Кіріспе (2 сағат)



бет25/27
Дата03.11.2023
өлшемі5,62 Mb.
#121640
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
Лекция

Шоғырланған учаскелерді қысқа кенжарлармен, дайындық үңгілерді алдынан ала өткізусіз қазып алу технологиялық жүйелері. Екібағытты жылжымалы КТД комплексімен қазу технологиясы

1966 жылы «Қарағандыкөмір» өндірістік бірлестігінің №3 Тентек шақтысында ең алғашқы рет дайындық үңгілерді алдынан ала өткізусіз, өрлеу бағытты жылжитын қысқа кенжар арқылы қазып алу технологиялық жүйесі ОКТ-1 тазартпа комплексін пайдалануымен іске асырылды. Сол сынақтың нәтижесінде осындай жаңа технологиялық жүйелерді пайдаланудың техникалық мүмкіншіліктері және мақсатқа лайықтылықтары анықталды. ОКТ (кейін КТ) комплекстерін пайдалануымен орындалатын қысқа кенжарлы технологиялық жүйелердің ең үлкен кемшілігі ретінде – алабтардың жылдам қазылатындығынан монтаждық - демонтаждық жұмыстарының жиілігі болды.


ОКТ мен КТ комплекстері, тазартпа кенжарларды керіс бұрып қазу технологиялардың тәжірибесін, монтаждық-демонтаждық жұмыстар мәселелерін талдауымен өткізілген зерттеулердің нәтижесінде, шоғырланған учаскелерді қысқа тазартпа кенжарлармен алдынан ала дайындау үңгілер өткізусіз технологиялық жүйесінің жаңа түрі табылып шықты. Ол екі бағыттық КТД комплексімен орындалатын қазу жүйесі.
Күрделі шоғырланған учаске таугеологиялық және таутехникалық себептерге байланысты бөлшектерге бөлінеді. Әр бөлшек кезекпен демонтаж жұмыстарынсыз екіжақтық комплекс арқылы қазылып алынады (11-сурет).
Көрсетілген сурет бойынша шоғырланған учаске төртке бөлінеді (І, ІІ, ІІІ, IV). Бірінші (І) учаске қазылып болған соң тазартпа комплексі келесі екінші учаскеге (ІІ) жылжытылып, орын ауыстырады. Механикаландырылған бекітпе жаңа монтаждық камераға секцияларда орнатылған гидродомкраттар арқылы жылжиды. Секциялардың конструкциялық орындалуы симметриялы

11-сурет. Шоғырланған учаскені КТД комплексімен қазып алу технологиялық жүйесі: I, II, III, IV – шоғырланған учаскенің бөлшектері және оларды қазып алу реті; 1 – тазартпа кенжар (ұзындығы 20 - 40 м), 2 - желдетпе жүріс, 3 – конвейер жүрісі, 4 – қазба машина (манипулятор немесе комбайн), 5 – екіжақтық жылжымалы механикаландырылған бекітпе (КТД) 6 – кенжар конвейері, 7 – шектес тіреулері, 8 - кенжар конвейерінің бұрыштық секциясы, 9 – жүріс конвейері, 10 – кенжар арқылы тасымалданатын жүріс тіреулері, 11 – тасымалдауға дайын және кенжардан тасымалданып өткен жүріс тіреуі, 12 – КТД бекітпесінің жоғарғы гидродомкраты, 13 – КТД бекітпесінің төменгі гидродомкраты

(екібағытты) болғандығынан (11-сурет, А-А көрінісі) жаңа учаскеде (І) комплекс қазу жұмысын керіс бағытпен жалғастыра береді. Суретте бағыттаушы белгілермен комплекстің әр учаскедегі жылжу жолдары көрсетілген. Жүріс үңгілеріндегі тіреулер қайта пайдаланылады. Тазартпа кенжардың артындағы жүріс үңгі жойылған сайын, тіреулері кенжар ішімен тасымалданып, жаңа орындалған жүріске қайта орнатылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет