Көбеюі және дамуы. Моногенетикалық сорғыштардың тіршілік циклі иесін және ұрпағын алмастырусыз өтеді. Кластың аталуы да осыдан. Мысал ретінде, тұқы /карп/ балықтардың паразиті - Dactylogyrus vastor-ды алайық. Бұл ұзындығы 1-3 мм, балықтардың желбезектерінде тіршілік етіп, сол жерде қысқа аяқшасы бар жұмыртқаларын салады. Жұмыртқада ұрық дамиды, дамыған соң жұмыртқаны тастап, еркін жүзетін личинкаға айналады. Личинканың алдыңғы бөлімінде екі жұп көзшелері болады, денесі кірпікшелердің бірнеше кең буынды белдеуімен жабылған. Денесінің артқы жағында кейіннен бекіну мүшесіне айналатын эмбриональды ілмешектері болады. Осындай ілмешектері бар артқы бөлімді - церкомер деп атайды. Личинка сол бастапқы балықты немесе басқа особьты зақымдайды.
Моногенейдің басқа өкілі - бақа көпезуінің Polystoma integerrimum-ның тіршілік циклі басқаша. Ол жыныстық жүйесі жетілген сатысында бақаның қуығында өмір сүреді. Көктемде бақалар суға шағылысуға түскенде, Polystoma-ның да жыныстық көбеюі басталады. Құрттар бақаның клоака тесігінен сыртқа шығып, суға ұрықтанған жұмыртқаларын салады. Жұмыртқадан он алты ұсақ ілмегі бар личинка шығады. Личинка итбалықтың желбезегіне бекігенше суда кірпікшелері арқылы еркін жүзіп жүреді, егер иесі табылмаса, личинка өледі. Бекінген соң кірпікшелі жамылғысы түседі, денесінің артқы бөлімінде екі ілмешегі дамып, сорғыштардың түзілуі басталады. Личинка ересек құртқа айналып, жұмыртқа салады. Жұмырткалардан личинкалардың екінші ұрпағы шығады, сол кезде итбалықтың желбезектері жабылып бақаға айнала бастайды, ал полистома личинкалары өлмей, бақа денесінің сыртқы беті арқылы клоакаға миграция жасайды да сол жерден қуыққа өтіп, үш жылдан соң (бақамен қатар) жынысты сатыға жетеді. Polystoma-ның дамуындағы - паразиттің тіршілігі мен кезеңі иесінің тіршілігі және кезеңдерімен тығыз байланысы байқалады. Паразиттің бүкіл тіршілік циклінде эктопаразиттіктен эндопаразиттікке айналу жағдайлары байқалады.
Соңында тағы бір моногенетикалық сорғыш - Gyrodactylus туысына тоқталайық. Өкілдері тірі туатындығымен қызықты. Құрттың жатынында партено-генетикалық жолмен жалғыз ұрық дамиды, осы ұрық туылғанға дейін келесі екінші, үшінші "жас ұрпақтың" ұрығы денесінде түзіледі, соңғысында одан да кіші төртінші ұрпақтың ұрығы пайда болады.
Моногенетикалық сорғыштар - гермафродиттер. Қос жыныстылықтың нәтижесінде олар өзін-өзі ұрықтандырып тұрады. Кейбір түрлерінде гермафродитті жыныс жүйесі болса да, оларда өзін-өзі ұрықтандыруды болдырмайтын әдейі бейімділіктері қалыптасқан. Бұндай бейімділігі бар құрт - Diplozoon paradoxum тұқы балықтардың желбезектерінде тіршілік етед. Паразит әуелде жалғыз тіршілік етсе, кейін екі құрт құрсақ жағындағы ұзын сорғыштарымен бір-бірінің арқа төмпешіктерін орап алып, жұптасып алады. Екі паразит осы қалпында өсіп, бүкіл өмір бойы жұптасып қалады. Жас Diplozoon баска особьпен кездессе ғана ары қарай дами алады. Олар біреуінің аналық жыныс жолдары екіншісінің аталық жыныс жолдарына ашылатындай болып, яғни екі жақты крест тәрізденіп жалғасады. Осының арқасында айқаспалы ұрықтану әдісі жүзеге асады.
Моногенейлердің классификациясы олардың бекіну аппаратының құрылысына негізделген. Қазіргі уақытта Monogenoidea 9 отряд түзетін екі класс тармағына бөлінеді.