30
▪
Тақырыптары ұқсас сұрақтарды бірге топтауға тырысу керек, бұл жауап берушілерге
жылдам, әрі оңай жауап беруге мүмкіндік жасайды.
Кейбір зерттеушілер сұрақтарды араластырып беруге мүмкіндік береді. Бірақ, мұны зерттеу
жұмысын жүргізуден тәжірибесі бар адамдар жүргізгені дұрыс.
Сонымен қатар, тест сауалнамасын жүргізген де дұрыс, себебі шағын топтан жылдам сыни
пікір алып зерттеу туралы қорытынды жасауға көмектеседі.
Зерттеу барысында жиі кездесетін қателік зерттеу сұрақтарын дұрыс құрмау.
Сауалнама сауалдарын құрып болған соң, оны таратудың жолын қарастыру қажет.
Сауалнамаларды ғаламторды қолдану арқылы таратуға болады.
Сауалнаманы таратпай тұрып, оны тексеріп алған жөн. Яғни, сұрақтардың түсінікті және
орынды қойылғанына көз жеткізу қажет. Содан кейін сауалнаманы таратуға болады.
Сұхбат алу.
Зерттеу әдісінің кең таралған түріне сұхбат алу жатады. Сұхбат алушы мен сұхбат
беруші арасында бетпе - бет жүзеге асады. Ол зерттеу жұмысының кең қолданылатын дәстүрлі түрі.
Сұхбат алу барысында мына жайттарды есте сақтаған жөн:
- Сұхбат беруші өзіне қызықты мәселе болмаған соң, уақыттарын зеттеу жұмысына жасауға
құлықсық болуы мүмкін;
- Ойыңыздағы қиын сауалды бетпе-бет барысында сұхбат алу ыңғайсыз болуы мүмкін;
- Сұхбат берушінің лауазымы немесе дәрежесі, жасы жаражды болатын болса, сұхбат беру
барасында басымдық танытып кетуі мүмкін. Сұхбат алушы батыл түрде ойындағы сұрақтарына
жауап алмай қалу қаупі бар.
Жалпы сұхбат уақытын алдын ала келісіп, этикалық құжаттарды толтырып, сұхбат берушіге
өзінің кім екенін дәлелдейтін құжаттармен барған жөн. Сұхбат алар алдында сұхбат беруші
келісімін алып, мәліметтің тек ғылыми бағытта қолданылып, жеке басына қатысты ешқандай
ақпараттардың таратылмайтыны жөнінде кепілдеме қағазына қол қойып таныстыру қажет.
Зерттеуге қажетті амал (сауалнама және сұхбат) арқылы мәлімет жинақтағаннан кейін зерттеу
нәтижесін талдауға кірісуге болады. Зерттеу нәтижесін талдау қолданылған зерттеу сұрақтарына
байланысты. Әрбір жауапқа қажет болған жағдайда статистикалық амалдарды қолдана отырып
талдауды бастау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: