Кіріспе қазақстан Республикасының педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне арналған қосымша білім беру бағдарламасы


Сабақ барысындағы әлеуметтік өзара әрекеттестік оқуда маңызды рөл атқарады



бет8/11
Дата07.04.2022
өлшемі29,94 Kb.
#30148
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Сабақ барысындағы әлеуметтік өзара әрекеттестік оқуда маңызды рөл атқарады.

  • «Мұғалім-оқушы» және «оқушы-оқушы» жағдайындағы қарым-қатынас түсінікті дамытып, мағынаны ашудың елеулі бөлігін құрайды.

  • «Оқуды үйретудің» қозғаушы күші «метатану» болып табылады. Басқаша айтқанда, оқу бар, бірақ сонымен бірге оқуды үйрену де бар. Адамдар ойлауға қабілетті және ойлау туралы ойлануға да қабілетті. Тап осы сияқты танымдық қабілет бар да, сол сияқты танымды тану да бар.

  • «Метатану» дегенді индивид қалай ойлайтынын, оқитынын қадағалау, бағалау, бақылау, кейінгі оқу үдерісінде мұндай ойлаудың нәтижелерін саналы қолдану үдерісі ретінде сипаттауға болады. Бұл үдерісте мұғалім оқушыға:

  • • оқу міндеті қоятын талаптарды түсінуге;

  • • жеке зияткерлік үдерістерін және олардың қалай ықпал ететінін білуге;

  • • тапсырмаларды орындау стратегияларын әзірлеуге және ойластыруға;

  • • нақты тапсырма үшін барынша оңтайлы болып табылатын стратегияларды таңдауға көмектеседі.

    Бірінші тезис: Жаңа тақырыпты оқыту адамның нені білетіні және түсінетінімен байланысты болады.

    Екінші тезис: Оқыту оқушының бастапқы білімі мен дағдыларын назарға алып, оларды өрістетуді мақсат еткенде мәнді болады.

    Үшінші тезис: Осы байланыстарды дамытып, нығайту үшін проблемаларды шешу үдерісін толыққанды қатыстыру қажет.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет