Кіріспе І-тарау.Бастауыш сыныптарда спорттық жаттығуларды үйрету 1.1. Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі …………………………
1.2.Бастауыш сынып оқушылары дене дамуының морфофункционалдық және психологиялық ерекшеліктері
1.3.Бастауыш сынып оқушыларымен дене тәрбиесі сабағын
жүргізудің әдістемелік ерекшеліктері
ІІ-тарау. бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі 2.1. бастауыш сынып оқушылары дене тәрбиесінің міндеттері
2.2. Орта сынып оқушыларының дене дамуының ерекшеліктері
Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе Тақырыптың өзектілігі:Мектеп мұғалімдеріне балалар денсаулығы үшін аса үлкен жауаптылық жүктеген. Сондықтан олар сабақ өткізбес бұрын оқушылар отырған орынның гигиеналық талаптарға сай болуына назар аударғаны орынды.Дене тәрбиесінің адам тәрбиесіне тигізетін әсері мен заңдылықтарын жете білу бүгінгі ұрпақтың ертеңгі ұлағатты ұстаздардың алдында тұрған негізгі міндеті. Әрбір адам өзін келешекте өмір сүруге әзірлеп отырады. Ал ғылым мен техниканың дамуына байланысты көптеген қол жұмыстар,ой еңбегіме алмастырып,дененің қимыл-қозғалыстары азаюда. Демек,адамдарды қимыл-қозғалыс яғни дене тәрбиесімен шұғылдандыруға дағдыландыру керек.
Дене тәрбиесімен айналысатын оқушы жақсы оқып,білгендерін іске асыратын табанды,жігерлі азаматтар қатарына қосылады. Спорт қоғамға жат қылықтармен күресуге көмектесетіні,ұжымдық және өзара көмек беру сезімдерін жетілдіретіні,белсенді өмірлік көзқарасты тәрбиелейтін,жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратыны,өмірде белгілі қағидалар.
Курстық жұмыстың мақсаты:Бастауыш сыныптарда спорттық жаттығуларды үйрету
Қазақстанның болашағы қазіргі жеткіншек жастардың денсаулықтарына оны нығайту ісіне айрықша назар аударылып,салауатты өмір салтының бір белгісі әрбір адамның дене тәрбиесімен жүйелі түрде айналысуы болып табылады.
Дене тәрбиесі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының бір тармағы болып табылады және ол жеке тұлғаның жан жақты дамуына,күшті де қуатты болып өсуіне ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыруға оны Отан сүйгіштікке дайындауға қызмет етеді. Демек,жоғары оқу орындарына болашақ мамандарды кәсіби дайындау денсаулығы мықты,жан-жақты дамыған алуан түрлі дене және ақыл-ой еңбектерін тәрбиелеуге қабілетті ұрпақты дайындау жөніндегі мемлекеттік қажеттілік талаптарына байланысты жүргізілетін іс.