Кіріспе І. Тарау «АҚ» ЖӘне «Қара» ТҮр-түс атауларының мағыналық ЖӘне тұЛҒалық дамуы


ІI.ТАРАУ. ТҮР- ТҮСКЕ БАЙЛАНЫСТЫ БАЙЛАНЫСТЫ ТОПОНИМДЕРДІҢ ЭТНОЛИНГВИСТИКАСЫ



бет22/30
Дата12.04.2023
өлшемі167,25 Kb.
#81819
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30
Байланысты:
dip -tur-tuske-baylanysty-toponimderdin-jetnolingvistikasy (1)

ІI.ТАРАУ. ТҮР- ТҮСКЕ БАЙЛАНЫСТЫ БАЙЛАНЫСТЫ ТОПОНИМДЕРДІҢ ЭТНОЛИНГВИСТИКАСЫ
Кез-келген елдің өткені мен бүгінінің сабақтастығы оның жер-су атаулары – топонимдері арқылы көрініс табады. Қазақ елінің де жер-су атаулары халықтың сан ғасырлық тарихынан сыр шертеді. Осы себепті де және еліміздің басынан өткен «сан қилы» заманда көптеген топонимдердің өзгеріске ұшырауына, ұмыт болуына байланысты да жер-су атауларын зерттеу бүгінгі күні өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Топонимика географиялық атауларды зерттейтін ономастиканың бір бөлімі. Топономика гректің topos - орын + опума - есім, ат деген сөздерінен алынған. Ол өзен, су, құдық, бұлақ, көл, теңіз аттарын (гидронимдерді); тау, сай-сала, қырат, жоталар, асулар, орман-тоғай, жайлау аттарын (оронимдерді); елді мекендердің аттарын (ойконимдерді) жан-жақты зерттейді. Қазақ ономастикасының негізін қалаушылардың бірі, ономаст-ғалым Т. Жанұзақовтың айтуынша тіліміздегі жер-су атауларының саны 3 миллионға жетеді. Жер-су аттары-біздің тарихымыз бен мәдениетіміздің көрінісі. Ұлттық тарихымыздың белгісіне айналған елді мекендер атаулары әр ғасыр шежіресінен сыр тартып, салт-дәстүрден, халықтың өмір тұрмысынан дерек беретін қайнар көзі. Атауларға негіз болған белгілердің барлығында ұлтымыздың, ата-бабаларымыздың да танымы жатыр деп айта аламыз. «Жер-судың атауы-тарихтың хаты» деген халық атауында терең мазмұн, сындарлы салмақ жатыр.
Атамекен жеріміздегі жер тарихы мен ел тарихы атауларының көзі ғасырлар бойы тарих көшінде алмасқан ұрпақтар санасында сақталып, жалғастық дәстүр негізінде тұрақтанып қорланған жиынтығының бір көрінісі. Қазірі кезде тарихи зерденің бір саласы ретінде танылған адамзат тарихи зерденің бір саласы ретінде танылған адамзат баласының тербеліп өскен тал бесігі- Жер ананың атауларына дейін жаңаша мән- мағына берілуде.
Әрбір атаудың өз тарихы, дүниеге келу себебі бар. Демек, топоним атаулы тарихи, географиялық және лингвистикалық мәннен хабар беріп тұрады деген сөз. Мұның өзі белгіл бір өңірдің топониміне қарап сол өңірде мекен еткен ұрпақтың тарихы туралы, тіршілік көзі жайында, ой-өресі хақында, тіптен сезім сұлулығына дейін тамаша хабардар болып, белгілі бір қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Ұлттық топонимия этникалық мәдениеттің құрамдас бір бөлігі болып табылады және осы жер-су атауларының қалыптасуына, құрамының лексика-тақырыптық сипатына этностың (халықтың) шаруашылығы, дүниетанымы, діни сенімдері, әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрі үлкен ықпал, әсер етеді. Қазақтың ұлы жазушысы М. Әуезов: « Біздің қазақ-жер аты, тау атын әманда сол ортаның сыр-сипатына қарай қоя білген жұрт. Қайда, қандай өлкеге барсаң да жер, су, жаһан дүзде кездескен кішкентай бұлақ атының өзінде қаншама мән-мағына, шешілмеген құпия-сыр жатады»-десе, халқымыздың біртуар перзенті Шоқан Уәлиханов: «Көне түркі салт-сана, әдет-ғұрпының қаймағы бұзылмаған қазақтарда өмірдің бір саласын қамтитын тарихи оқиғалармен байланысты жер-су атаулары, адам аттары, тағы да басқалары есте сақталып, атадан балаға жалғасып жатады» деп, жер-су атаулары елдің болмысы, салт-дәстүрі, тілі, діні екенін, ешқашан жөн-жосықсыз, ойсыз-мәнсіз кездейсоқ қойыла салмағанын еске салады.
Халқымыздың тарихында белгілі орны бар, ұлтымыздың рухани өмірі мен дамуына айтарлықтай зор үлес қосып келе жатқан өңірлердің бірі- Жамбыл облысының аймағы. Облыс маңайына шоғырланған ауыл-аймақ, аудандардың да өзіндік сыр-құпиялары, аңыз-әңгімелері баршылық.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Жалпақ жұртыңды, иісі алашыңды құрметтеу алдымен өзің тұрған өлкеңнің тарихын, табиғатын танудан басталады»- деген сөзін назарға ала отырып, өзім тұратын Жамбыл облысы, Жуалы жерінің жер-су атауларының тарихын зерттеуді көздедім.
Жуалы ауданының жері, суы, тауы, өзені, көлі, қыры, даласы барлығы да сан – салалы табиғат көрінісінің әрбір аттамы атсыз емес. Есімсіз адам болмайтын сияқты бұл өлкенің атсыз өңірі жоқ. Ол атаудың әрқайсысы өз кезегінде ел қалауынан туындаған. Сондықтан да осы атаулардың барлығы да қоғам ризығы, табы сіңген тарихтың ұшқыны десек болады.
Жуалы ауданында бұрындары саясиландырылған, ұлтымызға жат, саясаттан ада, ұйымдастырушылық тұрғыдан кедергі келтіретін атаулар да болған. Мысалы: Любимовка, Юсуповка, Марья-новка, Зыковка, Петровка, Алексеевка, Кантемировка, Юрьевка, Ясная- Поляна,Казанка, Евгеньевка, Некрасовка т.б. Қазіргі таңда көптеген атаулар тарихи атауларына қайта ие болды.
Жуалы жер-су атауларын халық жасаған үлкен қазынаға немесе көнеде жазылған шежіреге балауға болады. Жуалы ауданының топонимикалық жер-су атауларын зерттеген кезде оның құрылысы мен құрамы жағынан бес топқа бөлдік: 1) Жалпы есімдерден пайда болған көптеген Өзен, ұлақ, Бастау, Төбе т.б. елді мекен атаулары, 2) Туынды түбір тұлғалы Жосалы, Құлан, Шілікті, Алмалы,Бақалы,Қақты, Жыланды т.б. бойынша жасалған жер елдімекен атаулары, 3).Біріккен тұлғалы жалқы есімдер арқылы жасалған атаулар: Қоңыртөбе, Сарықайқаң, Қарамұрын, Жолбарысқамал, Кәріқорған, Шегірқамал т.б.4).Қос тұлғалы жалқы есімдерден тұратын: Ақсу – Жабағылы, Теріс-Ащыбұлақ сияқты атаулар.5).Сөйлемнен қалыптасқан жалқы есімдер: Көсегенің көк жоны, Қыз құлаған, Теке қамал, Қалмақ қырған, Қыдыр қонған сай т.б. аталатын атаулар.
Қазіргі Жуалы өлкесінде сақталған Бұлақ, Қайнар, Бел, Өзен, Бастау, Өзек, Төбе т.б. атау тұлғалардың барлығы өткен дәуірдің елесін беріп тұрғандай. Бұл тұлғалар келе-келе күрделеніп оларды үстемелейтін : ақ, қара, көк, сары, қызыл, биік, терең, кіші т.б. анықтауыштардың жалғауы арқылы өзгеріске ұшырағанын көреміз.Мысалы: Ақбастау, Қоңыртөбе, Кеңбұлақ, Қостөбе, Жетімтау, Айнакөл, Қарабастау, Көктөбе т.б. атаулар.
Қазақстанның кез келген аймақтық топонимиялық жүйесіндегі географиялық атауларда ақ, қара, қызыл, көк, сары, ала, қоңыр, боз т.б. түрлерін кездестіруге болады. Қазақ тілінде болса, түр-түс атауларының жалпы саны 70 - тен асып жығылады. Олардың 30-ы негізгілері де, 40-тан астамы туынды түрлеріне жатады. Зерттеушілер А. Әлімхан, Е.Ә. Керімбаев, Б.М. Тілеубердиев, Ұ.Р. Ержанова т.б. еңбектерінде аймақтық топонимдерде кездесетін ақ, қара, көк, сары, қызыл, қоңыр сөздердің семантикасына талдаулар жасалынған. Сол талдаулар нәтижесінде түр-түс компонетті топонимдер қазақ халқының рухани болмысын, жан-дүниесін көрсететін тілдік таңбалар ретінде қолданылатын лексикалық атаулар екені дәлелді түрде анықталып отыр. А.Әлімханның байқауынша, мысалы ақ компонентті топонимдер Қазақстанның кез келген өңірінде сияқты Жамбыл облысындағы, Жуалы ауданының аймағында да жиі кезедеседі: Ақбастау, Ақсай, Ақтасты т.т.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет