Кіріспе Жұмыстың өзектілігі


Тамырдың негізгі үш аймағы болады



бет6/8
Дата07.04.2023
өлшемі440,33 Kb.
#80190
1   2   3   4   5   6   7   8
Тамырдың негізгі үш аймағы болады:
1. Өсу немесе бөліну аймағы, ұзындығы 1,5 мм. Осы аймақта клеткалардың бөлінуі есебінен тамыр өседі.
2. Тамыр түкшелері немесе сору аймағы, ұзындығы 1-2 см.
3. Созылу аймағы.
Бөліну немесе созылу аймақтарына қарағанда қоректік, элементтерді тамыр түкшелері орналасқан аймақ клеткалары әлденеше рет қарқынды сіңіреді. Өсімдіктің тамыр жүйелері құрғақ массаға шаққанда оның топырақ бетіндегі мүшелерінен үлкен болады. Мысалы, тың және тыңайған жерлерде өсірілетін көпжылдық шөптердің тамыр жүйелерінің үлес салмағы жер бетіндегі өсімдік массасының 90%-ін құрайды. Сол сияқты жүгері егістігінде ол 16%, күздік бидайда 70%, жоңышқада-166% жетеді. Ал жантақ өсімдігінің тамыр жүйесінің ұзындығы 30 метрге дейін жетіп, оның жалпы салмағы жер бетіндегі массасынан 100 есе артық болады. Ауылшаруашылық дақылдарының тамыр жүйелері біршама көлемді жерлерді алып жатады. Атап айтқанда, күздік қара бидай тамырларының ұзындығы 6,4 м, түкшелерінің ұзындығы 1649,4 метрге, олардың беткі қабатының көлемі 503-767 см жетеді. Бір күздік қара бидай өсімдігі 4 айда 13 млн 800 мың дана тамыр шығарады. Олардың жалпы ұзындығы 600 километрге, беткі жағының көлемі 240 шаршы метрге жетеді. Мақта тамыры 6 м, жаздық бидай тамыры 2 м, ал жоңышқа тамыры 18 м жетеді. Тамырдың ұзындығы көбінесе топырақтағы ылғал қорына байланысты болады. Мысалы, топырақта ылғал жеткілікті болған жағдайда жоңышқа тамыры 5 метр тереңдікке дейін, ал қуаңшылық болған кезде 20 м тереңдікке дейін бойлап өседі. Табиғатта тамырлардың терең бойлап кетуіне жол бермейтін және оларды топырақтың жоғарғы қабатында ғана өркен жаюға мәжбүр ететін факторлар болады. Бұған температурасы төмен және аэрациясы нашар, ыза сулардың жер бетіне жақын орналасуын жатқызуға болады. Өсімдіктің тамыр түкшелері тамырдың қоректік заттарды сіңіру қабілетін ұлғайтады. Сондықтан да, тамыр түкшелері орналасқан аймақты тамырдың қоректік заттарды сіңіру аймағы деп атайды. Дегенмен, кейбір зерттеу жұмыстары қоректік заттарды сіңіруге тамыр түкшелері орналаспаған аймақ клеткалары да қатысатынын дәлелдеп отыр. Рассел мен Кларксон фосфор элементін арпа тамырының тамыр түкшелерінен 40 см қашығырақ орналасқан бөліктері де сіңіретінін анықтады. Сонымен қатар тамыр түкшелерінде арнайы сіңіру аймағы жоқ.
Өсімдік ағзасындағы минералдық және органикалық заттарының қозғалуының зор маңызы бар. Өсімдіктің организмінде қоректік заттары негізінен екі жолмен қозғалады: 1) жоғары көтерілуші; 2) төменге түсу жолдары.Жоғары көтерілуі.Өсімдік ағзасындағы тұздардың қозғалуы. Транспирация процесс күшейген сайын тез жүреді, ал ол процесс кеміген кезде, тұздарында қозғалуы кемитіңдегі байқалған. Осындай жүргізілген тәжірибелер бойынша қоректік заттарының сумен бірге жоғары көтерілсе ксилема түтікшелері бойынша қозғалатындығы анықталған. Сонымен қатар ерітілген заттарының қозғалу жылдамдығы судың қозғалу жылдамдылығынан өзгеше болуы мүмкін. Ол ерітілген заттарының (тұздардың) түтікшелерінде адсорбция ұшырауына байланысты болады.Бұл мәселе бойынша келесі тәжірибе жасалған болатын. Бұл тәжірибеде өсімдіктің сабағының қабығын (флоэмасын) ксилемадан ажыратып алған болатын. Қабықпен ксилеманың арасына балауыз қағаз алынған,осындай өсімдікті калий ерітіндісіне батырып қойып байқаған болатын. Бес сағат аралығынан кейін байқап қарағанда,калий ерітіңдісі негізінен ксилема бойынша,сонымен қатар шамалы мөлшерде сүзгілі түтіктерденде байқалған.Сондықтан негізгі минерал тұздарының тамырдан жоғары қарай көтерілуі ксилема бойынша жүретіндігі анықталған. Ксилемамен флоэма аралығында тығыз байланыс болғандықтан, шамалы мөлшерде флоэма бойынша да қозғалады. Ксилема мен флоэма аралығында тірі камбий клеткалары орналасады, сол арқылы байланысып элементтердің көп немесе аз болуы реттеліп отырады.Қоректік заттарының ксилема бойынша қозғалуы – пассивті процесс, алмасу процесімен өте аз байланысты. Қоршаған ортаның температурасының төмендеуі немесе сабақтың тіршілігін шектетілуі элементтердің жоғары қарай көтерілуіне әсер етпейді.Жапырақ жоғары сатыда орналасқан сайын, жапырақ жас болған сайын, онда зат алмасу процестері жақсы жүреді, сондықтан оларға элементтер көп көтеріледі. Заттардың көтерілуі транспирация процесінің қарқындылығымен байланысты болмайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет