Кіріспе курстық жұмыстың өзектілігі


Эмпатия – қайғы-қасіретті жағдайлар мен қиыншылықтарға ұшыраған өзгелерге жанашырлық білдіріп, солардың ауыр халі өз басңа түскендей сезіну. Құмарлық



бет10/16
Дата30.11.2022
өлшемі102,56 Kb.
#53633
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Байланысты:
Псих. курс жұмыс С.Е.

Эмпатия – қайғы-қасіретті жағдайлар мен қиыншылықтарға ұшыраған өзгелерге жанашырлық білдіріп, солардың ауыр халі өз басңа түскендей сезіну.
Құмарлық – адамның белсенді әрекетін оятатын күшті сезім. Оның ұнамды және ұнамсыз жақтары бар.
2.2 Сезім мен эмоцияны дамыту және тәрбиелеу
Біздің психикалық өмірімізде сезімдер ерекше орын алады. Сезімдер — бұл адамнын қоршаған обьективтік шындыққа және өзіне-өзінің қатынасының көңіл-күйі. Сезімдер адам өмірінің мазмұнын байыта түседі. Балаларда сезім туған кезінен бастап аңғарыла бастайды. Сәбидің алғашқы жылауы оның эмоциялық өмірі бастауының көрсеткіші болып табылады. Болашақта сәбидің сезімі мазмұны, күші және тұрақтылығы жағынан дами түседі. Алғашқы кезде балаларда органикалық сезімдер дамиды, кейін тәрбиенің әсерімен адамгершілік, эстетикалық, интелектуалдық сезімдер дамиды. Сонымен қатар бала өмірінің алғашқы күндері бет келбетіне қарап, қанағаттану және қанағаттанбауға қарсы жауабын аңғаруға болады. Баланың алғашқыда қимылдары қанағаттаңдық сезімді білдіреді. Алғашқы сәбилік кезеңде сезімдер тұрақсыз келеді. Алғашқы балалық шақта түйсіктер және қабылдаулармен байланысты сезімдер аңғарылады.
Екінші жылдың орта кезінде бала өзінің анасына, әкесіне және басқа да жақын адамдарына нәзіктік жылы сезіммен қарай бастайды. Бұл кезенде баланың сезімі өте тұрақсыз болады, кейде егіл де-тегіл болып жылап жатса, қызу күліп отыруы да ықтимал, яки, бұл кезеңде баланың сезімі тез өзгеріп отырады. Бұл кезеңде эстетикалық сезімдері қалыптаса бастайды: бала үстіне киген әдемі көйлектен, қызықты ойьшшықтан қанағаттанғандық сезімге ие болады.
Мектепке дейінгі кезенде интеллектуалдық сезімдері аңғарылады. Мектепке дейінгілердің сезімдері ерекше айқындылығымен, күшімен, әлі де аз тұрақтылығымен ерекшеленеді.
Кіші мектеп жасындағы кезеңде оқыту мен тәрбиенің әсерімен балалардың эмоциялық өмірі бірте-бірте кеңейе түседі. Мектеп шәкірттерінде интеллектуалдық және моралдық сезімдермен қатар, достық және жолдастық сезімі ерекше орын ала бастайды. Патриотизм, борыш сезімдері пайда болып, қалыптаса бастайды.
Жеткіншектік кезеңде эмоциялық көңіл-күйінде (13-14 жаста) үлкен өзгерістерге ұшырайды. Жеткіншектер дүниетанымдық мәселелермен қызыға бастайды. Бұл кезеңде эмоциялық көңіл-күйдің қайнар көзі болашақ туралы армандау, ерлік, романтика болып табылады; өзін-өзі бағалау сезімі күшті дамыған. Бұл кезенде оқытудың әсерімен абстракциялық, логикалық және сыни ойлауы біршама даму деңгейіне жетеді.
Бұл кезеңде жеткіншек ағзасында физиологиялық өзгерістерге (жыныстық жетілуі) байланысты мінезінде, эмоциялық қозуында, ерекшеліктер байқалады. Жеткіншектерде басқа кезеңдегі балаларға қарағанда қыңырлықты, мінезіндегі ерекшеліктерді аңғарута болады. Балалар мен жеткіншектердің эмоциялық көңіл-күйі үлкендер сияқты даралық ерекшеліктері болады. Алғашқы балалық және мектепке дейінгі кезеңде сезімдер негізінен темпераментпен байланысты, сонымен қатар мектепке дейінгі кезеңде сезімдер қалыптасып келе жатқан мінез, қызығулардың көрінісі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет