Жазылымның қысқартылған түрінде рецепте
Rp.: Дәрілік түрдің Emulsi (Эмульсиялар), майдың аты, мөлшері, жалпы көлемі Жазылымның толық түрінде майдың, эмульгатор мен судың мөлшерлері бөлек-бөлек жазылады. Одан соң M.f. emulsum(Misce ut fiat emulsum – Эмульсия түзілгенше араластыр.) деп көрсетіледі. D.S. сөзімен латын бөлімі аяқталады.
Рецепт үлгісі 30 мл балық майынан (Oleum jecoris) тұратын 200 мл эмульсияға жазыңыз. Ас қасықпен күніне 2 рет ішуге.
Жазылымның қысқартылған түрі Rp.: Emulsi olei jecoris 30 ml-200 ml
D.S.Ас қасықпен күніне 2 рет ішуге
Жазылымның толық түрі Rp.: Olei jecoris 30 ml
Gelatosae 15,0
Aquae purificatae ad 200 ml
M.f. emulsum
D.S.Ас қасықпен күніне 2 рет ішуге
Тұнбалар мен қайнатпалар – infusa et Decocta (Тұнба-Nom.sing.infusum, Gen.sing.infusi; Қайнатпа-Nom.sing.Decoctum, Gen.sing.Decocti) Тұнбалар мен қайнатпалар – дәрілік өсімдік шикізатынан қыздыру арқылы алынатын сулы сығынды болып табылатын сұйық дәрілік түр.
Тұнбалар өсімдіктердің жұмсақ жер бетіндегі бөліктерінен: жапырағы, гүлі, шөбінен дайындалады. Қайнатпаларды әдетте қатты, тығыз өсімдік бөліктерінен: қабықшадан, тамыры мен тамырсабағынан, кейде жапырақтарынан (мысалы, аюжидек жапырағы) дайындайды.
Тұнбалар мен қайнатпалар дәріхана жағдайында науқасқа босатар алдында дайындалады. Тез бұзылуына байланысты салқын жерде сақталып, 3-4 күн ішуге ғана дайындалады. Тұнба мен қайнатпа рецепте тек қысқартылған түрінде жазылады.
0,6 термопсис шөбі (herba Thermopsidis)тұнбасының 180 мл жазыңыз. 1 ас қасықтан күніне 3 рет белгілеңіз.