Кіріспе лекция Зоология пәні, жануарлар әлемі



бет129/163
Дата26.09.2022
өлшемі2,15 Mb.
#40283
түріЛекция
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   163
Қан айналу жүйесі ашық. Құршаянның жүрегі ұзын түтік тәрізді, алдыңғы құрсақ бөлімінде ішектің үстінде орналасқан және оның бүйір жағында 7 жұп саңылаулары (остиялары) бар. Басқа өрмекшітәрізділерде жүректің құрылысы біршама қарапайым. Мысалы, өрмекшілерде жүрегі қысқарған, 3-4 жұп остиялары ғана болады, пішеншілерде 1-2, кенелерде 1, ал кенелердің көпшілігінде өте ұсақ болуына байланысты жүрегі тіпті жойылып кеткен.
Жүректің алдыңғы, артқы (құршаяндарда) немесе тек алдыңғы жағынан (өрмекшілерде) қолқа тамырлары шығады. Бұдан басқа кейбір түрлерінде жүректің әрбір камерасының бүйірінен жұп артерия тамырлары тарайды да, олардың соңғы тармақтары үзіліп, гемолимфа лакуна, синус жүйесіне құйылады. Синустардан лакуналардан жиналған гемолимфа жүрек маңы (перикардия) қуысына, одан кейін остиялары арқылы жүрекке құйылады. Өрмекшітәрізділердің гемолимфасының құрамында тыныс алу пигменті - гемоцианин болады.
Нерв жүйесінін құрылысы буылтық құрттардікіне ұқсас, бірақ құрсақ нерв тізбегіндегі ганглиялары бірігіп шоғырланып орналасуға бағытталған.
Миы екі бөлімді: алдыңғы - протоцеребрум (көздерін нервтендіретін) және тритоцеребрум (хелицераларды).
Басқа буынаяқтыларға тән (шаянтәрізділер, көпаяқтылар, насекомдар класы) мидың аралық бөлімі - дейтоцеребрум барлық хелицералыларда жойылған, себебі оларда антенналары жоқ.
Құрсақ нерв ганглияларының тізбегі құршаяндарда сақталған. Оларда жұтқыншақ үсті ганглиясы немесе миы және жұтқыншақ маңы коннективасы бар, ал жұтқыншақ асты ганглиясы баскеуде ганглияларымен бірігіп үлкен түйінге айналған, одан 2-6-шы жұп аяқтарына нервтер таралған, ал құрсақ бөлігі бойында 7 ганглиялар түйіні құрсақ тізбегін құрайды .
Сольпугаларда күрделі баскеуде ганглиясынан басқа құрсақ нерв тізбегінде тағы бір үлкен түйіні болады. Өрмекшілерде бүкіл нерв тізбектеріндегі ганглиялары баскеуде ганглиясына бірігіп кеткен. Пішеншілермен, кенелердің миы мен баскеуде ганглиясының арасында шектелу байқалмайды, сондықтан нерв жүйесі бұларда өңештің айналасында тұтас түйінді нерв сақина жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет