Қашықтықтан оқыту технологиясының шығу тарихы Дамыған Европа мемлекеттері қашықтан оқытуды телеграф, пошта сервистері пайда болған XVIII ғасырдан бері қолданып бастаған. Студенттер оқытушы тапсырмасын пошта арқылы алып, ғылыми жоба негізінде жазып тапсыратын болған. Әрине, ол кезде интернет сайттар жоқ, кітапханаға барып, ізденіп жазып, пошта арқылы қайтадан жіберілетін болған. XX ғасырдан бастап, көптеген шетелдік жоғары оқу орындары қашықтан оқыту тәсілдерін іске қосып, тіпті, телеарналар мен радиолардың пайда болуы да бұл форматтың жандануына үлес қосқан. Бір кемшілігі студенттерде кері байланыс құралдары болмады. Ұлыбритания алғаш рет қашықтан оқытатын алып университет есіктерін ашты. Жаңа технологияның қарқынды дамуы қашықтан оқытуға үлкен серпін берді. Компьютер мен интернеттің пайда болуы, электронды пошта қызметінің қосылуы да форматтың жылдамдығына әсер етті десек болады. 20 ғасырдың басы жедел технологиялық өсумен, телеграф пен телефонның болуымен сипатталады. Бірақ оларды оқытуда қолдану туралы сенімді фактілер жоқ. Сонымен қатар, «сырттай білім беру» дәуірі жалғасуда, әлемнің көптеген университеттері оны басқарып және жүргізіп келеді.
Бұл педагогикалық технологияның негізін қалаушы ағылшын Исаак Питман болып саналады, ол 1840 жылы студенттерге пошта арқылы стенографияны үйрете бастады. Ал XIX ғасырдың 50 - ші жылдары Густав Лангеншайдт Германияда "оқыту хаттары" - тіл үйренуге арналған оқулықты жариялады. 1969 жылы Ұлыбританияда әлемдегі алғашқы қашықтықтан білім беру университеті – Ұлыбританияның Ашық университеті ашылды. Ол төмен бағаның және аудиториялық сабақтарға жиі қатысудың қажеттілігінің оның қолжетімділігін болмауы есебінен көрсету үшін осылай аталды.
Шетелде қашықтықтан оқыту бағдарламалары бар басқа да танымал университеттер: Оңтүстік Африка университеті, 1946 ж. Хагендегі FernUniversität (Германия, 1974). Ұлттық Технологиялық Университеті (АҚШ, 1984 ж.) (Инженерия саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалар), Хаген Ашық Университеті (Германия), Кейптаунның INTEC Колледжі (Оңтүстік Африка), Испан Ұлттық Қашықтықтан Оқыту Университеті, Британдық Ашық Университеті, Ашық Бизнес Мектебі, Австралиялық Аумақтық Ақпараттық Желісі.
1980 жылдардың соңында дербес компьютерлердің болуы оқытуды жеңілдетуге және автоматтандыруға жаңа үміт сыйлады. Компьютерлік оқыту бағдарламалары алғашқы компьютерлерде әр түрлі ойын түрінде пайда болды. 1988 жылы «Мектептің электронды поштасы» Кеңестік-Американдық жобасы жүзеге асырылды. 90-шы жылдары қашықтықтан оқытудың спутниктік технологияларының бастаушылары Халықаралық «Білім» қауымдастығы және оның ұжымдық мүшесі- Заманауи Гуманитарлық Академия болды.
ХХІ ғасырда компьютерлер мен интернеттің болуы қашықтықтан оқытудың таралуын бұрынғыдан да жеңілдетті. Интернет, радио мен теледидардан әлдеқайда жоғары жетістікке айналды. Қай жерде болмасын, кез-келген студенттен пікір алмасуға мүмкіндік туды. «Жылдам Интернеттің» таралуы оқыту үшін «on-line» семинарларды (вебинарларды) пайдалануға мүмкіндік берді. 2020 жылы коронавирустық инфекция — COVID-19 салдарынан мектеп пен ЖОО-ның 1,5 миллиардтан астам оқушысы тарихта алғаш рет Қашықтықтан оқытуға көшірілді. 2020-2021 оқу жылыда да қашықтан оқу технологиясы білім беру салаларында жалғасын тапты.
Бүгінгі әлем дамуының жаңа ұстанымдары білім беру жүйесінен күн сайынғы экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерістерге мейлінше бейімделуді талап етеді. Әлем қазіргі күні «білім қоғамын» және «білім экономикасын» құру бағытында.
Қашықтықтан оқыту технологиясы — қазіргі заманымызда мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту мәселесіне айналып отыр.
ҚО ұйымдастырудың 3 түрлі формасы бар: онлайн (синхрондық) және оффлайн (асинхрондық), және кең таралған үшінші түрі вебинар Онлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта мұғалім экранын көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы. Оффлайн режимдегі оқыту дегеніміз - интернет ресурстарының көмегімен (электрондық пошта) мұғалім мен оқушы арасындағы ақпарат алмасуды қамтасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың формасы. Вебинар дегеніміз – интернет желілерінің көмегімен семинарлар мен тренинтер өткізу формасы. Қашықтықтан оқыту формасын ұйымдастыру мен жүргізу - қашықтықтан оқыту формасымен білім беру құқығын беретін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (ҚР БҒМ) лицензиясы бар білім беру мекемелерінде жүзеге асырылады. Қашықтықтан оқыту формасын жүзгізу құқығын беретін лицензия алу Қазақстан Республикасының істегі заңдылықтарына сәйкес жүзеге асады.
Слайдтан сөйлеу ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН КЕМШІЛІКТЕРІ