Кіріспе дәріс «Ғылыми зерттеу негіздері» пәнінің өзектілігі, мақсаты, міндеттері, зерттеу нысаны


Аңдатпа келесі функцияларды орындайды



Pdf көрінісі
бет51/64
Дата18.10.2023
өлшемі0,93 Mb.
#118767
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   64
Байланысты:
Негіздері-лекциялар

Аңдатпа келесі функцияларды орындайды

ғылыми мақаланың негізгі мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді; 

оның өзектілігін және мақаланың толық мәтініне жүгіну туралы шешім қабылдау қажеттігін 
анықтауға мүмкіндік береді; 

ақпараттық жүйелерде, соның ішінде ақпаратты іздеудің автоматтандырылған жүйелерінде 
қолданылады. 
Бұл мақалада ... мәселесі қарастырылады. 
... ойына негізделеді. 
... нысан ретінде қарастырылады. 
Мақалада ... тақырыбы қозғалады. 
... салыстыруы келтірілген. 
Мақала ... жан-жақты зерттеуге арналған. 
Мақала ... құбылысына арналған. 
Мақалада ... мәселелері ашылады. 
... ерекше назар аударылады. 
Мақалада ... талданады. 
Автор ... деп қорытынды жасайды. 
Автор ... ерекше назар аударады. 
Мақалада ... ерекшеліктері анықталған. 
Зерттеу негізінде ... белгіленген. 
Мақала қазіргі таңда өзекті мәселе болып табылатын ... арналған. 
Автор ... ұсынады. 
Зерттеудің негізгі мазмұны ... талдауын құрайды. 
Мұндай көзқарас ... саласы мамандары үшін қызықты болады. 
Маңызды назар ... аударылады. 
Қорытындылай келе ... 
Мақала ... сипаттамалық ерекшеліктерін зерттейді. 
Мақалада ... негізгі қадамдары қарастырылған. 
Мақалада ... процестері көрсетіледі. 


62 
Мақалада ... зерттеудің кейбір нәтижелері жинақталған. 
... ойы дәлелденді. 
 
Аннотация құрылымы. 
Аннотация келесі негізгі бөлімдерді қамтиды: 

өзектілік,

қойылған мәселе,

оны шешу жолдары,

нәтиже,

қорытынды.
Әр бөлімге бір немесе екі сөйлемнен келеді. 
Аңдатпада мақаланың (баяндаманың) негізгі ойларын (бөлімдерін) анықтап, біріктіріп, қысқаша 
түрде көрсету қажет. 
- Мақала (баяндама) .... (зерттеу тақырыбы немесе негізгі зерттеу мәселесіне) арналған. 
- Осындай тәсілдердің негізінде немесе осындай деректерді (немесе екеуін де) талдау негізінде, автор 
... көрсетеді (нақты айтатын болсақ, автордың ойлары мен зерттеуі арқасында қандай нәтижеге жетті). 
- Автор ... деп санайды (мақалада келтірілген соңғы қорытындылар немесе ұсыныстар туралы). 
Аннотация жазуда келесі мәселелерге назар аударған жөн: 
Сөз шегі. Аңдатпа жазуда сөздің белгіленген шегін сақтауыңыз керек. 
Негізгі ойдың түсініктілігі. Аңдатпа белгілі бір білім саласындағы кең ауқымды мамандар үшін 
қарапайым әрі түсінікті болуы керек. Барлығы білетін, жалпы терминдерді қолдану ұсынылады. 
Нақты деректердің болмауы. Аңдатпада артық мәліметтер мен нақты сандардан аулақ болу керек. 
Түйінді сөздер. Авторлардан жұмыстың түйінді сөздерін көрсету сұралады. Бұл іздеу жүйелері мен 
мақалаларды тақырып бойынша санаттарға бөлу үшін жасалады. Автор іздеу жүйелері арқылы 
мақаланы табу мүмкіндігін арттыру үшін қажетті түйінді сөздердің санын көрсетуі керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет