КІРІСПЕ Курс жұмысының өзектілігі. Бастауыш буын – қайталанбайтын кезең, ақиқаты сол, білім негізі бастауыштан басталады. Бастауыш білім беру сатысы оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана емес, ең алдымен оқушы тұлғасы ұйытқысының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін аса маңызды, құнды, қайталанбайтын буын екендігімен ерекшеленеді. Бастауыш сатыдағы білім берудің бағдарлы мақсаты – оқу әрекетін қалыптастыру; айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік тәрбие түрлеріне сай сезім қатынас қарым – қатынасқа дайындау; өзін қоршаған және өмір сүрген жаңа табиғи және әлеуметтік ортаны тануға, сүюге, қорғауға, өзін ұстай білуге үйрету болып табылады. Оны оқу, ойын, еңбек, қарым – қатынас сияқты түрлерін меңгерумен қамтамасыз етуге болады [1; 12-13].
Басты назар аударатын мәселелердің бірі – отансүйгіштік. Отаншылдық отансүйгіштік тәрбие құндылықтары арқылы жүзеге асатыны белгілі.
Бастауыш сынып оқушылары оқу сабағы, тәрбие сағаттары, сыныптан, мектептен тыс жұмыстар арқылы танымдық, тәрбиелік әрекеттерін қалыптастырады.
Зерттеу мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының отансүйгіштік сезімін қалыптасырудың мазмұнын, формасын, әдістерін негіздеу.
Зерттеу міндеттері: 1. Отансүйгіштік туралы қазіргі кезде қалыптасып отырған ой – пікірлерді анықтау;
2. Отансүйгіштік тәрбие жөніндегі теориялық, тәжірибелік ой - пікірлерді айқындау;
3. Бастауыш сынып оқушыларының отансүйгіштік сезімін тәрбиелеу құндылықтарын белгілеу;
4. Бастауыш сынып оқушыларының отансүйгіштік сезімін педагогикалық процесте қалыптастырудың мүмкіндіктерін қарастыру.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер ана тілі сабағында отаншылдық тәрбиенің бастауыш сынып кезеңіндегі мазмұны белгіленіп, оқушының отансүйгіштік сезімі қалыптастырылса Егеменді Қазақстан Республикасының өркендеуіне, оның құндылықтарын сақтауға, құрметтеуге, сүюге, қызмет көрсетуге және т.б. сияқты сезімдерінің арқасында өздерінің отансүйгіштік мүмкіндіктерін дамытуды меңгереді.