Кіріспе. Фармакология тарихы. Жалпы рецептура Фармакология



бет10/27
Дата05.09.2023
өлшемі412 Kb.
#106116
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27
Байланысты:
Кіріспе Фармакология тарихы Жалпы рецептура Фармакология

Пилюлялар
Пилюлялар –салмағы 0,1-0,5-ке тең, шар тәрізді ішуге арналған мөлшерге бөлінген дәрілік түр.
Басқа да қатты дәрілік түрлерге: пленкалар, карамелдер және пастилкалар жатады. Карамелдер (Caramel)- дәрілік затты қантпен жартылай гидролиздеген крахмал өнімін араластыру жолымен дайындалатын қатты дәрілік түр. Карамельдерге қажетті түс беру үшін қоспаға бояғыш, дәм беретін ароматты заттарды қосып дайындайды. Карамелдерді ауыз қуысы мен жұтқыншақтың шырышты қабатының ауруларын емдеу үшін белгілейді. Ол үшін карамелдерді ауыз қуысында толық ерігенше ұстайды. Фармацевтикалық өндірістерде саңырауқұлақтарға қарсы және бактерияға қарсы дәрі дәрмек декамин карамелі шығарылады. Пастилкалар немесе троше (Trochiscius – Nom. Sing; Trochisci-Gen.sing.), дәрілік заттарды қантпен және кілегеймен араластыру жолымен алынатын салмағы тығыз пішінді түріндегі қатты дәрілік түр. Пастилкаларды да ауыз қуысының шырышты қабатының ауруларын емдеу үшін (ауыз қуысында толық ерігінше), кей жағдайда асқорыту жолдарының ауруларын емдеу кезінде ішке белгіленеді.


2. Жұмсақ дәрілік түрлер
Жұмсақ дәрілік түрлерге: жақпа майлар, кремдер, пасталар, суппозиторийлер мен жапсырмалар жатады.


Жақпа май- Мазь – Unguenta
(Nom.sing.Unguentum, Gen.sing.Unguenti)
Жақпа май сыртқа қолданылатын, консистенциясы тұтқыр жұмсақ дәрілік түр. Жақпа май дәрілік зат (әсер етуші) пен негізді (түр беруші) араластыру арқылы алады. Жағылманың негізі ретінде вазелин, вазелин майы, шошқаның тазартылған майы, май тәрізді заттар, балауыз (ланолин, ара балауызы, спермацет) және синтетикалық заттар пайдаланылады. Жақпа майларды жай және күрделі деп бөлеміз. Құрамы 2 ингредиенттен тұратын болса, оны күрделі жақпа майлар деп атаймыз.
Қазіргі таңда жай және күрделі жағылмалар фармацевтикалық өндірістерде дайындалады. Мұндай жағылмалар официнальды, сондықтан дәрілік заттың құрамы мен концентрациясы көрсетілмей, жазылымның қысқартылған түрінде жазылады.



Rp.: дәрілік түрдің аты (Gen.sing), дәрілік заттың аты (ілік септігінде)
оның мөлшері
D.S.

Rp.: Unguenti Zinci 20,0
D.S.Терінің зақымдалған аймағына жағу үшін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет