Кіріспе. Фармакология тарихы. Жалпы рецептура Фармакология



бет15/29
Дата21.12.2023
өлшемі139,04 Kb.
#142186
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29
Рецепт үлгісі
«Бетиолдың» (“Bethiolum”) 10 суппозиторийіне жазыңыз. 1суппозиторийден күніне 2 рет белгілеңіз.
Rp.: Suppositoria “Bethiolum” N.10
D.S. 1 суппозиторийден күніне 2 рет


Жапсырмалар-Emplastra
(Жапсырма-Nom.sing. Emplastrum, Gen.sing.Emplastri)
Жапсырмалар (пластыр – теріге тартатын жабысқақ таңғыш) – дене температурасында жұмсарып, теріге жабысу қасиеті бар жұқа қабатты майысқақ масса. Агрегаттық күйіне қарай қатты және сұйық жапсырмалар деп ажыратылады. Қатты жапсырмалар бөлме температурасында консистенциясы тығыз, ал дене температурасында жұмсарады. Сұйық жапсырмалар (тері желімі) теріде еріткіш буланғаннан соң пленка түзетін ұшқыш сұйықтықтар.
Медициналық тәжірибеде қолданылатын жапсырмалар фармацевтикалық өндірістерде дайындалады. Жапсырмалар рецепте қысқартылған түрінде жазылады.
Рецепт үлгісі
Жай қорғасын жапсырмасының (Emplastrum Plumbi simplex) 50,0 жазыңыз. Терінің зақымдалған жеріне жылытып, дәкемен қою үшін.

Rp.: Emplastri Plumbi simplicis 50,0


D.S. Терінің зақымдалған жеріне жылытып, дәкемен қою үшін


3. Сұйық дәрілік түрлер

Сұйық дәрілік түрлерге: ерітінділер, шырыштар, эмульсиялар, суспензиялар, тұнба мен қайнатпалар, тұндырмалар, сығындылар, микстуралар және линименттер жатады.


Ерітінділер – Solutiones
(Ерітінді – Nom.sing. Solutio, Gen.sing.Solutionis)
Ерітінді деп қатты дәрілік затты еріту немесе сұйық дәрілік затты еріткішпен араластыру жолымен алынатын сұйық дәрілік түрді айтамыз. Ерітінді дәрілік зат пен еріткіштен тұрады. Еріткіш ретінде жиі тазартылған су (Aqua purificata), кейде 70%, 90%, 95% этил спирті (Spiritus aethylicus 70%, 90%, 95%), глицерин (Glycerinum) мен сұйық майлар: вазелин, зәйтүн, шабдалы (Oleum Vaselini, Oleum Olivarum, Oleum Persicorum) майлары пайдаланылады. Осыған сәйкес сулы, спиртті, глицеринді және майлы ерітінділер болып ажыратылады. Нағыз ерітінділер әр уақытта майда бөлшектер мен тұнбалардан тазартылған, мөлдір болуы тиіс. Ерітінділер сыртқы тәнге және ішу үшін, сонымен қатар егу (инъекцияға) үшін де қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет