Кіріспе І. Тарау «АҚ» ЖӘне «Қара» ТҮр-түс атауларының мағыналық ЖӘне тұЛҒалық дамуы



бет24/30
Дата12.04.2023
өлшемі167,25 Kb.
#81819
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30
Қарасай - Қазақстанның Оңтүстік аймағында көп кезедесетін жер атауларының бірі. Сондай Қарасай аталатын жер Жуалы жерінде екеу. Біріншісі: Талас Алатауының етек жағындағы Талапты елді мекенінің маңында, Екіншісі: Шыңбұлақ елді мекенінің солтүстік шығысындағы Үлкен Қоңыртөбенің жанында.
Бұл екі Қарасайдың аталу этимологиясы екі бөлек. Талапты елді мекенінің үстіңгі жағындағы Қарасай, ол аймақтың малға жайлы „отты“ мағынасын беретін атау. Бұл атау жердің түріне байланысты атау емес, өйткені ол маңда қараға лайық көз тартар ешқандай белгі жоқ.
Екінші Үлкен Қоңыртөбенің жанындағы Қарасай, сайдың екі қабағындағы қара-қошқыл тастардың түсіне қатысты қойылған атау. Тағы осы қара түске байланысты „Қаратас“ атауы бар. Бұл атау реңмен байланысты. „қара“ және „тас“ деген сөздерден қалыптасқан атау. Оның себебі, сол аймақтың шығысындағы тау қыраттарының және ондағы қатпарлы тастардың түсі қара. Сондықтан бұл жер Қаратас аталады, ал оның етегіндегі шағын елді мекен „Қаратас“ ауылы деп аталады.
Қараүңгір - бұл Жуалы ауданының Оңтүстік жағындағы Б. Момышұлы ауылының 16 шақырым жерде Талас Алатауының шатқалындағы үңгір атауы. Үңгірдің аумғағы бр отар қой (шамамен 600-700 бас.) сыйып кететіндей көлемді алып жатыр. Қараүңгірдің ішінде жағалай жақпар тастарды тесіп мал байлауға жасалған тесіктер бар. Үңгірдің бітер жеріндегі түкпірінде киіз үй сиятындай орын бар. Қараүгіңрдің атауына тоқталатын болсақ, қара және үңгір сөзіне туындағын атау. Қазақ тілінде „қара“ сөзінің ұғымы әр түрлі мағынада қолданылатындығы белгілі. Мысалы: Қарадаладағы „қара“сөзі „отты дала“, Қарақамыстағы „қара “ сөзі „қалың қамысты“, Қаракемердегі „қара“ сөзі „жар қабақты“, Қарақоңыстағы „қара“сөзі „қоныс “ атауын білдірентін тағы сол сияқты атаулар тізбегі жатады.
Осы жоғарыдығы мысалда келтірілгендей қара сөзі „қоныс“, „пана“ мағынасында қалыптасқан деп ой түйеміз, яғни Қараүңгір сөзі „қоныс үңгір“ деген сөзден туындаған оронимдік этимология.
Жуалы ауданындағы топонимдер құрамында кездесетін қара компонентті атаулар мынандай: 1) түстік мәнде; 2) “үлкен” мағынасында; 3) “қалың”, “ну”, “көп” ұғымында; 4) “ежелгі”, “ескі” мәнінде; 5) “биік” ұғымында; 6) “жер асты суынан бастау алатын өзен” мағынасында; 7) “кіші”, “жұпыны” мәнінде” мәнінде қолданылады.
Шөккен нардай болып қазіргі Шақпақата елді мекенінің солтүстігінде оқшау орналасқан төбені жергілікті жұрт „Қоңыртөбе“ деп атайды. Бір құдірет осы аймаққа әдейі алып келіп орнатқандай: Қоңыртөбе аталу себебі, қоңыр (отты) төбе деген мағынаны беретін атау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет