Кіріспе. 1990 жылдан бастап халық ағарту саласында болып жатқан өзгерістер


әдістемелік жол және тарих сабақтарында олармен жұмыс істеу тәсілі



бет16/28
Дата06.01.2022
өлшемі430 Kb.
#16745
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28
Байланысты:
ТОӘ Кітап

әдістемелік жол және тарих сабақтарында олармен жұмыс істеу тәсілі. 
2. Жұмыс істеу тәсілдері: 
а/  бейнелеу  көрнекілік  құралымен.  Тарихты  оқытуда  техникалық  құралдарды  пайда-
лану.  Оқытудың  техникалық  құралдары  (ОТҚ)  білім  берудің  конспектілігін,  бейнелігін, 
әсерлігін күшейтіп, оқушылардың шығармашылық қиялы мен ойлауын ынталандырады. 
Оқытудың  техникалық  құралдарының  арасынан  тарих  сабағында  экрандық  құралдар 
(диафильм,  дианозитив,  кодонозитив)  оқу  кинофильмдері,  телебағдарламалар, 
компьютерлік бағдарламаларды қолдануға болады. 
Мектеп  оқулықтарының  бағдарламасына  сай  дайындалған  диафильм,  дианозитивтерді 
қазіргі  кезде  мектептерде  өте  сирек  қолдануда.  Олардың  көпшілігі  жаңа  бағдарламаның 
мазмұнына  сай  келмегенімен,  оларды  саралап  пайдалану  тарих  сабағының  тиімділігін 
арттыруға көп септігін тигізеді. 
Мектеп  практикасында  көп  қолданылатын  ОТҚ  түрінің  бірі  —  кодоскол.  Ол  экранға 
немесе  сынып  тақтасына  мөлдір  пленкаға  салынған  сурет,  сызба,  диаграмма,  жазба 
мәтінді  көрсетуге  арналады.  Оны  қолданудың  бірқатар  артықшылықтары  бар.  Оған 
қажетті  сызбаларды  мүғалім  немесе  оқушы  оңай  әзірлей  алады,  оларды  бірізділікпен 
пайдаланыптақырып мазмұнына икемді сипат беруге болады, әрі кодоскопты пайдалану 
үшін бөлмені қараңғылаудың қажеті жоқ. 
Тарихты  оқытуда  кинофильм,  оқу  фильмдері  мен  телебағдарламаларды  қолданудың 
ұқсастықтары көп. Оларда оқушыларға сөз бен бейне түрінде  ұсынылады. Қысқа мерзімде 
оқушылар  аса  мол  акпаратпен  таныса  алады.  Фильмдер  арқылы  оқушылар  алыс 
күндердегі драмалық оқиғалардың ортасында болып, тарихи тұлғалардың, кейіпкерлердің 
жанды  дауысын  естиді.  Жалпы  тарих  сабағының  тиімділігін  арттыруда  бұл  оқу  түрінің 
болашағы зор. 
Компьютерлік багдарламалар тарихи оқиғаларды имитациялауға үлкен мүмкіндік береді. Өткен 
кезең  туралы  қомақты  да  жарқын  түсінік  бере  отырып,  компьютерлік  бағдарламалар 
оқулығының  тарихи  оқиғаға  араласып,  оған  ықпал  жасай  алуы  арқылы  қызығушылығын 
арттырады. Сол сияқты компьютер мүмкіндігін пайдаланып, тарихи процестерді ілгерлетуге  
болады. Тарихты оқытуда компьютерді қолдану алдағы уақытта кең өріс алады, бұл баланың 
жан-  жақты  білім  алуына    көмектеседі.Бұл  рейтинг  жүйесін  әр  мұғалім  өз  пәнінің 
ерекшеліктеріне  қарай  бейімдеп  жасауға  болады.  Керіп  отырсыздар,  мұғалім  окушыға 
күнделікті  сабақтыңтапсырмасына  қарағанда  күрелі,  ез  бетінше  жұмыс  жүргізуге  ба-ғыт-
бағдар  беріп  отыр.  Оқушы  бұл  тапсырмаларды  орындағанда  оқулық  материалын  толық 
біліп  қана  крймай,  өзінің  бойындағы  барлық  қабілетін  аша  отырып,  ойланып  жұмысын 
жүргізуі қажет. 
Бала  бойындағы  дарындылықты  ашуда  әрбір  ұстаз  өз  сабағында  жаңашыл  әдіс-тәсілдерге 
сүйеніп,  сабак  жүргізсе  өскелең  жастың  өмірге  нақты  көзқарасын  қалыптастыра  алады. 
Қалыптан  тыс  сабақтарды  оқушылармен  жүйелі  өткізу  олардың  сол  пәнге  деген 
қызығушылығын арттырады. 
Қазақстан  Республикасының  орта  білім  дамыту  тұжырымдамасыңда  көрсетілгендей, 
бүгінгі  білім  міндетін  тек  негізгі  үш  мақсат  шеше  алады:  олар  -  дүниетанымдылык, 
шығармашылық, терең білімділік. 
«Инновация», жаңа технология ұғымдары бүгіңде педагогика саласыңда жиі қолданыскатүсіп 
отыр.  Ол  дегеніміз,  білім  саласына  үнемі  ізденіс  және  білім  мазмұнын  емір  талабына  сай 
жақсарту, оқытудың әдіс-тәсілдерін жасау деген сөз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет