Кіріспе лекция Зоология пәні, жануарлар әлемі


Желбезекаяқты шаяндар отряды - Anostraca



бет111/163
Дата26.09.2022
өлшемі2,15 Mb.
#40283
түріЛекция
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   163
Байланысты:
30 ЛЕКЦИЯ омыртқасыздар зоологиясы - копия (1)

Желбезекаяқты шаяндар отряды - Anostraca
Денелері ұзын, гомономды сегменттелген, басы - протоцефалон құрылысты (акрон және антеннальді сегмент), жак сегменттері тұтас бірікпеген, науплиальді және фасеттік көздері бар қарапайым шаянтәрізділер, 11-19 сегментті кеудесінің әрқайсысында орналасқан екі тарамды жапырақтәрізді аяқтарымен қозғалады, тыныс алады және қорегін аузына жеткізеді. Құрсағы 8 - сегментті, аяқтары жоқ, жақсы дамыған айыршамен (furca) аяқталады.
Жүрегі ұзын, көп камералы. Желбезекаяқтылардың 180-ге жуық түрлерінің басым көпшілігі тұщы суларда мекендейді. Негізгі туыстары: Branchipus, Pristocephalus, егістік алқаптарда қар ерігеннен кейін қалатын уакытша су қоймаларында жиі кездеседі. Тек Artemia salina ғана дала және шөлейіт зоналарының ащыланған түзды су қоймалары - лиман, ащы көлдерде мекендейді. Жұмыртқалары сыртқы ортаның қолайсыз жағдайына төзімді келеді, сол арқылы кең таралады. Олар Каспий теңізінде, Еуропа, Азия және Американың теңіз суларында кездеседі. Артемияны адам тамақ үшін және көбінесе балықтардың (бекіре тұқымдастардың шабағына) жемі үшін пайдаланады.
Желбезекаяқтылардың жұмыртқалары арнайы жұмыртқа қапшығына түсіп, кейін суға тасталынады. Олар қолайсыз жағдайларға төзімді және су ағынымен аса қашық жерлерге таралады.
Жапырақаяқты шаяндар отряды - Phyllopoda
Жалпы құрылысы жағынан желбезекаяқты шаяндарға ұқсас, тек бас сегменттері тұтасып біріккен және денесін түгел, не жартылай жауып жатқан жалпақ шатыр немесе қосжақтаулы берік бас қалқаншасы - карапакстың дамуымен ерекше. Кеуде бөлімі көп сегментті, жапырақтәрізді екі тарамды аяқтары тек кеудесінде дамыған, солармен жүзеді, тыныс алады, қорегін аузына қарай жылжытады. Құрсақ сегменттері редукцияға бағытталған, науплиус және фасеттік көздері болады.
Phyllopoda отряды үш отряд тармағына бөлінеді: қалқанды шаяндар Notostraca, бақалшақты жапырақаяқты шаяндар - Conchostraca және бұтақмұртты шаяндар немесе су бүргелері - Cladocera.
Қалқанды шаяндар отряд тармаеы - Notostraca
Карапаксы жалпақ шатыртәрізді қалқанша түрінде дамып, баскеуде бөлімін түгел жапқан. Антеннула мен антенналары өте қысқа, мандибулалары айырықша үшкірленген. Кеудесі көп (40-қа дейін) сегментті, алдыңғы 10 сегменттерінің әрқайсысында жұп аяқтары болады және олардың бірінші және екінші жұбының сезімтал қызметін атқаратын ұзын жіптәрізді өсінділері бар. Қалған кеуде сегменттерінің (11-шіден бастап) әрқайсысында 4-6 жұп аяқтары бо­лады. Бұндай таңқалдырарлық ерекшелік басқа буынаяқтыларда кездеспейді. Сонымен, кеуде аяқтарының жалпы саны 70-ке дейін. Құрсағында аяқтары жоқ, соңғы сегменті жақсы дамыған екі ұзын сезімтал талшықтары бар айыршамен аяқталады.
Қалқандылар су түбін қопарып, су ластанған кезде, оның ішіндегі детрит кесектерімен және ұсақ жануарлармен қоректенеді. Қорек барлық аяқтарының шайнағыш өсінділерінің көмегімен ұсталынып, аяқтарының арасындағы құрсақ ойысшасы бойымен ауызға қарай тасымалданады. Қалқандылар партеногенез жолымен көбейеді: популяциядағы 1000 аналығына ең көп дегенде 10 аталығы сәйкес келеді. Қалқандылар ұсақ, жақсы жылынатын тұщы су қоймаларында мекендейді және жиі аяқ астынан көп мөлшерде қатты жаңбырлардан кейін жиналған суларда дамып шығады. Жұмыртқалары желбезекаяқтылардікіндей, кебуге, тоңазуға төзімді және желмен ұшып таралады.
Notostraca-ның 9 туысы белгілі. Негізгі өкілі: көктемгі щитень - (Lepiduras apus), 12 мм-re дейін өседі, өмір бойы жануар 17 рет түлейді. Кәдімгі щитень -(Triops cancrifomis), ipi - 7,5 см-ге дейін жетеді .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет