Кіріспе (2 сағат)



бет11/27
Дата03.11.2023
өлшемі5,62 Mb.
#121640
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27
Байланысты:
Лекция

5 тақырып (4 сағат)
Дәрістер жоспары:
5 Рудалы кеніштерді жерасты қазып өндіру.


Руда кенорындарының жалпы таугеологиялық сипаттамалары


5.1.1 Кенорындарының қуаты

Кендердің қазу жүйесін таңдау кезінде ескерілетін басты факторлардың біріне кен сілемдерінің қуаты (қалыңдығы) жатады. Кен сілемдерінің қуаты өте күрделі, өлшемі бойынша бірнеше сантиметрден ондаған метрге дейін өзгереді. Кеннің жалпы қуаты екі түрде сипатталады:


бірінші, негізгі қуаты – кен табаны мен төбе аралығының тікелей есептегендегі қашықтығын көрсетеді;
екінші, жазық қуаты – табаны мен төбе аралығының жазық беткейдегі қашықтығына тең. Кен сілемдерінің созылымына сәйкес, негізгі және жазық қуаттарының өлшемі жиі өзгеріп отыратын болғандықтан, есепте олардың жекелеген бөлшектері немесе орташа алынған қуатын көрсетеді.
Кен сілемдері қалыңдық шамасына қарай бес топқа бөлінеді:
жұқа қуатты: 0,7 - 0,8 метрден төмендер;
шағын қуатты: 0,8 - 3 метр аралығында;
орташа қуатты: 3 метрден 6 - 8 метрге дейін;
қалың қуатты: 6 – 8 метрден 15 - 20 метр аралығында;
өте қалың қуатты: 15 - 20 метрден жоғарғылар.
Өте жұқаларға жататын кенорындарында қазып алу кезінде бүйір жыныстарын қопару керек болады.
Жұқа қуатты кенорындарын қазған кезде бүйір жыныстарын қопару керектігі болмайды, бірақ кейде, жазық үңгілерді жүргізгенде бүйір жыныстарын қопару қажеттілігі туындайды.
Орташа қуатты кенорындарында дайындау және тазартпа үңглерін жүргізгенде бүйір жыныстары қопарылмайды.
Қалың қуатты кенорындарында тікелей жатқан қалың кенді жазық бойымен толық алуға болады.
Өте қалың қуатты кенорындарында тазартпа жұмыстары жүргізілгенде, олар, қалыңдығы бойынша блоктарға бөлініп, немесе жазылымына қарай тікелей алынады.


5.1.2 Құлама бұрышы (жатыс бұрышы)

Кенорындары генетикалық және тектоникалық құбылыстарға байланысты орналасуы және құлама бұрыштары бойынша әр түрлі болады. Құлама бұрышының шамасына қарай кенорындары келесідей топтарға бөлінеді:


жазық: 20 – 25 градусқа дейін;
көлбеу: 20 – 25 градустан 45 градусқа дейін;
күрт құлама: 45 градустан жоғары.
Көпшілік кенорындарындағы кендерге тікелей жату тән. Осындай жатысқа геологиялық бұзылыстар пайда болған желілер жатады. Өйткені, жерастындағы тектоникалық құбылыстарға байланысты тау-кен жыныстарының жылжуы тік бағытталған болып келеді және оны толтырған желілер де осы бағытта жатады. Бірақта уақытқа тәуелді, кейін білінетін, жерасты қозғалыстарына сәйкес желілер көлбеу құлама жатып та өзгеруі мүмкін, ал қазу жұмыстары олардың жатыстары бағытында өрбиді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет