Кіріспе қазақстан Республикасының мемлекеттік білім стандарттарының талаптарына сәйкес, 050608


Құрлық  омыртқалыларының  алуантурлілігі  мен  құрылысы



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата31.12.2016
өлшемі425,44 Kb.
#878
1   2   3   4   5   6

Құрлық  омыртқалыларының  алуантурлілігі  мен  құрылысы.  Ұрықтық 

қабықшалары  бар  омыртқалылар  (Amniota),  анамнийлерден  (Аnamnia)  айырмашылығы. 

Алғашқы  анамниота  ретіндегі  бауырымен  жорғалаушылар  немесе  рептилийлердің 

(Reptilia)  морфо-физиологиялық  сипаттамасы.  Мезозой  рептилийлерінің  шығу  тегі  мен 

системасы.  Қазіргі  рептилийлер  -  тұмсыкбастылар  (Rһуnchocephalia),  тасбақалар 

(Сһеіоnіа),  кабыршақтылар  (Sguamata),  қолтырауындар  (Сгососіlia),  олардың  таралуы, 

биологиясы,  тіршілігі,  практикалық  маңызы.  Қазақстан  герпетефаунасы,  сирек  кездестін 

және жойылуға жақын түрлерді қорғау мәселелері. 

Құстардың (Аvеs) шығу тегі мен жалпы сипаттамасы. Құстар кұрылысындағы негізгі 

белгілері:  тері  жабыны  және  оның  туындылары,  қаңқасы  мен  бұлшықет  құрылысының 

ерекшеліктері,  тыныс  алу  жүйесінің  ӛзіндік  ерекшелігі,  қан  айналуы,  жүйке,  ас  қорыту, 

зәр  шығару  және  жыныс  жүйелерінің  құрылысы.  Кӛбею  биологиясының  ерекшеліістері 

(моно-  және  полигамия  түсінікгері,  құстардың  полигамиядағы  полигиния  және 

полиандрия  кұбылыстары  және  дамуы  (жұмыртқаны  басу  ұзақтығының  турлік 

ерекшеліктері.  қызыл  шақа  және  түкті  балапандардың  жұмыртқадан  шыққаннан  кейінгі 

даму  деңгейлері),  ӛмір  ұзақтығы,  жылдық  циклдері  және  құстардың  маусымдық 

ауысымдары. 

Қазіргі  Класстардың  систематикалық  кӛрінісі.  Жүзуші  құстардын  (Impennes) 

кысқаша  сипаттамасы,  пингвиндер  (Spruthioniformes)  отряды,  тӛссіз  құстар  немесе 

түйеқұстар (Ratitae): африка тұйекұстары (Struthioniformes), нанду (Rheiformes), казуарлар 

(Саsuariformes),  киви  (Aptherygiformes),  олардың  системасы,  таралуы,  биологиясы  және 

экономикалық маңызы. 

Тӛсті құстар (Сагіnatae): гагаротәрізділер (Gaviformes), тартарлар (Podicipediformes), 

түйінтұмсықтылар  (Procellariiformes,  seu  Tubunares),  ескекаяқтылар  (Steganopodes), 

ләйліктәрізділер  (Cioniiformes),  қоқиқаздар  (Poenocopteriformes)    және  қазтәрізділер 

(Anseriformes) отрядтарының сипаттамасы. 

Сұңқартәрізділер  (Accipitrifrmes),  тауықтәрізділер  (Galiformes)  тырнатәрізділер 

(Gruiformes), 

сутартәрізділер 

(Ralliformes), 

татреңтәрізділер 

(Charadriiformes), 

шағалатәрізділер  (Lariformes),  жапалақтар  (Strigiformes),    ӛкілдері,  биологиясы  мен 

экологиясы.  Кептерлер  (Columbiformes),  бұлдырықтар  (Рterocletiformes),  кӛкектер 

(Сoraciiformes),  тентекқұстар    (Сарrimulgiformes),  тоқылдақтар    (Рісіformes),  кӛкқарғалар 

(Coraciiformes),  олардың  системасы,  таралуы,  биологисы  мен  экологиясы,  маңызы.  

Торғайтәрізділер 

(Раssariformes) 

 

отрядына 



сиптаттама, 

тұқымдасқа 

дейінгі 

систематикасы, негізгі топтарының таралуы, экологиясы және практикалық маңызы. 

Құстардың  экологиялық  топтары.  Бұталы  орманда  мекендейтін  құстардың  орман 

ортасымен  әртүрлі  байланысы.  Балшықты-шалғынды  (бірқазан,  тырна,  ләйлік), 

балшықты-қамысты  (Шәкілдек  тартар,  тартар  кұс,  сұлтан  тауығы)  және  шалшықшылар 

(тауқұдірет,  маңқы  құс,  шаушалшық),  су  жағалайтын  шалшықшылар  (қызылсирақ 

шалшықшы,  бізтұмсық,  тасшырган,  құмдауықтар).  Далалы  шӛл  құстары:  жүгіргіш 

(түйеқұстар,  дуадақтар,  тез  ұшатын  құстар  (бүлдырықтар,  қылкұйрық  бүлдырық).  Су 

құстары:  сүңгуірлер  (мұнтаз,  ақбауыр,  балтатұмсық,  маймақ  қаз,  сұқсыр  үйрек),  ауа-су 

құстары (шағалалар, қарқылдақтар, дауылпаздар), құрлық-су құстары (үйректер, аққулар, 

қаздар, нағыз ӛзен үйректері. 

Құрылысы  ең  жоғары  дамыған  омыртқалылар  класы  -  сүтқоректілер  (Маmmalia), 

олардың құрылысы. Анатомо-морфологиялық құрылысының негізгі белгілері: дене пішіні 

және  тері  жабыны,  посткраниалды  қаңқасының  дифференциалануы,  иық  және  жамбас 

белдеулері, сүтқоректілердің әртүрлі экологиялық топтарындағы бес саусақты қол-аяқтың 

құрылысы  мен  ӛзгеруі.  Ми  сауыты  каңқасының  ерекшеліктері,  есту  бӛлімінің  дыбыс 

ӛткізетін  элементтерінің  жетілуі,  тіс  жүйесі.  Асқорыту  жүйесінің  морфо-функциональды 

сипаттамасы.  Тыныс  алу  және  қан  айналу  жүйелерінің  ерекшеліктері.  Орталық  жүйке 



жүйесінің  құрылысы:  алдыңғы  ми  қыртысының  жоғарғы  дамуы.  Сезім  органдарының 

(кӛру, иіс сезу, есту) профессивті дамуы. Зәр шығару және кӛбею мүшелері құрылысының 

ерекшеліктері. Кӛбею және даму биологиясы. 

Қазіргіі сүтқоректілер жүйесіне шолу. Алғашқы аңдар немесе жұмыртқа салатындар 

(Ргоtotһегіа)  класс  тармағы,  олардың  жүйесі,  биологиясы,  экологиясы  және  таралуы. 

Нағыз  аңдар  (Тһегіа)  класс  тармағы:  қарапайым  аңдар  инфракласс  (Меtatһегіа)  ӛкілдері 

құрылысының  негізгі  белгілері.  Қалталылар  (Маrsupialia)  отряды,  олардың  биологиясы, 

экологиясы және географиялық таралуы. 

Жоғарғы немесе Плацентальды ақдар инфракласс ӛкілдері Құрылысының белгілері. 

Насекомкоректілер,  түкқанаттылар,  қолқанаттылар  немесе  жарқанаттар,  мүкті  тістілер 

және  кесірттер  отрядтары  сипаттамасы.  Кеміргіштер,  коянтәрізділер,  жыртқыштар 

құрылысының ерекшеліктері, олардың системасы, биологиясы, экологиясы, практикалық 

және  знянкестік  маңыздары.  Пілтәрізділер,  ескекаяқтылар  жэне  китгәрізділер 

отрядтарының  сипатгамасы.  Жұптұяқты  және  тақтұяқты  сүтқоректілдер  құрылысының 

негізгі  белгілері,  олардың  системасы,  биологиясы,  экологиясы,  географиялык  таралуы, 

халык  шаруашылық  маңызы.  Приматтар  құрылысы.  Сүтқоректілердің  экологиялық 

топтары, құрлык аңдарыньщ тіршілік ету жағдайларының алуантүрлілігі. Жер асты және 

суда  тіршілік  ететін  хайуандар.  Сүткоректілердің  экономикалық  маңызы:  зиянды 

сүтқоректілер,  кәсіптік  андар,  үй  сүткоректілері.  Сүткоректілер  фаунасын  қорғау  және 

байыту шаралары. 



Микроорганизмдердің  биологиялық  алуантүрлілігі.    Микроорганизмдер  және 

олардың  тірі  организмдер  жүйесіндегі  орны.  Микроорганизмдер  жӛніндегі  түсінік 

микроорганизмдерге тән жалпы белгілер. Микроорганизмдердің тіршілік ету мекендердің 

алуан түрлілігі. Тірі табиғаттағы микроорганизмдердің орны. Бактериалды, археотты және 

ядерлық морфотиптер. Прокариот және эукариот микроорганизмдердің ұйымдасуындағы 

негізгі ерекшеліктері. Биосферадағы микроорганизмдердің кызметі. 

Прокариоттардың  құрылысы  мен  морфологиясының  алуан  түрлілігі. Бактериялар 

морфологясы мен пішіндерінің алуан турлілігі (гигант бактериялар мен нанобактериялар). 

Бір  клеткалы  және  кӛпклеткалы  формалар.  Бірклекалы  бактериялардың  алуан  түрлі 

формалары.  Клеткаларға  тән  ұймдасулар  мен  олардың  алуан  турлілігі.  Актиномицеттер 

морфологиялық алуан түрлілігі, миксобактериялар, микоплазмалардың жеміс денелерінің 

алуан түрлілігі, микроплазмалардағы полиморфизм. Архебактериялардың алуан түрлілігі. 

Грам  оң  және  теріс  бактериялар  морфотиптерінІн  жалпы  сипаттамасы. 

Пептидогликан бӛлімдерінің химиялық құрамы мен құрылысының алуан түрлілігі. 

Бактериялардағы  қозғалыс  типтерінің  алуан  турлілігі  -  жүзу,  сырғанау,  түртлелі 

қозғалыс.  Бактерия  талшықтары:  олардың  саны,  орналасуы,  кұрамы  және  құрылысы. 

Микроорганизмдердегі алуан түрлі таксисгер. 

Бактериялардағы  клетка  ішілік  қосаплардың  алуан  түрлілігі;  мезосомалар, 

рибосомалар, хлоросомалар, карбосисомалар. Құрылысы мен функциясы. 

Бактериялардағы  коспа  заттар  мен  тӛменгі  молекулалы  косылыстардың  типтері, 

олардың  жинақтау  жағданы.  Бактериялардың  кӛбеюі  (изоморфты  және  гетероморфты 

бӛліну). 

Бӛлімдер  -  грациликутты,  фирмикутты,  тенерикутты,  мендозикутты  Эукариотты 

микроорганизмдерінің  алуан  түрлілігі.  Микромицеттердің  (класстар  -  оомицеттер, 

зигомицеттер,  аскомицеттер)  кобею  әдістері  мен  морфологиясының  алуан  түрлілігі. 

Микробалдырлардың  мекен  ету  және  кӛбею  әдістерінің  морфологиясы  мен  пішіндерінің 

алуан  түрлілігі.  Топыракта  кеңінен  тараган  микробалдырлар  топтары:  жасыл,  сары  - 

жасыл,  диатомды  балдырлар.  Бір  клеткалы  микроскопиялык  карапайымдылардың 

морфологиялык алуан түрлілігі.  

Вирустар  алуан  түрлілігі.  Ӛсімдіктер,  жануарлар  және  микроорганизмдер 

вирустарыньщ  ашылу  тарихы  -  Ивановский,  Гамалея,  Туорта  д  Эрелль  еңбектері. 

Вирустардың  химиялық  құрамы  мен  құрылысы.  Вирус,  жануар  және  ӛсімдіктердің 

формаларының алуан түрлілігі (таяқша тәрізділер, жіпше, сфера, куб, туйреуіш  пішінді). 

Вирусобактериялардың пішіндерінің алуантүрлілігі. 

 Вирус  геномдарыньщ  алуан  түрлілігі:  бір  жіпшелі  және  қос  спиральды  РНК  және 

ДНК.  Құрамьшда  РНК-сы  бар  онкогенді  вирустар  иестерінің  негізгі  типтеріне  қарай 


вирустардың таксономиялық топтары. 

 

Биологиялық экология 

«Биология  пәні:  анықтамасы  мақсаты,  міндеттері  мен  әдістері.  Экологиялық 

білімдердің  қалыптасуының  қысқаша  тарихи  очергі.  К.  Рулье,  Ч.  Дарвин,  Э.  Геккель 

еңбектерініңклассикалық 

экологияны 

қалыптастырудағы 

маңызы. 

Экологияның 

бӛлімдері:  аутэкология,  демэкология,  синэкология,  глобалдық  экология.  Экологиялық 

пәндердің  осы  күнгі  классификациясы.  IUCN  –  Табиғат  Қорғаудың  Халықаралық 

Ұйфмнфң  табиғатты  қорғау  қызметі  бойынша  ұсыныстары.  «Экология  –  саясат- 

экономикалық  принципі.  Табиғатты  пайдаану  экономикасы,  қоршағанортаны  құқықтық 

тұрғыдан  қорғау  жүйесі.  Экологиялық  зерттеулердің  Қазақстандағы  және  шет  елдердегі 

бағыттары.  Қазақстан  ғалымдарының  экология  ғылымын  дамытуға  қосқан  үлесі. 

Қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану салаларындағы жаңа кӛзқарастар мен 

жаңа технологиялардың бағыты және олардың іске асырылуы. 



Организм  және  орта.  «Организм  және  орта»  әсерлесуі;  орта  факторлары  және 

олардың  классификациясы.  Дж.  Берналдың  осы  күнгі  биопоез  теориясы,  оның  негізгі 

қағидалары.  Жердің  химиялық  және  биологиялық  эволюциясының  кезеңдері.  Ӛсімдктер 

мен  жануарлар  әлемінің  алуан  түрлілігі.  Биологиялық  әралуандылыққа  әсер  етуші 

факторлар.  Климаттық  аймақтылық  және  негізгі  құрлықтық  және  сулық  экожүйелер, 

олардың  ерекшеліктері.  Организм  және  оның  тіршілік  ету  жағдайлары.  Экологиялық 

факторлар және олардың классификациясы. Шектеуші факторлар. Ю. Либихтың минимум 

ережесі.  В.  Шелфорттың  толеранттық  заңы.  Негізгі  абиотикалық  факторлардың 

экологиялық  мәні.  Экологиялық  факторлардың  әсеріне  организмдердің  кеңістік  пен 

уақытқа  байланысты  реакция.  Факторлардың  сигналдық  мәні  және  организмдердің 

индикаторлық мәні. Биологиялық әралуандылық және аралуандылық индекстері. 

Популяциялық  экология.  Популяция  туралы  түсінік.  Популяцияның  статикалық 

сипаттамалары.  Популяция  тығыздығына  тәуелді  және  тәуелсіз  факторлар.  Популяция 

саныныың  реттелуі.  Организмдер  санының  түр  ішінде  реттелуі  (бәсекелестік). 

Организмдердің кеңістікке орналасу сипаты. Популяцияның динамикалық сипаттамалары. 

Популяция ішіндегі  генетикалық  полиморфизм. Тірі қалу қисық  сызықтары, биотикалық 

потенциал  туралы  түсінік.  Популяция  санының  ӛсуінің  экспоненциялдық  және 

логистикалық модельдері. Агрегациялар, топ эффекті және оның ролі. 

Қауымдастықтар  экологиясы.  Синэкологияның  негізгі  түсініктері.  Биоценоз, 

биогеоценоз  және  экожүйе  туралы  түсінік.  Экологиялық  қуыс.  Экожүйелер,  олардың 

құрамы, 

әралуандылығы, 

динамикасы. 

Қауымдастықтың 

функционалдық 

ұйымдастырылуы.  Биоценоздың  трофикалық  құрылымы.  Қоректік  тізбектер  және 

трофикалық деңгейлер, қоректік торлар. Тіршілік циклдары және биологиялық түрлердің 

әсерлесу  модельдері.  Экожүйенің  энергетикалық  балансы.  Экожүйедегі  энергия  ағыны 

және  химиялық  элементтердің  айналымы.  Термодинамика  заңдарының  экологиялық 

жүйелерде  орындалуы.  Экожүйедегі  энергия  ағыны  және  химиялық  элементердің 

айналымы. Термодидамика заңдарының экологиялық жүйелерде орындалуы. Экожүйедегі 

энергия  алмасуы  (1%      және  10%  ережесі).  Экологиялық  пирамидалар.  Қауымдастықтар 

мен экожүйелердің биологиялық ӛнімділігі. Экожүйелердің тұтастығы мен орнықтылығы. 

Экологиялық  сукцессия.  Биологиялық  әралуандылықтың  табиғи  сукцессия  барысында 

және  антропогендік  әсер  нәтижесінде  ӛзгеруі,  биоэкологиялық  болжам.  Экотиптер. 

Биосфераның құралымы, эволюциясы және орнықтылық шарттары. 



Табиғатты  қорғау  және  табиғатты  пайдаланудың  экологиялық  принциптері. 

Глобалдық  экологиялық  проблемалар.  Антропогендік  әрекет  және  экологиялық  болжам. 

Экологиялық  мониторингтің  ұйымдастырылуы  және  қоршаған  ортаның  ахуалы. 

Халықаралық ынтымақтыстық. Адамзаттың биологиялық және мәдени мұрасы. Қоршаған 

ортаны қорғау мен табиғат ресурстарын ұтымды пайдаланудың Қазақстандағы және шет 

елдердегі  қазіргі  кездегі  күйі.  Қоршаған  табиғи  ортаны  жобалау  мен  басқарудың 

принциптері. Биосфера туралы ілім  және В.И. Вернадскийдің биосфералық-ноосфералық 

концепциясы. Биосфераның табиғи ресурстық потенциалы туралы түсінік. Су ресурстары, 

атмосфералық  ауа  және  оны  қорғау.  Топырақ  және  оны  ұтымды  пайдалану.  Қазіргі 

заманның  әлеуметтік  –  экологиялық  проблемалары.  Экожүйелердің  және  қоғамның 



орнықты дамуы. Экологиялық қауіпсіздік. Экологиялық білім беру.  

 

 

Қоғамның және экожүйелердің тұрақты дамуы. 

 

Тұрақты дамудың проблемалары. Дамудың философиялық түсініктері. «Тұрақты 

даму»  түсінігінің  пайда  болуының  тарихи  кезеңдері.  «Тұрақты  даму»  терминінің 

мағынасы,  ағылшынның «sustainable»  терминінің «sustainable development» сӛз тіркесіне 

аударылуының түрлі түсініктері. Тұрақты даму феноменінің экологиялық, экономикалық, 

әлеуметтік және  басқа да аспектілері. 

 

Цивилизацияның  әртүрлі  даму  кезеңіндегі  табиғат  пен  қоғамның  қарым- 



қатынастары.  Табиғат  пен  қоғамның  қарым-қатынасы  –  адамның  шаруашылық 

қызметіне  кӛзқарас.  Аграрлы  мәдениет  пен  аң  шаруашылық  кезеңіндегі  табиғат  пен 

қоғамның  қарым-қатынасына  тән  ерекшеліктер.  Индустриялды  қоғамға  аяқ  басуымен 

байланысты  табиғи  ортаға  антропогендік  ықпалдың  тым    ӛсіп  кетуі.  Постиндустриалды 

қоғам.    Жердің  түрлі  аймақтарында  әлеуметтік  және  технологиялық  даму  деңгейінің 

біркелкі еместігі. 

 

Түрлік  популяциялар  деңгейінде  биологиялық  жүйелердің  тұрақтылығы. 

Түрдің  популяциялық  құрылымы.  Популяция  қоғамның  компоненті  мен  элементарлы 

эвалюциялық  бірлік  ретінде.  Популяцияның  кеңістіктік  және  генетикалық  құрылымы. 

Популяцияның  демографиялық  құрылымы.  Популяцияның  репродуктивті  потенциялын 

ӛндіру. Популяция санының динамикасы. Популяцияның санын реттейтін популяцияның 

тығыздығына байланысты және байланысты емес механизмдер. Популяцияның циклі мен 

санның артуы. Аз санды популяциялар санының кездейсоқ кездесуі проблемасы.  

 

Ағзалардың  қауымдастығы  мен  экожүйелер    деңгейінде  биологиялық 



жүйелердің  тұрақтылығы.  Қоғамның  кеңістігі  -  уыттылық  және  түрлік  құрылымы. 

Қауымдастықта  ағзалардың  ӛзара  әрекет  ету  формаларының  алуантүрлілігі. 

Қауымдастықтың 

қалыптасуындағы 

климатты-топырақты 

шарттардың 

рӛлі. 

Қауымдастықта  бақыланатын  маусымдық  кезеңдер  мен  кӛпжылдық  циклдік  ӛзгерулер, 



сериалды  және  климаксты  қауымдастықтар.  Кейбір  антропогенді  формаларының  биота 

мен  экотопқа  әсерінің  салдары.  Қауымдастыққа  кездейсоқ  немесе  алдын-ала    бӛгде 

түрлерін ендірудің салдары. Жердің алып биомаларының қалыптасуының тарихи сипаты. 

Ортаның  ӛзгеруінде  болатын  қауымдастық  типтерінің  бағытталған  ауысуы  және 

биоалуантүрлілікті сақтаудың проблемалары.  

 

Агроэкожүйелердің  қалыпты  қызмет  етуінің  биологиялық  кезеңдері. 

Агроэкожүйелердің  табиғи  экожүйелерден  негізгі  айырмашылықтары:  мономәдениеттің 

дамуы;  биотаның  кедейленуі;  энергетикалық  дотациялар.  Жер  шаруашылығы  мен  мал 

санын кӛбейтудегі жер беті экожүйелерінің агроценоздарға кӛшуіндегі теріс салдарына: су 

және  жел  эрозиясының  әсерінен  топырақ  құнарлылығының  кемуі,  территорияның 

тұздануы,  эвтрофикация,  топырақта  патогенді  ағзалар  мен  пестицидтердің  жинақталуы. 

Агроэкожүйелердің  тұрақтылығын  арттырудың  кейбір  жолдары:  ӛңделген  және 

қолданылмаған  жерлердің  қолайлы  қатынасын  таңдау;  аралас  мәдениеттерді  ӛңдеу,  егу 

айналымын  кірістіру,  орман  мелиорациясы  мен  гидромелиорация  әдістерін  қолдану; 

зиянкес ағзалармен күресу үшін биологиялық әдістерді қолдану. 

 

Қала  гетеротрофты  экожүйе  ретінде.  Қала  тұрақсыз  табиғи  антропогендік  жүйе  

ретінде. 

Қаладағы 

энергетикалық, 

ақпараттық 

және 


мәліметтік 

ағындардың 

концентрациясы.  Табиғи  гетеротрофты  экожүйелерден  қаланың  негізгі  айырмашылығы: 

бірлік  ауданға  тым  интенсивті  метаболизмі,  заттардың  түсіміне  үлкен  сұраныс  және 

прогрессивті  технологияларды  қолдана  отырып  табиғи-техникалық  геожүйелерді 

шаруашылық  игерудің  зиянды  салдарын  жою  немесе  азайту  шаралары.  Территорияның 

кері  салдарын  жақсарту  ландшафтты  архитектура  мен  архитектуралық  экологияның 

тәсілдерін  қолдану.  Құрылыс    массиві  мен  орман  саябақтық  кӛшеттердің  қолайлы 

қатынасы. Қаланы рудеральды және синантропты ұйымдармен қоныстандыру мәселесі. 

 

Ғаламдық  экожүйе  ретінде  биосфераның  тұрақты  қызмет  етуінің 



биологиялық негіздері.  Биосфера жердің ең  үлкен ғаламдық  экожүйесі  ретінде, тірі зат 

пен жанама материяның жүйелі  ӛзара қызметінің аумағы. Органикалық  заттың ыдырауы 

мен деструкциясы – биосферадағы тірі заттың  маңызды қызметі болып табылады. Негізгі 


биогенді  элементтердің  биогеохимиялық  циклі.  Планетаның  тірі  затының  ғаламдық  су 

айналымындағы  маңызы  мен  биосфераның  алғашқы  ӛнімі  күн  энергиясының 

аккумуляциясы  мен  қазіргі  заманда  осылардың  аккумуляциясы  мен  қазіргі  заманда 

осылардың  барлығы  адаммен  тұтынылуы.  Консументтермен  аккумуляцияланған 

энергияны тұтынуды шектеу мен адаммен энергияны шекті рауалы мӛлшерде қолдану. 

 

Ландшафтты  экологиялық  тұрақтылық.  Табиғи  -  антропогенді  геожүйелердің 

тұрақтылығы.  Дағдарысты  экологиялық  жағдайлар,  геожүйелердің  тұрақтылығының 

бұзылуы.  Табиғи  техникалық  геожүйелер,  олардың  техногенезге  тұрақтылығы. 

Ландшафттардың  экологиялық  тұрақтылығының  жіктелуі.  Экологиялық  бұзылған 

қоршаған орта. Антропогенді ландшафттар, олардың техногенезге тұрақтылығы.  

 

Су  экожүйелерінің  тұрақтылығы.  Жердің  геосферасы  мен  адамның  қызметі. 

Гидросфера.  Құрлық  сулары  мен  адамның  қызметі.  Ағынсыз  бассейндердің 

геоэкологиялық  ерекшеліктері.  Ӛзен  ағыны  және  оның  динамикасы.  Ӛзен  ағысының 

реттелуі. Ӛзен ағысының реттелуінің және оның ӛзгермелілігіне ықпалы. Су экожүйелері 

жүйелердің  тұрақтылық  түсінігі.  Аридті  территориялардың  ағынсыз  бассейндердегі  су 

экожүйелерінің тұрақтылығы.  

 

Табиғи-техникалық жүйелердің тұрақты дамуының геоэкологиялық негіздері. 

 

Табиғи-техникалық  жүйелердің  түрлі  типтерінің  экологиялық  ерекшеліктері, 



 

табиғи-техникалық    антропогендік  ландшафттардың  әртүрлі  түрлерінде  табиғатты 

пайдалануды экологияландыру стратегиясы. Табиғи орта тұрақтылығының бұзылуы және 

ластануын алдын-алу.  



Тұрақты  даму  саласындағы  халықаралық  келісім  шарттар.  Дүниежүзілік 

саммиттер  -    1972  жылы  Стокгольмде,  Рио  де  Жанейрода    1992  жылы,  Йоханнесбургте  

2002  жылы  ӛтті.  Тұрақты  дамудың  артықшылықтары:  су,  тағам,  тұрғындар,  экономика, 

энергетика,  климат,  мұнай  саласында  ӛтті.      Тұрақты  даму  принциптері:  құндылықтар 

жүйесі 

мен 


дүниетаным, 

экономиканы 

экологияландыру, 

сектоаралық 

ынтымақтастықтардың  дамуы,  шектеулі  тұтыну,  кедейлікті  жою.  Тұрақты  дамудың 

халықаралық институттары.  



Тұрақты  даму  саласындағы  ғаламдық  бастамалар.  Ғаламдық  бастамалардың 

негізгі  міндеттері  мен  бағыттары:  экономикалық  эрлеуді  нығайту,  кедейлікті  түбегейлі 

жою және ӛмір сүруге тұрақты қаражат кӛзін қамтамасыз ету, тұтынудың және ӛндірістік 

тұрақсыз модельдерін ӛзгерту, экологиялық  проблемалар аумағын азайту, Әлемдік тұщы 

су  қоры  ресурстарын  тиімді  пайдалану,  қаражаттар  мен  технологияларды  алмастыру, 

халықаралық  басқарудың  жүйелерін  нығайту.  Есеп  беру  бойынша  ғаламдық  бастамалар. 

Ғаламдық  су  ынтымақтастығы.  Киота  хаттамасы.  Ғаламдық  келісімдер.  Бизнес  және  

қоғамның ынтымақтастығының бастамалары.  



Тұрақты дамудың индикаторлары. Даму индикаторы түсінігі. Прогресті бағалау 

үрдісіне индикаторларды кірістіру. Индикаторларды талдау критерийлері. Экономикалық 

индикаторлар.  Доу  Джонс  тұрақтылығының  индексі.  Әлеуметтік  индикаторлар.  Адам 

дамуының индексі. Әлеуметтік-корпоративті жауапкершіліктің ӛсу кӛрсеткіштері.  



Қазақстан Республикасында тұрақты дамуды қамтамасыз етудің нормативті-

құқықтық негізі. Тұрақты дамуға жету үшін негіз болатын Ұлттық құжаттар. Қазақстан – 

2030  даму  стратегиясы.  2015  жылға  дейінгі  индустриялды  –  инновациялық  даму 

стратегиясы;  2015  жылға  дейін  Қазақстан  Республикасының  экологиялық  қауіпсіздікті 

қамтамасыз  ету  концепциясы.  Қазақстан  Республикасының  Тұрақты  даму  концепциясын 

даярлау.  Концепцияның  құрылымы  мен  негізгі  жағдайы.  Ғаламдық  деңгейде  тұрақты 

дамуға жету. «Европа үшін қоршаған орта», «Қоршаған орта мен Азиядаға тұрақты даму». 

Орталық  Азия  аймақтарында  қоршаған  ортаны  қорғау  жӛнінде  жоспарды  даярлауға 

қатысу.  



Мемлекеттік  институттар  мен  Үкіметтік  емес  ұйымдардың  мемлекеттік 

тұрақты  даму  мен  экологиялық  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етуге  бағытталған 

қызметі.  Тұрақты  даму  мен  экологиялық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  етудегі  мемлекеттік 

құрылымдардың  рӛлі.  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  жанында  тұрақты  даму 

бойынша  кеңес  құру.  Қазақстан  Республикасының  тұрақты  дамуында  Халықаралық  

ұйымдардың  қызметі.  Табиғи  ресурстарды  басқаруды  ЮСАИД  жобасы  бойынща 

жетілдіру. Қазақстандағы бизнес және тұрақты даму. Үкіметтік емес ұйымдардың тұрақты 


даму  мәселелерін  шешу  мен  экологиялық  кӛзқарасты  қалыптастырудың  рӛлі.  РЭЦ  ЦА  - 

ның қызметі.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет