Линименттер - Linimenta (Линименттер – Nom.sing. Linimentum, Gen. sing. Linimenti) Линименттер - қою сұйықтықтар түріндегі біртектес қоспадан тұратын сыртқы тәнге қолдануға арналған дәрілік түр. Негізі сұйық өсімдік, вазелин майы және т.б. заттар болып табылатын сұйық жақпа майлар.
Магистральды линименттер рецепте толық түрінде жазылады. Рецепте
Рецепт үлгісі 20 мл хлороформ (Сhloroformium) мен 40 мл меңдуана майынан (ОІеum Hyoscyami) тұратын линиментке жазыңыз. Зақымдалған буын аймағына жағу үшін белгілеңіз.
Rр.: линименттің ингредиенттерінің атауы, оның мөлшері,
М.f. linimentum (Міsce ut fiat linimentum - Линимент түзілгенше араластыр)
D.S. көрсетіледі.
Rр.: Сhloroformii 20 ml
ОІеі Hyoscyami 40 ml
M.f.linimentum
D.S.Зақымдалған буын аймағына жағуға.
Официнальды линименттер рецепте қысқартылған түрде жазылады.
Пасталар-Pastae (Паста- Nom.sing.Pasta; Gen.sing.Pastae) Пасталар – құрамында 25%-65% ұнтақ тәрізді заттары бар жақпа майлардың бір түрі. Пасталар қою және тұтқыр болып келеді, жағылмаларға қарағанда тері бетінде ұзақ сақталынады. Егер құрамында ұнтақ тәрізді заттың мөлшері 25%-тен кем болса, онда индиферентті ұнтақтар, яғни толықтырғыштар мырыш оксиді (Zinci oxydum),крахмал (Amylum), тальк (Talcum) қосылады.
Пасталар мөлшерге бөлінбеген дәрілік түр. Сондықтан олардың жалпы мөлшері жазылады. Магистральды пасталар: