Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық мәні:Зерттеудің теориялық және практикалық өзегі қазақ көркем әдебиетіндегі уақыт және кеңістік ұғымдарының көрінісі жайлы жазылған еңбектеріне негізделді. Бұл қазақ көркем әдебиетіндегі уақыт және кеңістік ұғымдарын теориялық жағынан ғана талдап қоймай, қазақ повестеріндегі уақыт және кеңістік ұғымдарының көрінісін практикалық түрде қаламгерлердің шығармаларында қалай және қандай фактілерге негізделе жазылғандығын көрсетеді.