2.3. Дене тәрбиесі әдістемесінің ерекшеліктері
бастауыш мектеп жасындағы оқушылармен дене тәрбиесі сабақтарын жүргізу әдістемесі негізгі базалық спорт түрлерінің (жеңіл атлетика, гимнастика, спорттық ойындар, шаңғы спорты, суда жүзу) жаттығуларын тереңдете үйрету, жетілдіруге бағытталған.
бастауыш сыныптарда оқушылардың жеке қасиеттері айқындала бастайды. Олардың дене қасиеттерінің даму деңгейлері, қимыл-қозғалыс мүмкіншіліктері, психикалық қалыптары мен қасиеттері, ағзаларының физиологиялық даму деңгейлері әр түрлі болып келеді. Дене тәрбиесі мұғалімі, спорт бапкері осы ерекшеліктерді жақсы білуі, балалардың бойынан осы қасиеттерді көре, тани білулері қажет. Өздерінің сабақ, жаттықтырулар жүргізу барысындағы жаттығулар техникасын үйрету, жетілдіру, дене қасиеттерін дамыту кездерінде осы ерекшеліктерді ескере жұмыс жүргізу керек. Әсіресе, дене дайындығы жоғары және төмен оқушылармен жұмыс жүргізгенде жекелілік, даралық әдістерді, қағидаларды қолдану қажет болады. Оларға сабақ кездерінде жеке тапсырмалар беру, үй тапсырмаларын бергенде ерекшеліктерін ескеріп, басқадай тапсырмалар беру секілді жұмыстарды дене тәрбиесі мұғалімдері ескерсе дұрыс болады.
бастауыш мектеп жасындағы оқушылармен жұмыс жүргізудің тағы бір әдістемелік ерекшелігі – олардың жыныс ерекшеліктерін ескеру. Қазіргі кезде ол ерекшеліктерге өте жоғары деңгейде мән берілуде. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 21 маусым 2002 жылғы № 506 бұйрығында: «5-сыныптан бастап дене тәрбиесі сабақтары қыздар мен ұлдар арасында бөлек жүргізілуі керек», - деп жазылған министрліктің осы бұйрығы жалғасын тауып, жергілікті және ауылдық жерлердегі мектептердің спорттық базалары жақсарып, құрал-жабдықтары көбейіп, жыныс ерекшеліктері ескеріліп, дене тәрбиесі сабақтары ұлдар мен қыздар арасында бөлек жүргізіліп жатса өте дұрыс болар еді.
Қорытынды
Қорытындылай келе, бастауыш сыныптарда дене тәрбиесі сағатын жоспарлау мен өткізу әдістемелерінің оңай еместігіне көзіміз жеткен сияқты.
Оқушылардың жас шамасына байланысты жалпы денені дамыту жаттығуларының санын көбейту керек. Өйткені, жаттығуларды орындау барысында оқушылардың денсаулықтарының жақсы болуына көп септігін тигізеді.
Бастауыш сынып оқушыларына жалпы дамыту жаттығуларын орындатқан да дұрыс, әрі сапалы орындау тәсілдерін дер кезінде меңгеру қажет.
Бастауыш сыныптарда жылдамдық, иілгіштік, ептілік және тепе-теңдік сапаларын дамытуға зор көңіл бөлу керек. Осы сапаларды еске алсақ бұл адамның бүкіл тіршілік тұрмысында өзінің маңызын жоғалтпайды.
Бастауыш сыныптарда дене тәрбиесі сабағын өткізген кезде оқушылардың спорт түрлеріне қызығушылығын арттыру жолдарын алдын-ала қарастыруымыз керек.
Жалпы дене тәрбиесі сабағы оқушылардың мықты болып өсуіне септігін тигізеді. «Денсаулық – зор байлық», «Жаны саудың – тәні сау» демекші адамның ең баға жетпес байлығы – денсаулық. Сондықтан, бастауыш сыныптан бастап оқушылардың денсаулығына зор көңіл бөлген дұрыс.
Өскелең ұрпақты дені сау, шыныққан, жан-жақты жетілген тұлға етіп тәрбиелеу, оларды өмірге, Отанды қорғауға, еңбек етуге дайындау – білім беру мен тәрбиелеу жүйесінің мақсаты болып табылады.
Қазақстан Республикасы - әлемдік спорт жетістіктерімен әйгілі болған ел. Тәуелсіз еліміздің спорты жоғары қарқынмен дамып келеді. Кеңестер Одағы кезеңінде де республикамыздың спортшылары тамаша жетістіктерге жетті. Біздің спортшыларымыз еуропалық және әлем рекордтарын да жаңартуда. Қазіргі кезде Қазақстан Азия континенті елдеріндегі жарыстарда спорттың кейбір түрлерінен алдыңғы орындарға ие болып жүр. Қазір сол жетістіктердің қорытындылары талқыланып алдағы Олимпиадаларға қатысуға жоспарлар жасалуда. Бұл жоспарлардың жүзеге асуы осы салада қызмет атқаратын мамандардың адамгершілік қасиеттері мен кәсіби біліміне тығыз байланысты. Қазір бұл мақсатты іске асыруда алдымызда көптеген қиыншылықтар тұр. Соның бірі дене шынықтыру мамандарын ана тілінде оқытып дәріс беру, мемлекеттік тілде жазылған оқулықтардың және оқу құралдарының аздығы. Дене тәрбиесі сабақтарын ұйымдастырып өткізуші мамандар, спорт бапкерлерін дайындаудағы мәселелерді қарастыратын еңбектер өте аз. Бұл жұмыс сондай мамандарға аз да болса себі тию мақсатында жазылған. Жұмыс барысында көптеген еңбектерді оқып-талдап көп мәліметтерді қазақшаға аударуға мәжбүр болдық. Келешекте осы проблемалардан құтылу үшін бізге өте қажетті пәндерді орталықтандырылған кәсіби тілде аударылғанын дұрыс деп есептейміз. Мектепте өз ісіне берілген білікті мамандардың шешуші роль атқаратынын естен шығармағанымыз жөн. Осы «Бастауыш сыныптардағы дене тәрбиесі сабағын жоспарлау және өткізу әдістемесінің ерекшеліктері» атты дипломдық жұмысымды жазу барысында алға қойған мақсат, міндетіме жеттім деп ойлаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |