Кіріспе курстық жұмыстың өзектілігі


Сезімнің ерекшеліктері, қасиеттері мен негіздері



бет12/16
Дата30.11.2022
өлшемі102,56 Kb.
#53633
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Псих. курс жұмыс С.Е.

2.4 Сезімнің ерекшеліктері, қасиеттері мен негіздері
Сезім ерекшеліктері. Адам сезімі дара тұлғалық қасиет. Осыған орай әр адам нақты жағдайда бір зат не құбылысқа өзінше баға беріп, белгілі бір, екінші адамдағыға ұқсамайтын көңіл кейпіне беріледі. Аш адам мен тоқ адамның бір тамаққа болған әр түұрлі қатынасы осыдан. Еске түскен заттар не оқиғалардың да бағамының бірдей болмауы да осы себеппен түсіндіріледі: әдетте, қуанышты жағдайларда араласқан обьектер (адам, зат, оқиға) жылы сезіммен еске алынады. Әрқандай сезім жеке тұлғаның мәнді сипатын білдіреді.
Сезімдер адамның қоршаған дүниеге қатынасын білдіріп қоймастан, ол жөніндегі ақпарат көзі де болып табылады. Бұл тұрғыдан нысан бейнесі эмоцияның танымдық тарапы болады да, ал сол мезеттегі адам кейпі сезімнің субьектив элементін танытады.
Сезімдер адамның қасиеттерімен тығыз байланысты. Субьекті қажеттілігі және сол қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған ерекше қызметіне орай сезімдер екі ірі топқа бөлінеді. Біріншісі – қажет заттардың обьектив мазмұнына жаңа, айрықша мән қосып, оларды қанағаттандыру әрекетінің сеп- түрткісіне айналдырушы сезімдер. Мұндай толғаныстардың пайда болуы үшін аса қажетсіну және оған сай заттар қолда болуы керек. Көңіл-күй серпінісі қажеттікпен үйлесе келе іс-әрекеттің бастауын береді, оған ынталандырады, және бағыт- бағдарлы жетекшісіне айналады. Осылайша, мұндай іс-әрекетпен сәйкестікке түседі. Бұл эмоциялар психологияда жетекші ниеттер аталған.
Екінші эмоциялық құбылыстар тобына – жетекші ниет, яғни басталған ішкі не сыртқы іс-әрекет ізімен туындайтын сезімдер кіреді. Бұлар сол әрекеттердің орындалуына тиімді не кедергі болған жағдайларға (үміт, ыза), жетіскен нәтижелерге (қуаныш, өкініш), немесе қалыптасқан не мүмкін болар ситуацияларға (қатерлену, сенімді болу), субьектінің қатынасын сипаттайды. Мұндай сезімдік тоғаныстар жетекші ниеттерге негізделгеніне әдейі немесе ырықты деп аталады. Осыдан көзделген мақсатқа жетуде алда шыққан кедергі бір түрлі сезім туындатса, енді сол кедергі жаудан құтылуда пайдалы болуымен екінші бір сезім пайда етеді, яғни ырықты сезімдер нақты жағдайға, сол сәттегі өмірлік маңыздылыққа орай мән алады.
Сонымен, сезім екі себептен пайда болады, біріншісі-адамның обьектіге қатынасын айқындайтын қажеттіліктер; екіншісі-адамның осы нысанның тиісті қасиеттерін түсініп, оны санада бейнелеу қабілеті. Обьектив және субьектив жағдайлардың өзара байланысынан адамның қоршаған дүниеге саналы баға беруімен қатар жеке эмоционал көзқарасының себептері ашыпады.
Сезімдердің өзіндік ерекшеліктері олардың қарама – қарсылықты сипатынан көрінеді. Мұндай сипат қарапайым әсерленуге де (рахаттану, қысылу), сондай-ақ күрделі толғаныстарға да (ұнату- жек көру, қуаныш- мұң, көңілді -қайғылы, т.б.) тән.
Сезімдерге ғана тән аса маңызды сипат – олардың бірігімді (интегралды) келуі. Сезім бүкіл денені билеп, адам кейпін ерекше әсерге бөлейді. Барша дене қызметтерінің басын бір сәтте біріктірумен сезім өздігінен организмге пайдалы не зиян әсердің хабаршы қызметін атқарады. Сезімдік сигнал әсер орны мен дененің жауап әрекеті айқындалмай жатып та санаға жетуі мүмкін.
Сезімдердің және бір маңызды ерекшелігі – олардың денедегі тіршілік әрекеттермен тікелей байланыста болуы. Сезім ықпалынан адамның ішкі тән қызметі өзгеріске түседі: қан айналымы, дем алыс, асқорыту, ішкі және сыртқы секреция бездері. Шектен тыс ұзақ уақыт және қарқынды болған көңіл-күй толғаныстары организмді сырқатқа шалдықтырады: қорқыныш-жүрек ауруларына соқтырып, ашу-бауырды, жабырқау мен мұң – асқазанды бұзады.
Сезімдер тарихи-әлеуметтік негізге ие. Олар әр түрлі халықтарда, әр түрлі кезеңдерде мән-мағынасымен көріну формасын қарастырып отырған. Қоғам дамуымен сезімдер де өзгеріп барады. Түрлі дәуірде өмір сүрген адамдардың ұқсас, тіпті бір текті заттың өзіне жасаған қатынасы бірін бірі қайталамайды. Сезім ұдайы қозғалыста болып, тұрақты және ауыспалы элнменттердің тұтастай бірлігінен құралады. Бұл сезім желісінде, бір жағынан-бір ізді қысқа мерзімді толғаныстар құрылымын: пайда болу, өрбу, шыңына жету, сөну, екінші жағынан - әр түрлі толғаныстар түйдегінен түзелген ұзақ мерзімді сезімдер құрылымын айыруға болады. Барша сезімдер жүйесінің өлшемі бір – біріне қайшы келген екі бағытта беріледі: сүйсіну-жеркену, қозу-тыншу, көңілдену-мұңаю.
Егер сүйсіну не жеккөру сезімі көп жағдайда заттың өзіндік ерекшеліктеріне, олардың адам өміріндегі маңызына немесе нақты бір ситуация мәніне орай туындаса, одан болатын қозудың дәрежесі сол сезімнің өзімен шарттас келеді. Мысалы, қаһар-дүлей қызбалық формасында көрініс берсе, керісінше, қанағаттану-адамның сабырлы, байсалды күйінен білінеді.
Көп түрлілігі мен күрделі болуынан сезімдерді жете танып, қалтқысыз басқару мүмкін емес. Бұл жағдай өз сезіміңді суреттеп, айтып беру үшін сөз жеткізе алмауда байқалады: қолданған сөздердің мәні бұлыңғыр, көңіл-күй қалпына сәйкес болмай шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет