағалау екі түрлі мақсатта қажет болады. Бірінші - өзінің сабақ беруін, қандай дәрежеде бере алатынын бағалау, қандай мәселелерге назар аудару керек екенін білу. Екінші – әріптестерінің сабақ өткізулерін талдау, бағалау. Жалпы білім беретін мектептерде мұғалімдердің бір-бірлерінің сабақтарына қатысуы, сабақ өткізу туралы пікірлерін айтуы, сабақтарын талдауы, бағалауы көбірек жүргізілсе дұрыс бола ма деп ойлаймыз. Осындай бір-бірлерінің сабақтарына көп қатысып, жақсы жақтарын қабылдаса, жаңалықтар кірсе ол мектеп мұғалімдерінің кәсіптік шеберліктерінің өсуіне жақсы ықпалын тигізер еді. Жас мұғалімдерге өте үлкен тәжірибе болар еді. Қазіргі кезде сабақты талдаудың мектеп мұғалімдері білетін бірнеше педагогикалық әдістері бар, ол әдістер көптеген әдебиеттерде жазылған. Біздің ұсынып отырған дене тәрбиесі сабағының гистограммасы ең бір оңай, дене тәрбиесі сабағының қалай өткенін тез анықтайтын әдіс. Бұл ұсынылған әдісіміз дене тәрбиесі сабақтарын талдауда кең қолданылып кетеді деген ойдамыз. Бақылау гистограмасын 13-кестеден қараңыз.

1-кесте. Дене тәрбиесі сабағын бақылау гистограммасы

№ … орта мектеп. Сабақ жүргізуші ... « » ... 200... ж.

Сабаққа бақылау, талдау жүргізушілер....


р/с

Мазмұны


Балл

Ескер-

тулер


1



2

3

4

5







I

Кіріспе бөлім






















1

Оқушылардың сыртқы түрі






















2

Басталуы, сабақ міндетін түсіндіруі






















3

Өзіне сенімділігі, дауысы, оқушылармен

қарым-қатынасы
























4

Дене қыздыру жаттығуларын таңдауы, беруі






















II

Негізгі бөлім






















5

Тапсырманы түсіндіруі, орындатуы






















6

Берілген жаттығуларды дұрыс таңдауы






















7

Оқушылардың тәртібі, жат-ы орындауы






















8

Сабақ бөлімдеріне, негізгі жаттығуларға

уақыт дұрыс бөлінуі
























9

Сабақ тығыздығын ойластыруы






















10

Жүктемені дұрыс беруі






















11

Үйрету, қайталау үрдісіндегі нәтиже






















III

Қорытынды бөлім






















12

Ағзаны қалпына келтіру, босаңсыту

жаттығуларын дұрыс беруі
























13

Сабақ қорытындылары






















14

Үй тапсырмасын беруі






















IV

Сабақтың жалпы параметрі






















15

Сабақ конспектісі






















16

Сабақ орнын дайындауы






















17

Сабақ құрылысының сақталуы






















18

Сабақтың жалпы, қозғалтушы тығыздығы






















19

Жүктеме мөлшерін дұрыс беруі






















20

Өзін-өзі бағалауы






















V

Жалпы алған балл сандары






















VI

Қорытынды





















Сабақты бағалауға қатысқан кезде алдын ала дайындалған гистограммадағы 20 түрлі мәселелерге жауап беріп, баға жазылған бағаналарға «+» қойып отырамыз. Сабақ аяқталғаннан соң «+» қойылған бағаларды «балл» деп жазылып тұрған бағанаға 1-5 балл түрінде толтырамыз. Барлық балдар санын қосып, 20 санына бөлу арқылы сабақтың орта арифметикалық бағасын шығарамыз. Бұл гистограмманың бір тиімділігі барлық мұғалімдерді бір түрлі ортақ мәселе, параметрлер арқылы бағалай аламыз.


Спорттың арнайы қызметтері

Жоспар:

1. Спорттың дайындық-еңбек қызметтері.

2. Спорттың дайындық-қорғаныс қызметтері.

3. Спорттың эталондық қызметі.

4. Спорттың эвристикалық (ізденушілік) қызметі. С

5. Спорттың мәдени-ойын-сауық қызметі.


12.1.Спортқа жақын ұғым «қызмет» оған қоғам мен адамға ықпал ету қасиетінің объективті берілуін білдіреді. Оның ықпал ету сипаты сан қырлылығымен және әртүрлілігімен ерекшеленеді. Олардың ең ба- стылары қоғамның әлеуметтік маңызды мәселелерін шешуге, жаңа адам тәрбиелеу ісіне қосатын үлестерге ықпал ететін, спорттың арнайы міндеттерін шешудегі ықпалдар болып табылады. Осыған байланысты спорт социологиясы спорт қызметтерінің, олардың байқалу деңгейлеріне қарай әлеуметтік, жалпыпедагогикалық және арнайы педагогикалық спорт қызметтері болып бөлінуін қарастыратын жіктеулерін ұсынады. Спорттың әлеуметтік қызметтері тобы мемлекеттің жалпы әлеуметтік мәселелерін шешуге ықпал ететін спортқа тән объективтік қасиеттерді, ал жалпыпедагогикалық – жаңа адам тәрбиелеу жүйесі мәселелерін және арнайы педагогикалық адамның денесі жағынан жетілуі мәселелерін көрсетуге арналғанын атап өту керек. Спорттың арнайы қызметтері Спорттың әлеуметтік мәні 6 қызметтен көрінеді: Олар дайындық- еңбек, дайындық-қорғаныс, эталондық, эвристикалық (ізденушілік), мәдени-көріністік және беделдік қызметтері болып табылады.

Спорттың дайындық-еңбек қызметтері. Еңбек кез келген қоғамның тіршілік қарекеті негізін қамтамасыз етеді. Олармен еліміздің қуаттылық деңгейі сипатталады. Спорттық іс-әрекеттің көрсетілген қызметтері жемісті жұмыс жасауға қажетті тұлғаның барлық қасиеттері мен сапаларын ептеп дамыту жолымен жүзеге асырылады. Спорттың дайындық-қорғаныс қызметтері. Әлемде өркениеттің әртүрлі деңгейі бар, проблема үнемі туындап отырады және қорғаныс та қажет. Осыған байланысты мемлекеттік деңгейде спорттың әскери-іргелі түрлерінің қызмет етуі, адамдарды әскери қорғаныс жағдайларына қажет болатын арнайы қозғалыс іскерліктеріне, дағдылар мен білімге әдеттендіру бойынша шаралар қабылдануда. Спорттың әскери-іргелі емес түрлері сабақтарына келсек, онда тұрғындардың дене тұрқын жетілдірудің жалпы деңгейлерін, дайындықтарын арттырудың, денсаулықтарын нығайтудың да стратегиялық маңызы бар.

Спорттың эталондық қызметі. Спорттық іс-әрекет өз негізінде сайыс жаттығуларын орындау барысында көрсетілетін белгілі көрсеткіштерді үнемі салыстырумен және жақсартуға ұмтылумен қатар жүреді. Осыған байланысты барлық спорттық нәтижелер мен спортшылардың жетістіктері өзінше адамды дене тұрғысынан жетілдірудегі өлшемдер мен бағыттар болып табылады. Арнайы әзірленген бағалау кестелеріне, бірыңғай спорттық жіктеуге, «Ден саулық» дене шынықтыру-спорт кешені мен басқа да нормативтік құжаттарға келсек, олар, жалпы алғанда, спорттың өзіндік эталондық қызметтерін орындауға себін тигізеді. Спорттың эвристикалық (ізденушілік) қызметі. Спорттық іс- әрекетке үнемі ізденушілік сипат тән. Әрбір рекордтық жетістікке үміт- керлер ағзаны жұмылдырудың неғұрлым тиімді әрі жаңа құралдарын және тәсілдерін іздеуге, рекордтық нәтиже шығаруға қабілетті спортшыны даярлаудың ойластырылған және орынды жүйесін құруға және пайдалануға тиіс және мәжбүр. Осыған байланысты спорт табиғатына іздену сипаты тән. Спорттың мәдени-ойын-сауық қызметі. Адамзаттың мәдени сұраныстары белгілі дәрежеде сабақ және спортпен айналысу арқылы да қанағаттандырылады, сондай-ақ спорттың эстетикалық қасиеттерін, оның көріністілігін кеңінен пайдалану, сондай-ақ спорт тілінің әмбебап- тылығы мен қолжетімділігінің және өткірлігінің арқасында спорт адамзаттың рухани сұраныстарын қанағаттандыруда айрықша пән екенін көрсетеді. Бұл қажеттіліктер коммуникация техникалық құрал- дары, әсіресе, теледидар мүмкіндіктерінің арқасында едәуір кең қанағат- тандырылуда және көптеген спорттық сайыстар мен көріністердің нәтижесінде спорт әуесқойларының үлкен армиясына қол жеткізе бастадық. Спорттың беделдік қызметі. Мемлекеттердің, соның ішінде халықтардың өз құндылығын паш етуге ұмтылуы спорт саласы бойынша да жүзеге асырылады, себебі оның артында табынушылар мен 14 әуесқойлардың үлкен армиясы тұр. Осыған байланысты Олимпиадалық ойындарда, әлем мен континент чемпионаттарында, сондай-ақ басқа да халықаралық сайыстарда кез келген халық пен мемлекет үшін жеңіс үлкен бедел мен ерекше мақтаныш ісі болып табылады. Осы мақсаттар үшін кез келген қоғам өмірінде спорттың айрықша миссиясы туралы дәлелдейтін жоғары білікті спортшылар даярлау жүйесі құрылады.

Спорттың жалпы педагогикалық қызметтері Жаңа адамды жалпы педагогикалық ретінде тәрбиелеу түрлерін ескере отырып, спорттың 4 түрлі қызметін бөліп алуға болады (6-су- рет) – ақыл-ой-тәрбиелік, адамгершілік-тәрбиелік, эстетикалық-тәрбие- лік және тәрбиелік-еңбек.

Спорттың ақыл-ой-тәрбиелік қызметі. Спорттық іс-әрекет тек спортшының ой-өрісін ғана үнемі кеңейтуді қарастырмайды, сондай-ақ әлеуметтік, медико-биологиялық, арнайы-педагогикалық және ұйым- дық-әдістемелік сипаттағы білім жүйелерін жүйелі меңгеруді де талап етеді. Әрекеттің мәнін үнемі түсіну қажеттілігі спортпен айналысу- шылардың интеллектуалдық деңгейінде оң көрініс табатын аналитика- лық қабілеттер мен ақыл-ойдың басқа сапаларын дамытуға ықпал етеді. Адамзаттың даму тарихы терең ақыл-ой қабілеттерінің дене дайындығы мен үйлесімін тапқан біршама жарқын тұлғаларды біледі (мысалы, бірінші Петр – Ресейдің ұлы реформаторы, өз кезеңінде жұдырық ұрысы бойынша Олимпиадалық ойындарда чемпион болған математик Пифагор, бокста жақсы нәтижелерге жеткен ағылшын ақыны Байрон және басқалар).
12.2.Спорттың адамгершілік-тәрбиелік қызметі. Спортпен айналысу барысында мінез-құлық және басқа адамдармен, команда мүшелерімен, оның табынушыларымен өзара қарым-қатынас нормалары мен ережелері туралы ерекше ұғымдар жүйесі қалыптасады, елді халықаралық алаңда танытумен байланысты үнемі бәсекелестіктен туған Отанға деген айрықша қатынас, патриоттық, достық сезімі, серіктестік пен команда ұжымы үшін жауапкершілік неғұрлым айқын қалыптасады. Осыған байланысты спорт өскелең ұрпақты адамгершілік тұрғысынан тәрбиелеудің мықты құралы болып табылады.

Спорттың эстетикалық-тәрбиелік қызметі. Спорттық іс-әрекет пен сайыстардың ерекше әдемілігі мен көрнекілігі тиісті тартымды- лығымен ерекшеленеді және ойлануды, музыка құралдарын дұрыс әрі білікті пайдалануды, қозғалыс өнерінің мүмкіндіктерін талап етеді, мінез-құлық әдеттерін қалыптастырады, таңдаулы спорттық талғамның болуына ықпал етеді. Осы және басқа да мүмкіншіліктер салтанатты Олимпиадалық ойындар, Универсиадалар, Әлем және континент чемпионаттары сияқты ірі сайыстардың спорттық-мәдени, театр- ландырылған көріністермен ашылуына, синтезделген әдемілікке, дене 15 жетілуіне және адам денсаулығына, әдемілік пен үйлесім, эмоционалдық қайғы мен эстетикалық талғам туралы түсінік қалыптастыра отырып ықпал етеді.

Спорттың тәрбиелік-еңбектік қызметі. Спорттық іс-әрекетке, әсіресе оның ұйымдастырылуына еңбекке деген тиісті қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында қарапайым, ақыл-ой және қоғамдық-пайдалы еңбек мүмкіншіліктерін жүйелі пайдалану қажет. Дәлірек айтқанда, еңбекке, әсіресе оның қоғамдық-пайдалы түрлеріне деген қарым- қатынас адамның тәрбиелену деңгейін анықтайды. Өзі үшін, ұжым үшін еңбектене білу кез келген адам мен мемлекеттің тіршілік қарекетінің және дамуының негізі болып табылады. Спортпен айналысуда ең алдымен өмірлік қажетті іскерліктер мен дағдыларға үйренесің, дене сапасы, ауыр дене жүктемелерін жеңе білу және көп жағдайда еңбек іс- әрекетімен ұқсас қажуларға қарсы тұра білу дамиды. Спортпен айналысатын тұлға да өз іс-әрекетінің осы және басқа ерекшеліктерінің арқасында еңбектің әр түрлерін меңгеруіне неғұрлым жақын әрі оларды меңгеру де едәуір жеңіл болады.

Спорттың арнайы-педагогиккалық қызметтері. Спорттың арнайы-педагогикалық қызметтері ретінде спорттың үш қызметін бөліп алуға болады: денсаулықты нығайтушы, дене білімділігін қамтамасыз етуші және дене тәрбиелілігін арттырушы. Спорттың денсаулықты нығайтушы қызметі. Денсаулықты нығайту тұрғысынан дене жаттығуларымен айналысу – бұл екі жағы да өткір мәселе. Дене жаттығуларын дұрыс қолдана білу нығайта алады, ал дұрыс қолданбау – адам денсаулығына зиян. Осы спорттық іс-әрекетке байланысты жаттығудың сауықтыру бағыттары қағидатының талаптары сақталуы және тиісті сауықтыру әсері болуы тиіс. Осы мақсатта, бір жағынан, спортшылардың денсаулығын қорғау мәселелерінде маман- дандырушы дене шынықтыру-сауықтыру диспансерлерінің желісі қызмет етеді және, екінші жағынан, спорттық жаттығулар құралдары мен әдістерін дұрыс таңдауды, спортшының ағзасын қайта қалпына келтіруді ұйымдастыруды қарастыратын спортшыларды даярлау үдерісін дұрыс жоспарлау мен басқару орын алуы тиіс. Спорттың дене білімділігін қамтамасыз ететін қызмет.

Спорттық іс-әрекеттің арнайы білімдер, іскерліктер мен дағдыларды меңгеруге және кеңейтуге бағыттылығы оған білім беру миссиясын енгізетін ерекшеліктер береді. Ол қозғалыс іскерліктерімен, дағдылар- мен және мамандандырылған білімнің айрықша жүйесімен байланысты болса, спортпен айналысушылардың дене бітімі мен осы негізде спорттың ерекше қызметтерінің пайда болуы туралы айту заңдылық.

Спорттың дене тәрбиелілігін арттыратын қызметі. Жалпы, негізгі дене сапаларын дамыту спорттың кез келген түрімен бірге 16 жүреді, ал олардың әрқайсысы ерекше спорттық сайыстардың пәні болып табылады. Спортпен айналысқан адам шапшаң, күшті, пысық және шыдамды, басқаша айтқанда, дене жағынан тәрбиелі болады. Спорттық іс-әрекеттің осы жағының арқасында спорттың тиісті қызметтерінің пайда болуын атап өтуге болады. Осылайша, спорт қызметтерінің жоғарыда айтылған номенкла- турасы оның қоғамның мемлекеттік маңызды міндеттерін шешуде ерекше әлеуметтік-педагогикалық маңызын неғұрлым толық көрсетеді.



13 ДӘРІС.Спорттық жаттығулардың сипаттамасы

Жоспар:

1. Спорттық жаттығулардың мақсаты мен міндеттері.

2. Спорттық жаттығулар құралы.

3. Спорттық жаттығулардың әдістерi.

4. Спорттық жаттығулар әдістерінің негізгі компоненттері
13.1.Спорттық жаттығулардың мақсаты өзін дене жағынан жетілумен, рухани байлықпен және моральдық тазалықпен байланыстыратын тұлғаның үйлесімді дамуы негізінде жоғары спорттық нәтижеге жету болып табылады.

Спорттық жаттығулардың міндеттері шешімі кәсіби мәнге ие бола- тын педагогикалық мәселелердің екі тобы болып табылады. Олар – өзіндік мазмұны бар ортақ және арнайы міндеттер. Спорттық жаттығулардың ортақ міндеттері дене тәрбиесімен, эсте- тикалық, адамгершілік және еңбек тәрбиесімен қатар қарас- тырылатын тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуының міндеттерін ұсы- нады. Олардан басқа ортақ міндеттер тобына спортпен айналысатындар- дың барлық құрамымен жұмыста шешілетін білім беру және сауықтыру міндеттері де жатады.

Спорттық жаттығулардың арнайы міндеттері спорттың әр түрінде, спортшылардың дене, техникалық, тактикалық, психологиялық және теориялық дайындықтары саласында пайда болатын кәсіби проблемалармен байланысты.

Олардың ішінде келесі міндеттер неғұрлым маңызды- лары болып табылады :

а) дене тәрбиесі саласында:

– спортшының барлық негізгі дене сапаларын дамыту;

– спортшының қозғалыс әлеуетін арттыру.

б) техникалық дайындық саласында:

– қозғалыс дағдыларының көлемін арттыру;

– жаңартылған спорттық техника талаптарына сәйкес қозғалыс дағдысын қайта жасау;

– жоғары тұрақтылық пен қозғалыс дағдыларының вариативтілігіне жету.

в) тактикалық дайындық саласында:

– спорттық тактиканың теориялық негіздерін меңгеру;

– қарсыластар мүмкіншіліктерін зерделеу;

– тактикалық тәсілдер мен амалдарды меңгеру;

– тактикалық ойлауды дамыту;

– тактикалық шеберлікке жету.

г) психологиялық дайындық саласында:

– мақсаткерлікті қалыптастыру;

– спортшы психикасының моральдық, зияткерлік, эстетикалық, эмоциональдық және жігерлі қасиеттерін дамытуға ықпал ету.

д) теориялық дайындық саласында:

– арнайы білімдер шеңберін меңгеру;

– ақпараттың арнайы көздерімен жұмыс жасау іскерліктерін қалыптастыру;

– ақыл-ой сапаларын дамыту. Спортшыларды даярлау үдерісіндегі ортақ міндеттерді шешу нәтижелері спортшының биік идеялылығы мен тәрбиелілігі, ал арнайы міндеттерді шешу нәтижесі – жоғары деңгейде жаттығушылық болып табылады. Ортақ және арнайы міндеттерді шешудің кешендіқорытындысы спортшының жан-жақты дайындығы болып табылады

Спорттық жаттығулар құралдарының көптүрлілігі үш топқа бөлінеді: – негізгі; – көмекші; – жалпы педагогикалық. Спорттық жаттығулардың негізгі құралы дене жаттығулары болып табылады.

Спорттық жаттығулар үдерісінде көптеген дене жаттығулары қолданылады. Жаттықтыру үдерісінде қолданылатын дене жаттығулары үш нұсқаға жіктеледі. Бірінші нұсқада спорт пәнімен ұқсастығы ескеріле отырып, дене жаттығулары «дайындық» және «сайыстық» жаттығулар болып бөлінеді. «Дайындық» жаттығуларының негізгі мәні сайыстарда нәтиже көрсетуге кепілдік беретіндей деңгейде сайыс жаттығуларын меңгеруді қамтамасыз ету. Екінші нұсқада қозғалыс құрылымдарының ерекшеліктері ескеріле отырып, «жалпы дайындық» және «арнайы дайындық» дене жаттығулары болып бөлінеді. Сонымен бірге «жалпы дайындық» өз құрылымы бойынша сайыстық жаттығулардан барынша ажыратылатын дене жаттығулары, керісінше «арнайы-дайындық» жаттығулары сайыс жаттығуларымен белгілі құрылымдық ұқсастығы бар дене жаттығулары болып табылады. Үшінші нұсқада дене жаттығулары орындалатын жұмыстың бағыттылығына байланысты «жинақтаушы» немесе «дамытушы» болуы мүмкін. Жинақтаушы жаттығу қозғалыс техникасын меңгеруге, ал дамытушы тиісті дене сапаларын дамытуға бағытталған.

Сайыс жаттығуларының негізгі міндеті спортшының сайыс әрекетінің тиісті деңгейде қамтамасыз етілуі. Осыған байланысты спортшының жұмыс режімі ескеріле отырып, жаттығулар «жеке- сайыстық» және «сайыстың жаттықтыру түрлері» болып бөлінеді.

Спорттық жаттығулардың көмекші құралдары – табиғаттың табиғи күштері (күннің, ауаның және судың шынықтыру мүмкіндіктерін 52 пайдалану), жеке бастың және қоғамдық гигиена іс-шаралары, спортшы режімі, қайта қалпына келтіру құралдары мен оқу-жаттықтыру үдерісін материалдық-техникалық қамтамасыз ету. Көмекші құралдарың негізгі міндеті – жалғас факторлардың әсеріне төзе алуды қамтамасыз ету. Спорттық жаттығулардың жалпы педагогикалық құралдары ауызша, көрнекі, сенсорлық-түзету ықпалдары, сондай-ақ психореттеуші жаттығулардың мүмкіндіктері болып табылады. Олардың негізгі міндеті дене жаттығуларын ұйымдастыру және сапалы өткізу үдерісіне ықпал етумен байланысты.



13.2. Спорттық жаттығулар әдістері. Спорттық жаттығуда бес нұсқаға жіктелетін сан алуан әдістер қолданылады

Бірінші нұсқа: Қозғалыс әрекетінің ерекшеліктері ескеріле отырып, қатаң реттелген жаттығулар әдістері, спорттық жаттығулардың сайыстық және ойын әдістері тобына бөлінеді. Сонымен бірге қатаң регламенттелген жаттығулар тобына жатқызылатын әдістер:

– спортшы әрекетінің алдын ала анықталған және берілген бағдарламаға толық сәйкестігімен;

– дене жүктемелері негізгі компоненттерінің нақты мөлшерленуі- мен және олардың міндетті түрде орындалуымен;

– қалаған мақсатқа жетуге ықпал ететін қолайлы сыртқы жағдайлардың жасалуымен және сақталуымен сипатталады.

Қатаң регламенттелген жаттығулар әдістері өзіндік әдістемелік мәні бар үш кіші топтың типтік белгілері бойынша біріктірілген әдістердің біршама тобын қамтиды. Олар стандартты, ауыспалы және кешенді жаттығулар әдістері болып табылады. Сонымен бірге стандартты жаттығулар әдістері біркелкі, қайталама және стандартты-толассыз, ауыспалы жаттығулар әдістері біркелкі-жеделдетілген, интервалдық және аралас әдістерді, ал кешенді ықпалдар әдістері «фартлек» (төңірекке жүгіру ойындары) және айналма жаттығуларды біріктіреді.

Біркелкі әдіс демалыссыз ұзақ уақыт бойы орындалатын циклдік сипаттағы дене жұмысынан тұрады.

Қайталама әдіс қатаң жүктеме мөлшерімен орындалатын, стандарттық сипаттағы және орындалу ұзақтығы, сондай-ақ жаттығу тәсілдері арасында берілетін демалысы бар дене жұмысынан тұрады. Стандартты-толассыз әдіс демалыссыз, толассыз орындалатын жалпы дамытушы жаттығулар кешенін орындаудан тұрады.

Біркелкі-жеделдетілген әдіс мәрелік жеделдетумен аяқталатын циклдік сипаттағы дене жұмыстарын орындаудан тұрады.

Интервалдық әдіс тапсырмалар сериясын, олардың арасындағы белгілі бір аралықты орындаудан тұрады. Кейде жаттығуларды орындау арасындағы демалыс аралығының артуын білдіретін ілгерілетуші орындау түрінде немесе жаттығуларды орындау арасындағы тиісті демалыс аралығының азаюын білдіретін кері кете орындау түрінде қолданылады.

Аралас әдіс қозғалу тәсілдерін өзгерте отырып, дене жаттығуларын орындаудан тұрады. Фартлек қозғалудың әртүрлі жылдамдықтарын меңгеруге бағытталған ашық төңірекке жүгіру ойынынан тұрады. Жаттығудың айналма әдісі шартты түрде бөлінген және «стансаларды» айнала орналасқан жерге жалпы дамытушы сипаттағы дене жаттығуларын бір мезетте орындаудан тұрады.

Спорттық жаттығулардың ойын әдісі дәстүрлі үш нұсқада қолданылады:

– дайындық жаттығуларымен және қозғалыс ойындарымен бірге (тіземен регби);

– арнайы әзірленген дайындық ойындарын қолдана отырып (мысалы, пионербол);

– классикалық спорттық-ойын материалы қолданып (баскетбол, футбол және т.б. ойындары). Спорттық жаттығулардың сайыс әдісі де үш нұсқада қолданылады:

– қысқа мерзімді бағамдау түрінде;

– жартылай ресми сайыстар түрінде;

– ресми сайыстар түрінде.

Екінші нұсқа: Дене жаттығуларының техникасын меңгеру ерекшеліктері ескеріле отырып, спорттық жаттығулар мынадай әдістерге бөлінеді:

– спорттық жаттығулардың бөлшектелген әдісі (жаттығу күрделі болған кезде, оны игеруге көп уақыт пен күш қажет болғанда қолданылады);

– спорттық жаттығулардың біртұтас әдісі (жаттығу жеңіл болған кезде, уақыт пен күшті талап етпейтін жағдайда қолданылады);

– спорттық жаттығулардың біртұтас-бөлшектелген әдісі (тұтас қозғалыста жаттығулардың жекелеген бөліктерін біріктіру мүмкіндігінен тұрады және спорттық жаттығулардың бөлшектелген әдісін қолданғаннан кейін біраз уақыттан соң қолданылады).

Үшінші нұсқа: Ағза қызметіне әсерінің сипаты ескеріле отырып, спорттық жаттығулардың келесі әдістері ажыратылады:

– іріктеу әсері әдісі жаттығушы ағзаның жекелеген қызметтері мен тетіктерін мамандандыра дамыту мүмкіндігінен тұрады (мысалы, энергиямен қамтамасыз етудің креатинфосфаттық тетігі);

– спортшы ағзасының көптеген тетіктері мен қызметтеріне кешенді әсер етуден тұратын генералданған ықпалдар әдісі.

Төртінші нұсқа: Сайыс әрекетін модельдеу дәрежелері ескеріле отырып, ішінара және тұтастай модельдеу әдістері болып бөлінеді. Олар бәрінен бұрын спортшыларды ірі спорттық жарыстарға тактикалық даярлауда немесе спортшыны рекордтық нәтижеге жетуге даярлау үшін қолданылады.

Бесінші нұсқа: Спортшыларды даярлау түрлерінің ерекшеліктері ескеріле отырып, спорттық жаттығулар әдістері келесі топтарға бөлінеді:

– спортшының дене дайындығының әдістері;

– спортшының техникалық дайындығының әдістері;

– спортшының тактикалық дайындығының әдістері;

– спортшының психологиялық дайындығының әдістері;

– спортшының теориялық дайындығының әдістері.

Спорттық жаттығулар әдістерінің алуан түрлілігі практикалық жұмыста талаптардың айрықша шеңберін сақтай отырып қолданылады. Олардың қатарына төмендегілер жатады:

– спорттық жаттығулар үдерісінде қолданылатын әдістердің алуан түрлері;

– спорттық жаттығулардың әдістерін қолданудың әрбір жағдайының мақсатқа сай болуы;

– спорттық жаттығулардың келесі міндеттерін шешу үшін тиісті база құру қажеттілігі;

– орындалатын дене жаттығуларының ерекшеліктерін ескеру;

– спортпен айналысушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру;

– дене жаттығулары орындалатын климаттық жағдайларды ескеру;

– спортшыларды даярлау кезеңдерін ескеру


14 ДӘРІС.Ірі жаттықтыру циклдерінің құрылымы

Жоспар:

1. Спорттық жаттығуды кезеңге бөлу негіздері.

2. Спорттық жаттығуларды дайындық кезеңінде құру ерекшеліктері.

3. Спорттық жаттығуларды сайыс кезеңінде құру ерекшеліктері.

4. Спорттық жаттығуларды өтпелі кезеңде құру ерекшелік-

тері.
14.1.Спорттық жаттығудың үлкен циклі үшін жылдық жаттықтыру циклінің құрылымы неғұрлым типті болып табылады. Оны үш кезеңге бөледі: дайындық, сайыс және өтпелі. Көрсетілген кезеңдер спорттық пішінге ие болу, оны сақтау және жоғалту заңдылықтарына сәйкес бөлінеді.

Спорттық пішін спортшының жоғары спорттық нәтиже көрсетуге оңтайлы дайындығын білдіреді. Ол физиологиялық, психологиялық және интегральдық белгілер кешенімен (мысалы, жүрек-қан тамыр, тыныс алу жүйелерінің жақсы функционалдық жай-күйімен, ұрыс дайындығы немесе жоғары техникалық-тактикалық дайындық жай- күйімен) сипатталады. Спорттық пішіннің негізгі және жанама өлшемдері. Спорттық пішіннің негізгі өлшемдері ресми спорттық сайыстар кезінде көрсетілетін спорттық нәтиженің өзі болып табылады.

Спорттық пішіннің жанама өлшемдері техникалық, тактикалық, психологиялық дайындық көрсеткіштері, жүрек-қан тамыр, тыныс алу, бұлшықет жүйелерінің және т.б. функционалдық жағдайының көрсеткіштері болып табылады. Цифрлық бейнесі бар спорттық пішіндердің өлшемдері екі топқа бөлінеді:

– ілгерілеу өлшемдерінің тобы;

– тұрақтылық өлшемдерінің тобы. Ілгерілеу өлшемдері өсу дәрежесі мен спортшы жетістіктерінің абсолюттік деңгейі бойынша спорттық пішінді сипаттайды. Ондағы көрсеткіштер екеу.Олар:

– жаттығудың өткен цикліндегі үздік жетістіктер мен жаттығудың ағымдағы цикліндегі қарастырылатын нәтиже арасындағы айырмашылықтар шамасы (айырмашылық қаншалықты көп болса, спорттық пішінге ие болу мүмкіндігі де соншалықты);

– бақылау сайыстары мен бірінші старттар нәтижелері арасындағы айырмашылық шамасы (айырмашылық қаншалықты болса, спорттық пішінге ие болу мүмкіндігі де соншалықты). Тұрақтылық өлшемдері ие болған спорттық пішіннің мықтылық дәрежесін сипаттайды. Ондай өлшемдер бар болғаны үшеу.

Олар:

– спорттық нәтижені есептік аймақ шегінде көрсету. Спорттың циклдік түрлерінде төменгі шекара ең жоғарғы жеке нәтиженің 98%, ал спорттың циклдік емес түрлерінде ең жоғарғы жеке нәтиженің 95-97% шегінде анықталады;

– спорттық пішіннің есептік аймағына сай келетін спорттық нәтижелер арасындағы уақыттың орташа аралығы (аралық неғұрлым аз бол- са, соғұрлым спорттық пішінде болу мүмкіндігі артық);

– спорттық нәтиже есептік аймақтан төмен түспейтіндей аралықта уақыттың жалпы ұзақтығы (уақыт неғұрлым ұзақ болса, спорттық пішінге келу мүмкіндігі соғұрлым жоғары).

Спорттық пішіннің жоғарыда көрсетілген өлшемдерінің ақпаратты- лығы сайыстарға түсу жиілігіне тәуелді. Спорт практикасында апта сайынғы старттар неғұрлым объективті ақпарат алуға ықпал етеді. Сабақты спорттық жаттығудың әр кезеңі шеңберінде өткізе отырып, спецификалық талаптарды ескеру, іске асырылатын міндеттер ерек- шеліктерінің неғұрлым толық ескерілуін сақтау қажет. Сондықтан спорттық жаттығудың әр кезеңі шеңберінде ұйымдас-тырылатын жаттығу үдерісі спецификалық белгілерімен сипатталады.

Спорттық жаттығуды дайындық кезеңінде құру ерекшеліктері Спорттық жаттығудың дайындық кезеңі спорттың көптеген түр- лерінде екі кезеңге бөлінеді: жалпы дайындық және арнайы дайындық кезеңдері. Сонымен бірге жоғарыда көрсетілген кезеңдердің әрқайсысында өткізілетін сабақтар төмендегі белгілерімен сипатталады: а)

Жалпы дайындық кезеңі. Жаттықтыру бағыттылығы: спорттық пішін қалыптасатын ба- зада алғышарттарды құру, кеңейту және жетілдіру.

Міндеттер:

– ағзаның функционалдық мүмкіндіктерінің жалпы деңгейлерін арттыру;

– дене сапаларын жан-жақты дамыту; – қозғалыс дағдылары мен іскерліктер қорын кеңейту. Қолданылатын құралдар. Жалпы және арнайы дене дайындығы құралдарының айрықша арақатынасы белгіленеді. Жаңа келгендермен жұмыста ол 3:1, спортшы-разрядшылармен жұмыста 3:2 және жоғары білікті спортшылармен жұмыста 1:1 арақатынастарында белгіленеді.

Жаттықтыру сабақтарының белгілері:

– спорттық жаттығуда жалпы дене дайындығының әртүрлі құралдары кеңінен қолданылады;

– спорттық жаттықтыруда сайыс жаттығуларын қолдануға біраз шектеу қойылады;

– дене жүктемесі көлемінің артуы оның қарқын-дылығының өсу екпінін қамтуы тиіс;

– жаттықтыру үдерісінде базалық және тартатын мезоциклдер жиі қолданылады.

б) Арнайы дайындық кезеңі Жаттықтыру бағыттылығы: спорттық пішіннің тікелей қалы- птасуын қамтамасыз ету.

Міндеттер:

– оңтайлы дайындық компоненттерінің үйлесімді бірлігіне қол жеткізу;

– арнайы жаттықтырушылықты жоғары дәрежеде дамыту. Қолданылатын құралдар. Жалпы және арнайы дене дайындығының қолданылатын құралдарының арақатынасына түзетулер енгізілуде. Жалпы дене дайындығының көлемі жаңа бастаушы спортшыларда 50%- ға дейін, спортшы-разрядшыларда 40%-ға дейін және жоғары білікті спортшыларда 30%-ға дейін төмендейді.

Жаттықтыру сабақтарының белгілері:

– жаттықтыру үдерісіне психологиялық дайындық қосылады;

– сайыс жаттығуларын қолдану біртіндеп арттырылады;

– жаттықтыру үдерісіне бақылау старттарына қатысу да жатады;

– жаттықтыру үдерісі оның қарқындылығы есебінен өсу үрдісіне ие;

– орындалатын жұмыс қарқындылығын арттыру салдарынан жүктеме көлемін қысқарту жалпы дайындық жаттығуларының төмендеу үлесі есебінен қамтамасыз етіледі;

– жаттықтыру үдерісінде базалық, бақылау-дайындық және сайыс алдындағы мезоциклдер жиі қолданылады.


14.2.Спорттық жаттығуларды сайыс кезеңінде құру ерекшеліктері.

Жаттықтыру бағыттылығы: спорттық пішінді сақтауды қамта- масыз ету.

Міндеттер:

– спортшылардың сайыстарда ойдағыдай шығуын қамтамасыз ету;

– сайыстың шектеулі жүктемелеріне арналған функционалдық дайындықты қамтамасыз ету;

– спортшының техникалық-тактикалық дайындығын жетілдіру;

– спортшылардың тікелей психологиялық дайындығын қамтамасыз ету.

Қолданылатын құралдар. Сайыстарға белсене қатысатын спортшылармен жұмыста орталық орынға ие болатын сайыс жаттығулары мен оның жаттықтыру түрлері кеңінен қолданылады. Жаттықтыру үдерісінің белгілері:

– спортшыны даярлау түрлерінің айрықша бағыттылығы қамтама- сыз етіледі (мысалы, дене дайындығының ағзаның функционалдық дайындығын қамтамасыз етуге арналған бағыттылығы болады):

– спортшыны даярлау түрлерінің тығыз бірлігі қамтамасыз етіледі;

– сайыс жаттығулары мен оларды орындау әдістерін кеңінен қолдану есебінен ағзаның ішкі резервтерін толық жаңарту қамтамасыз етіледі;

– біршама сайыс жүктемелерін орындағаннан кейін ағзаның қайта қалпына келу заңдылығын ескере отырып, тиімді деген сайыстарға қатысуды жоспарлау қажет;

– негізгі сайысқа дайындықтың тікелей кезеңін ұйымдастыру мүмкіндігі қарастырылады;

– сайыс іс-әрекетін модельдеу мүмкіндігі және сайыстарға түсу сипаты қарастырылады; – көбінесе мезоциклдердің сайыс және базалық түрлері қолданыла- ды.

Өтпелі кезеңде спорттық жаттығуды құру ерекшеліктері Жаттығу бағыттылығы: спортшының белсенді демалысын, жал- пы дене, психикалық және басқа да жүктемелер түскен ағзаны қайта қалпына келтіруді қамтамасыз ету.

Міндеттер: – ағзаның қайта жаттығуын алдын ала ескерту;

– спорттық жаттығудың аяқтаушы және кезекті үлкен циклдері арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету. Қолданылатын құралдар. Жалпы дайындық сипатындағы, спортшы ағзасының белсенді демалысын қамтамасыз ететін жалпы дамыту жаттығулары жиі қолданылады.

Жаттықтыру сабақтарының белгілері:

– спорттық іс-әрекеттің сипатын ауыстыруды қамтамасыз ету қажет;

– біртипті, бірқалыпты дене жаттығулары мен жүктемелер жарамайды;

– сабақ ашық жерлерде, орманда, таза ауасы бар таулы жерлерде жоспарланады;

– сабақтың ұзақтығы, орындалатын жұмыстың көлемі мен қарқындылығы біршама қысқарады;

– көбінесе мезоциклдердің қайта қалпына келтіруші-қолдаушы және қайта қалпына келтіруші-дайындық түрлері қолданылады.

Қорытынды орнына: Спорттық жаттығудың кезеңдерге бөліну мәселелерін талқылай ке- ле, спорт мамандары арасында спорттық жаттығуды кезеңдерге бөлу біркелкі емес деген тұжырым қалыптасқан. Атап айтқанда, 1988 жылы спорттың циклдік түрлері арнайы бағытқа салынған, Сеулде өткен Олипиадалық ойындарда спортшылардың ойынын талдау әмбебап спортшылардың белгілі табыстарға қол жеткізгендерін куәландырады. Мысалы, К. Отто, М. Бионди 6 және 5 медальдан иеленді (жүзуден). 2 және одан да көп медальдарға ие болған спортшылар арасында АҚШ өкілдері – 19, ГДР – 16, КСРО – 8, Венгрия – 4. Басқаша айтқанда, жоғарыда көрсетілген фактілерден шығатыны екі мектеп нәтиже- лерінің байқалуы бар: біріншісі – спортшының пәндік мамандануын және спорттық жаттығу заңдылықтары байқалуының барлық талаптарын толық сақтау қарастырылатын тар мамандандырылған мектеп, екіншісі – қатаң мамандануды ескермейтін белгілі дәрежедегі әмбебап мектеп. Бірінші мектеп шеңберінде спорттық жаттығуды кезеңдерге бөлу анық байқалады, ал екіншісінде – жоқ.

Жеңіл атлетика бойынша кенияның белгілі маманы Д. Вильзен 1966 жылы африкандық спортшыларды жаттығудың еуропалық маусымдарынан алдын ала ескертеді.

Ол спорттық жаттығудың кезеңге бөлінуін білмеді. Ол туралы оған А.Д. Новиков пен Л.П. Матвеевтің редакциясымен дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі оқулығы шыққаннан кейін 1968 жылы ғана белгілі болды. Д. Вильзен жоғары сайыс және жан-жақты дайындық жақтасы болды. Кезеңдерге бөлу идеяларымен қаруланбастан кения мамандары төзімділікке жүгіруде белгілі нәтижелерге қол жеткізді. Мысалы, Сеулдегі Олимпиадалық ойындарда олар күміс және қола медалдарды қоспағанда, 4 алтын медальға ие болды. Мұндай табысқа әлемнің жеңіл атлетикадан бірде бір құрама командасы жетпеген. Бұл ойындарда КСРО гимнастшылары 11 алтын, 5 күміс және 3 қола медаль иеленді. Сондай-ақ гимнастшылары 12 медаль топтамасына, ал спорттың циклдік түрлерінің өкілдері 92 медаль топтамасына ойнады. «Спорттық жаттығуды кезеңдерге бөлу» тұжырымдамасын белгілі профессор В.Ю. Верхошанский де көнерген деп есептейді (4). Спортшыларды жеңіл атлетиканың жылдамдық-күш пәндері, жүзу, 138 ескек, шаңғы жарысы және теннис бойынша даярлау практикасында «жаттығудың блоктық жүйесі» қолданылады. Ол жүктемелер мазмұнының белгілі бір концентрациясын (мысалы, күш дайындығы немесе жылдамдық дайындығы бойынша) және жеткілікті уақыт ішінде мамандандырылған жаттығу өткізуді қарастырады. Жоғары білікті спортшы үшін, мысалы, үш үлкен блок ұсынылады.

Ю.В. Верхошанскийдің пікірі бойынша, спортшыларды даярлаудың көне жүйесінің типтік белгісі «жаттықтыру жүктемелерін ұйымдастырудың кешенді-параллельді түрі» болып табылады. Бұл әдістемелік қағидатқа сәйкес бір жаттығу сабағында және микроциклде қозғалыс қабілеттерінің әр түрі бір мезетте дамыды (мысалы, … жылдамдығы, күші, төзімділігі). Мұндай тәсіл барлық осы түрлерді бір мезетте жетілдіруге ықпал етеді деп саналған. Ағзаны жаттықтырушы әсерлер жүктемелердің үш параметрімен: оның көлемімен, қарқындылығымен және олардың үйлесуінің толқын тәрізді белгісімен реттеледі. Ең бастысы «Егер қарсыласты жеңгің келсе, одан артық жаттығу керек». Ол жаттықтыру жұмыстары көлемінің үздіксіз артуымен қосталды. Экстра- классты спортшыда спорттық шеберлікті құрайтын – энергия көздерінің қуаттылығы мен сыйымдылығы, күш қабілеттері, қозғалыс жылдамдығы мен локомоциялар, техникалық шеберлік, спецификалық төзімділік жоғары дамыған. Олардың деңгейлерін тағы арттыру үшін энергияны көп шығындауды талап ететін бұлардың әрқайсысына жоғары қарқынды спецификалық ықпалдар қажет. Егер бұл міндетті жүктемелердің кешенді-параллельді жүйелері негізінде шешсек, бұл жүктемелерге ағзаның тиісті бейіндік реакциялары арасында қарама-қайшылық туындайды. Мұндай жағдайларда ағза олардың спецификалық белгілерін жояды және ондай жаттығуды қарадүрсін «жалпы дене дайындығына» айналдырады. Сонымен, спорттық жаттығуды кезеңдерге бөлу мәселесінде қарама қайшы пікірлер бар. Жекелеген теориялық пікірлердің қателігі туралы «Спорттық пішін заңдылықтарының байқалу ерекшеліктері мен ағзаны спорттық іс-әрекетке бейімдеу» бөлімінде толығырақ айтылған.
15ДӘРІССпорттағы жоспарлау

Жоспар:

1. Спорттағы жоспарлау негізі.

2. Спорттағы өзекті жоспарлау.

3. Спорттағы ағымдық жоспарлау.

4. Спорттағы жедел жоспарлау
15.1.Спорттағы жоспарлау

Спорттағы жоспарлау – қоғамдық даму мен қазіргі заманғы ғылы- ми-техникалық прогресс мүмкіндіктері негізінде спорттың дамуын ұйымдастыру және жүзеге асыру. Спорттағы жоспарлау объектісі мыналар:

1. Қоғамдық құбылыс ретінде спорттың дамуы. Бұл саладағы мамандарды спорттың мынадай белгілері қызық- тырады: – спортпен шұғылданушылардың саны; – спорттың әр түрімен шұғылданушылардың саны; – разряды бар спортшылардың саны; – күрделі спорттық жарыстарға қатысу нәтижесі; – спорттық инвентарь мен шығарылатын құралдардың саны, іске келтірілген спорттық базалардың саны. Бұл көрсеткіштердің ресми сипат бар және индикативті жоспарлау мен статистика органдары кемінде 5 жылға дейін ескереді.

2. Дене шынықтыру және спорт саласында ғылыми-зерттеу жұмысының дамуы. Дене шынықтыру және спорттың дамуы үшін педагогика, медико- биологиялық, психологиялық, әлеуметтік сала бойынша іргелі әрі қолданбалы ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастырып, оны жүргізу үшін Дене шынықтыру және спорт мемлекеттік басқармасының орталық органы (қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Туризм, спорт және жастар саясаты жөніндегі мемлекеттік комитеті), мемлекеттік органдардың ғылым басқармасы, (қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Үкіметінің Ғылым және зияткерлік меншік мемлекеттік агенттігі) ғылыми зерттеу жұмысының жиынтық жоспарын бекітіп қарастырады.

3. Жаттықтырушы кадрлар мен дене шынықтыру және спорт бойынша ұйымдастырушы-басқарушы қызметкерлердің ғылыми- педагогикалық дайындығы. Ереже бойынша мұндай индекативті жоспар-болжам бес жылға жасалып, ресми мемлекеттік сипатта болады. Осыған орай, спорт түрлері бойынша жоғары арнайы білімімен жаттықтырушы кадрларды дайындау стратегиясы жасалады, сонымен қатар, дене шынықтыру және спорт бойынша нұсқаушылар мен ұйымдастыру-басқарушы қызмет- керлер дайындығы қарастырылған. Жоспарлаудың осы түрімен жоғары 150 санатты ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау мәселелерін шешу қарастырылады.

4. Спортшыны даярлау жүйесі. Берілген жоспарлау объектісі өте қиын болып келеді, оның сұранысы бойынша жоспарды жасаушы адам жоғары білікті болғаны жөн. Осыған байланысты, берілген мәселені шешу жолдары әртүрлі болады. Л.П. Матвеев, В.В. Кузнецов біліктілігі жоғары спортшыларды даярлау жүйесінің екі түрлі принципті тәсілін береді. Бұл авторлар жоспарлау мәселесін әртүрлі шешуді ұсынады. Жоғарыда аталғандар бойынша, жоспарлау әдіснамасында спорт түріне сәйкес жаттықтырушылардың практикалық жұмысында сирек кездесетіндіктен, біз төменде оны құрастырушылардың сұлбасын ұсынамыз. Сонымен, жоспарлаудың бұл саласында жаттығу жүйесін, жарыстар жүйесін, бағытталған қалпына келтіру жүйесін жоспарлау контексі айтарлықтар орын алады. Бұл аспектіде жоспарлаудың тиісті түрлері ажыратылады. Олар: перспективті, ағымдағы және жедел жоспарлау. Спортшыларды дайындау жүйесінің түрлі аспектілерінде жоғарыда аталған жоспарлау түрлерінің мазмұны әртүрлі. Жаттығу жүйесінде перспективті жоспарлау мәселесі келесі бағыттарда шешіледі:



15.2.Перспективті жоспарлау Перспективті жоспарлау бірнеше түрден тұрады. Әсіресе, аса тұрақтылары: • Спортшы дайындығының барлық кезеңдерін қамтитын жоспарлау. Мұндай жол түрінде спорттық көп жасау кезеңінде алдағы жұмыстың контурын белгілеумен базалық және тереңдетілген дайындық кезең- дерінде спортшы дайындығының стратегиясын нақтылайтын жоспарды құру мүмкін.

Жоспардың бұл түрі қатаң регламентсіз, еркін мәтіндік нысанда құрастырылады. • Олимпиадалық 4 жылдық циклді қамтитын жоспарлау. Бұл тұрғыда перспективтік жоспар құрудың көпшілік мақұлдаған нысаны бар. Ол әр олимпиадалық циклге құрастырылады және мына тараулардан тұрады:

– спортшының немесе команданың сипаттамасы (жалпы мәліметтер);

– нақты олимпиадалық циклдағы дайындық мақсаты мен міндеттері;

– дайындық кезеңдері мен ұзақтылығы; – дайындықтың әр кезеңінің негізгі жарыстары; – спортшы дайындығы әр кезеңінің жаттығу үдерісіне бағыттылығы;

– дайындықтың әр кезеңіне демалуды, жарыстарды және шұғылдануды бөлу;

– олимпиадалық циклдің жылдары бойынша спорттық-техникалық көрсеткіштер;

– спортшы дайындығының әртүрлі жақтарын сипаттайтын моделдің сипаттамалары мен көрсеткіштері;

– команда құрамындағы болуы ықтимал өзгерістер (толымдау мәселелері);

– педагогикалық және дәрігерлік бақылау;

– сабақтардың өту орындары, пайдаланылатын жабдықтар мен құралдардың ерекшеліктері.

Перспективті жоспарлауға қойылатын талаптар:

– перспективті жоспарлауда бірнеше ағымдағы жоспарларды механикалық өндірмеу және бір міндеттерді қайталамау керек;

– перспективті жоспарлауды құрастыру үшін спортшылардың бастапқы жағдайы мен спорт түрінің даму беталысын терең талдау керек;

– жоспарлау кезінде спорттық мамандықтың басталуы туралы, жоғары спорттық нәтижелерге жету үшін оңтайлы жас туралы деректерді ескеру керек;

– жоспарлау кезінде көпжылдық дайындық үдерісіндегі нәтижелердің динамикасын ескеру керек.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет