Кіріспе (2 сағат)


Адамдардың қатысуынсыз орындалатын көмір қазу технологиялары



бет23/27
Дата03.11.2023
өлшемі5,62 Mb.
#121640
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
Лекция

Адамдардың қатысуынсыз орындалатын көмір қазу технологиялары

Адамдардың қатысуынсыз орындалатын көмір қазу технологиялары бойынша – көмір қазу кезінде тазартпа кенжарларда адамдар болуға тиісті емес. Бұндай технологиялар қазылған кеңістікті бекітумен да (тіреу орнату), бекітусіз де орындалуы мүмкін. Бірінші түрге агрегаттық қазу, дистанциялық жүйемен жұмыс істейтін машиналарды қолдану технологиялары жатады.


Екінші, тіреусіз істейтін технологиялар түрлеріне бұрғы-шанақтарды, скрепер-жоңғыштарды, арқан араларды, гидравликалық комбайндар мен мониторларды, жарылғыш заттарды және тағы басқа осындай сияқты құралдар мен жабдықтарды қолданатын технологяларды жатқызуға болады.
Бұрғы-шнекті қазу технологиясы. Бұл технология, жанжақты жыныстары тұрақсыз, құлама бұрыштары 15 градусқа дейін, қалыңдықтары 0,6 - 0,85 м жұқа тақталарда пайдалануға арналған. Бұрғы-шнекті қазу технологиясында орындалатын жұмыстардың реті келесідей. Аралықтары 0,3 метрден, тақтаның қалыңдығынан азырақ кіші диаметрмен саңылаулар бұрғыланады. Көмір, екішпинделді БУГ-3 (5-сурет) бұрғылау қондырғысымен, қазылып тасымалданады.

5-сурет. Бұрғы-шнекті қондырғы: 1 – шнекті бұрғы, 2 – шнекті бұрғыны, конвейерді ұзартқыш және жинақтауғыш құрал, 3 –бұрғы-шнекті машина, 4 – қырнауыш конвейер


Арқан аралары - жыныстары тұрақты, қалыңдықтары 0,3 - 5 м құлама көмір тақталарын қазып алуға арналған. Көмірдің жұмсақ болғаны бұл технология үшін өте жағымды. Ені 6 - 15 м көмір бағаналары, диаметрі 100 - 120 мм төтелдермен немесе пештермен

6-сурет. Арқан аралармен көмір қазу технологиялық схемасы: 1 – тартқыш, 2 – арқан араның қозғалтқышы, 3 – тартқыш арқан, 4 – ауытқушы блоктар, 5 – кесу құралдары (аралар), 6 – төтелдер
пішінделеді. Осы төтелдерден (пештерден) ара тәрізді атқару құралмен жабдықталған арқан өткізіледі. Ара арқан жоғары үңгіде орналасқан қозғалтқыш арқылы көмірді жоңғылап қопарады (6-сурет).
Сырма-жоңғыштар – қалыңдықтары 0,45 - 0,65 м көмір тақталарын қазып алады. Ұзындықтары 600 - 800 м қазба алабтары жазылым бойынша 80 - 100 м блоктарға бөлінеді. Блоктардың араларында, ені 3 - 5 м діңгектер қалдырылады. Әр блоктың көмірі, ені 20 - 25 м камералармен, алынады. Камералардың ұзындықтары 100 - 120 м құрайды. Камералардың араларында 1 - 2 метрлік діңгектер қалдырылады. Камерадағы көмірді УС2У сырма-жоңғыштармен қазады (7-сурет).

7-сурет. Скрепер-жоңғышпен көмір қазу технологиясы: 1 – скрепер-жоңғыштың қондырғысының қозғалтқышы, 2 – штректік конвейер, 3 – скрепер-жоңғыш, 4 – жұмыс камерасы, 5 – камера-аралық діңгек, 6 – айналмалы блоктың мәткесі, 7– тілмеш комбайн


Жарылғыш заттар арқылы көмірді алу үшін ұзын теспелер немесе төтелдер бұрғыланады. Бұл әдіс қалыңдықтары 5 м дейін, айналасындағы жыныстар тұрақты болатын құлама тақталарда пайдаланылады. Көмір қаттылығы әр түрлі болуы мүмкін. Этажды, көлбеу биіктіктері 20 - 30 м аралық этаждарға бөліп, жазылым бағытты ұзын бағаналы қазу жүйелері бойынша қолданады.
Көмір шақтыларында жарылғыш заттарды пайдалану қауіпті болғандықтан (әсіресе газды шақтыларда) бұл әдіс қазіргі кезде сирек пайдаланылады.
Гидравликалық әдіспен көмір қазу. Гидравликалық әдістерді, қалыңдықтары 0,9 метрден 20 метрге дейін, құлама бұрыштары 5-тен 80 градусқа дейін, газдылығы әр түрлі, күрделі көмір тақталарында пайдалануға болады.

8-сурет. Гидрошақтының көмір қазу технологиялық схемасы: 1 – су қоймасы (резервуар), 2 – жоғарықысымды сорғыш, 3 – су құбырлары, 4 – қойылтпаны соратын құбыр, 5 – көмір сорғыш, 6 – сужима (зумпф), 7 – науаша, 8 – гидромониторлар (комбайндар)
жұмыс істейтін кенжарлар

Көмірді су арқылы қазып өнімдейтін шақтының (гидрошақты) қарапайым технологиялық схемасы 4.58-суретте көрсетілген. Жоғарықысымды сорғыштардың әсерімен резервуардан құбырлар арқылы кенжардағы гидромониторларға су беріледі. Судың күшімен қопарылған көмір сұйық түрде науалар арқылы гидрокөтерме камераларына ағылады. Одан, тазаланған соң, зумпфқа жиналады. Зумпфта жиналған көмір мен су қойылтпасы көмірсорғыштармен


байыту комбинатына тасымалданады. Комбинатта кептіру, бөлу, байыту процесінен кейін көмір сұрыпталып вагондарға жүктеледі. Бөлінген су тазаланып қайтадан резервуарға жиналады.
Гидравликалық көмір қазуда шақты алабтары көлбеу де, тік оқпандармен да ашылуы мүмкін. Бірақта, тік оқпандар жиі пайдаланылады. Қосымша ашу үңгі ретінде, оқпанға қарай еңкейтілген, көлбеу квершлагтары өткізіледі. Шақты алабы блоктарға бөліну, бөлінбеуі де мүмкін. Жазық тақталар панелдік тәсілмен дайындалып, тек бремсбергті алабпен жұмыс істейді. Басқа тақталарда этаждық дайындықтар қолданылады.
Гидравликалық әдіспен қазып алуда қазу жүйелердің түрлері, қолданылатын көмір қазу және тасымалдау жабдықтарымен байланысты. Көбінесе, тазартпа жұмыстары 5К56МГ, ГПК6Г көмір қазу кобайндарымен және 12ГД2, ГМДЦЗМ сияқты гидромониторлармен орындалады.
Гидравликалық көмір қазу келесідей негізгі технологиялық жүйелерге бөлінеді:
қысқа тазарпа кенжарларда қазба үңгілерді гидромониторлар немесе комбайндар арқылы өткізумен орындалатын гидравликалық және механогидравликалық технологиялық жүйе;
кешенді-механикаландырылған ұзын тазартпа кенжарларда көмірді механикалық әдіспен қопарған соң, сумен шайып, су арқылы тасымалдау технологиялық жүйесі;
ұзын кешенді-механикаландырылған тазартпа кенжарларда көмірді механика-гидравликалық әдіспен қазып алу технологиялық жүйесі.
Көмірді жерасты газдандыру. Жерастындағы көмірді жанғыш газға айналдыру идеясын Д. И. Менделеев ойлап шығарған. Көмірді газдандыру жұмыстары 1930 - 36 жылдарда басталған.
Газдандыру станциясының негізгі агрегаты – жерасты газ генераторы, жер астындағы көмір тақталарынан газ шығаруды қамтамасыз етеді. Газ генераторы жерүсті және жерасты бөлімдерінен тұрады. Жербетінде орналасқан жерүсті бөліміне құбырлар, газогенератор жұмысын бақылайтын және басқаратын аспаптар кіреді. Жерастындағы бөлімге тақталарды ашатын саңылаулар, газдандыру каналдары, құрғату саңылаулары.
9-суретте тік құлама және құлама тақталарды шақтысыз, ағынды газдандыру тәсілінің схемасы көрсетілген.
Көмірді газдандыру үшін жерастына төтелдер арқылы ауа мен бу немесе оттегімен байытылған ауа үрленеді. Газдандыру каналдарында көмір мен үрленген ағын арасындағы химикалық процестер өтудің нәтижесінде жаңғыш газдар мен жылу пайда болады. Ол газдар саңылаулар арқылы жер бетіне шығарылады. Газдандыру дайындық үңгілерді өткізусіз орындалады.

9-сурет. Құлама тақталарда пайдаланылатын ағынды газ генераторының үлгілі схемасы: 1 – тік үрлеу төтелдері, 2 – су ағызу төтелдері, 3 – көлбеу үрлеу төтелдері, 4 – көлбеу газ-
шығарушы төтелдер




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет