Кіріспе лекция Зоология пәні, жануарлар әлемі



бет118/163
Дата26.09.2022
өлшемі2,15 Mb.
#40283
түріЛекция
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   163
Ас қорту жүйесі. Аузы басының алдыңғы ұшының төменгі жағында орналасқан, кейбір түрлерінде аузы ұзарып тұмсық түзеді. Ал, жыртқыш түрлерінде басының алдыңғы ұшы одан да бетер ұзарып жиырылатын және қорегін астауда атыла алатын бұлшықеті тұмсықшаға айналған.
Зәр шығару жүйесі. Бауыраяқты моллюскаладың бір жұп бүйрегінен көп жағдайда тек сол жақ бүйрегі жақсы дамып сақталады. Екі бүйрегі алдыңғыжелбезектілер класс тармағының төменгі сатыдағы түрлерінде бар, бірақ оның біреуі екіншісіне қарағанда нашар дамыған. Бүйрек, ол түрі өзгерген целомодукт, оның бір ұшы кірпікшелі воронка түрінде перикардия немесе целом қуысымен жалғасады да соңғы ұшымен мантия қуысына ашылады.
Тыныс алу жүйесі. Бауыраяқтылардың көпшілігі желбезекпен тыныс алады. Алғашқы немесе нағыз желбезектер—ктенидиялар жұп мүше ретінде мантия қуысында орналасады. Құрылысы бүйіржүйкелілердікі сияқты. Көптеген түрлерінде ол бос ұшына қарай сүйірленген созыңқы қос қауырсынды өсінді түрінде болады. әрбір ктенияда екі қатар күлтелі осьтік жалпайған бағанадан тұрады. Сонымен қатар, ктенидияда ерекше сезім мүшесі—осфрадиялары бар. Алғашқысында ктенидиялар бір жұп болады, бірақ бауыраяқтылар денесінің оң жағы дамымай қалуына байланысты оң жақ ктенидия семіп, жансызданып қалады.
Қан айналу жүйесі. Бауыраяқтылардың жақсы дамыған жүрегі артқы ішектің үстінде орналасып перикардия (целомның қалдығы) қуысында жатады. Бауыраяқты моллюскалардың алуан түрлі жүйелік топтарында орталық мүшенің, яғни жүректің құрылысы әр түрлі болады. Мысалы, Prosobranchia класс тармағының төменгі сатыдағы түрлерінде жүрегі симметриялы болып, қарыншадан және екі жүрекшеден тұрады. Бірақ, олардың оң жақ желбезектері жансызданып қалуына байланысты жүректе оң жақ жүрекшенің жойылуын білдіреді. Алдыңғыжелбектілердің (Prosobranchia) кейбір түрлерінде оң жақ жүрекшелері кішірейіп, тұйық біткен. Сонымен қатар, жүректің орналасуы да біршама өзгереді, яғни қызмет атқаратын жүрекше қарыншаның алдында орналасады. Жоғарғы сатыдағы бауыраяқтыларда тек сол жақ жүрекшесі сақталып, оң жақ жүрекшесі толығымен жойылған. Алдыңғыжелбезектілер мен өкпелілерде сол жақ жүрекше қарыншаның алдыңғы, ал артқыжелбезектілерде қарыншаның артқы жағында орналасқан күйінде қалады, осы екі жағдайда да жүрек артқы ішектің үстінде жатады.
Жүректің негізгі қызметі қан тамырлар жүйесіне қанды айдау. Қан тамырлары құрлысы мен қызметіне қарай бірнеше топтарға бөлінеді. Бауыраяқты моллюскалардың қан айналу жүйесі ашық типті, яғни қан тамырлары үзіліп қан дене қуысына құйылады. Қан айналымын қарастырсақ, жүректің қарынша бөлімінен ірі қолқа басталып ол кейін екіге—дененің алдыңғы жағына бағытталған бас қолқасына және артқы жағына бағытталған—ішкі қолқасына бөлінеді. Қолқадан артериялар тарайды. Өкпелі моллюскалардың артериялары бірте-бірте капилярларға ауысады. Соңында, қан тамырлары үзіліп, қан дәнекер клеткаларынан құралған ішкі орта тканьның ұсақ түтікшелеріне немесе лакуналарына құйылады да, оттегінен айырылып біртіндеп ірі венозды лакунаға жиналады. Осыдан, қан желбезекке немесе өкпеге өтіп, онда тотығып, енді оттектенген артериальді қан жүрекке құйылады. Бауыраяқтылардың қаны түссіз, құрамында амебоцит қан түйіршіктері бар. Кейде қанда гемоглобинге ұқсас заттар болады, ал кейбір түрлерінде қанда белок қосылыстарының болатындығы анықталған.
Нерв жүйесі. Бауыраяқтылардың нерв жүйесі шашыранды—түйінді (ганглияды) түрінде жақсы дамыған, тек төменгі сатыдағы түрлерінде ганглияларынашар жетілген немесе мүлде болмайды. Мұндай жағдайда нерв клеткалары нерв бағаналар бойымен орналасады. Эволюция барысында нерв клеткалары біртіндеп жиналып дене бойында түйіндерді немесе ганглияларды құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет