Кіріспе Кіріспе Негізгі бөлім тж-дың түрлері



бет3/4
Дата20.06.2023
өлшемі1,58 Mb.
#102656
1   2   3   4
Байланысты:
обж (1)-2

Негізгі бөлім
Табиғат зілзалалары
Өрттер - бұл адам өміріне қауіп төндіретін, материалдық құндылықтарды жоятын бақыланусыз қалған жану процесі.
Өрттер – қауіпті табиғат зіл-заласы болып табылады. Олар қуаңшылық кезде ормнда, шым тезектерде және елді-мекендерде пайда болуы мүмкін.
Өрттердің пайда болу себептеріне оттан сақтанбау, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, найзағай, жер сілкінісі, жанартаулардың атқылауы, табиғи газдың және шым тезектердің өздігінен жануы сияқты табиғат құбылысы, электр сымдарының қысқа тұйықталуы кезіндегі ұшқындардан тұтануы, іштен жанатын қозғалтқыштарының жұмыс істеу тәртібінің бұзылуы жатады. Осы себептердің нәтижесінде әр түрлі заттардың тұтануы пайда болады да әрі қарай өртке айналады. Өрттің пайда болуының 90% адам кінәсінен, тек 7-8% найзағайдан. Жыл сайын өрт экономикаға ірі шығын әкеледі.
Жану процесінің болған жеріне байланысты, өрт келесі түрге бөлінеді: ормандық, шым тезектік, далалық.
Орман өрттері кезінде бұталар, түбірлер, топырақ үстіндегі өсімдік жамылғылар жанады. Орман өрті оттың орманның қай бөлігінде жайылуына байланысты төменгі, жоғарғы, жер асты өрті болып бөлінеді, ал өрт жиегінің жылжуы мен жалынның биіктігіне байланысты – әлсіз, орташа, күшті өрт болып бөлінеді. Басқаларынан гөрі төменгі өрттер жиі кездеседі.
Төменгі орман өрттері – ағаштардың дінінің төменгі жағы мен майда бұталарды қамти отырып, тек қана топырақ жымылғылар жайылады. Төменгі орман өрті 0,5-2,0 м биіктікте 0,2 км/сағ, ал күшті желде 1 км/сағ жылдамдықпен жайылады, жоғарғы температурасы 9000С. Жер бауырлап жанған өрттер лапылдақ және маздақ болып бөлінеді.
Жоғарғы орман өрттері – төменгі өрттерден өрістейді, тек қана топырақтың үстіңгі жамылғысының ғана емес, сонымен қатар ағаш тектес өсімдіктердің жанып кетуімен де сипатталады. Жоғарғы өртте төменгі өрт сияқты лапылдақ және маздақ болып бөлінеді. Лапылдақ өрт кезінде жылдамдығы сағатына 25 км-ге жайылады, ал маздақ өрт кезінде жылдамдығы сағатына 5-8 км-ге дейін жайылып өртенеді.
Негізгі бөлім
ТЖ және Апат
Төтенше жағдай – әдетте қысқа мерзімде болатын және адамдарға, табиғи және материалдық ресурстарға кері әсері жоғары болатын оқиға. Төтенше жағдайларға ірі апаттар, апаттар және табиғи апаттар жатады. Апат – адамдардың өлімімен қатар жүрмейтін, техникалық құралдарды қалпына келтіру мүмкін емес немесе экономикалық мақсатқа сай келмейтін техникалық жүйедегі оқиға.
Апат – адамдардың өлімімен немесе із-түзсіз жоғалуымен жүретін техникалық жүйедегі оқиға. Табиғи апат – адам өліміне немесе денсаулығына нұқсан келтіруге, елеулі материалдық шығындарға және табиғи ортаның бұзылуына әкелетін аса қауіпті табиғат құбылысы.
Қорытынды
Бейбіт уақыттағы төтенше жағдайды 5 топқа бөлуге болады:
  • қоршаған ортаға зиянды заттарды тастауға алып келіп соғатын;
  • жарылыс,өртке алып келіп соғатын;
  • көлік комуникациясындағы орын алатын қатынас жолы;
  • әскери саясаттық сипатта болатын;
  • стихияға (бедетвия) әкеліп соғатын.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет